+214 бонус

КАРТАН 1г/10 мл №10 фл д/приёма внутрь

4290 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левокарнитин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Греция
  • Өндіруші: Демо С.А. Фармасьютикал Индастри
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді зат - левокарнитин 100 мг, қосымша заттар: сорбитол ерітіндісі 70 %, метилпарабен Е-218 (метилгидроксибензоат), натрий сахарині, натрий цитраты дигидраты (сусыз натрий цитратына баламалы), апельсин хош иістендіргіші, хлорсутек қышқылы және/немесе натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- жаңа туған нәрестелерде, балаларда, жасөспірімдерде және ересектерде левокарнитиннің бастапқы және салдарлы тапшылығы.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
Оңтайлы дозаны анықтау үшін қан плазмасындағы және несептегі бос және ацилді L-карнитин деңгейін өлшеу арқылы емді бақылау ұсынылады. Доза зат алмасудағы туа біткен ауытқуларға және емдеу кезеңіндегі ауырлық дәрежесіне байланысты. Туа біткен генетикалық ауруға байланысты левокарнитиннің бастапқы және салдарлы тапшылығы Жасына және дене салмағына байланысты тәуліктік пероральді доза: 0-ден 2 жасқа дейін дене салмағына 150 мг/кг, 2-ден 6 жасқа дейін дене салмағына 100 мг/кг, 6-дан 12 жасқа дейін дене салмағына 75 мг/кг, 12 жастан бастап және ересектерге аурудың ауырлығына және дәрігердің ұсынымдарына байланысты 2-ден 4 г-ға дейін ұсынылады. Гемодиализ кезіндегі левокарнитиннің салдарлы тапшылығы тәулігіне 2-ден 4 г-ға дейін. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Дозаны өзгерту және басқа сақтандыру шаралары қажет емес. Клиникалық зерттеулерде байқалған қауіпсіздік бейіні егде жастағы паиенттер мен жас пациенттерде ұқсас. Бүйрек  жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге левокарнитиннің жоғары дозаларымен ұзақ мерзімді пероральді емдеуді тағайындауға болмайды, себебі бұл триметиламин (TMA) және триметиламин-N-тотығының (TMAТ) потенциалды уытты метаболиттерінің жиналуына әкелуі мүмкін Диабетке шалдыққан пациенттер Инсулин немесе глюкозаның утилизациясын жақсартатын пероральді гипогликемиялық препараттар қабылдайтын қант диабетімен ауыратын пациенттерге левокарнитинді қолдану гипогликемияға әкелуі мүмкін. Сондықтан пациенттердің бұл санатында гипогликемиялық емдеуді уақтылы түзету үшін қан плазмасындағы глюкоза деңгейін үнемі бақылап отыру керек. Енгізу әдісі мен жолы Тек сұйылтылғаннан кейін ғана ішу керек. Қолданар алдында препараттың бір реттік дозасы бір стақан салқындатылған қайнаған суда сұйылтылады. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.