+288 бонус

КАРНИЛЕВ 200 мг/1 мл 5 мл №5 амп

5760 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левокарнитин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Греция
  • Өндіруші: СПЕЙ МЕДИКАЛ ЛТД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында белсенді зат - 200 мг левокарнитин, қосымша заттар: сұйылтылған хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- ересектер, балалар, оның ішінде сәбилер мен жаңа туған нәрестелердегі бастапқы және салдарлы левокарнитин тапшылығында - гемодиализде ұзақ болған және мынадай жағдайлары бар терминалдық сатыдағы бүйрек аурулары бар ересек пациенттердегі левокарнитиннің салдарлы тапшылығында: тұрақты айқын бұлшықет түйілулері бұлшықет әлсіздігі және/немесе атрофия және бұлшықеттің бұзылуы тойып тамақтанбаудан туындаған бұлшықет салмағының жоғалуы диализ кезіндегі қан қысымының төмендеу симптомдары өмір сапасының энергия жеткіліксіздігімен байланысты төмендеуі жүрек ырғағының бұзылуының және/немесе созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелетін жүрек бұлшықетінің аурулары емдеуден нәтиже болмаған жағдайда немесе эритропоэтиннің үлкен мөлшерін талап ететін организмнен шығарылу бұзылуының салдарынан қандағы уытты заттардың жиналуынан туындаған қан аздығы.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
Дозасы
Карнилев препаратын тағайындауға дейін қан плазмасында карнитин деңгейін өлшеу ұсынылады. Одан әрі оңтайлы дозасын анықтау үшін қан плазмасы мен несепте бос және байланысқан левокарнитин деңгейін өлшеп, емді бақылап отыру ұсынылады. Байланысқан левокарнитиннің қан плазмасындағы бос левокарнитин деңгейіне арақатынасы 0,35 аспауы қажет, ал қан плазмасындағы бос левокарнитин деңгейі 35-60 ммоль/л болуы тиіс. Жаңа туған нәрестелер, балалар мен жасөспірімдер, ересектер Бастапқы және салдарлы карнитин тапшылығында препараттың қажетті дозасы зат алмасу бұзылуының клиникалық көрінуі мен айқындылығына байланысты болады. Карнилев, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді препаратын вена ішіне баяу (2-3 минут бойы) енгізу ұсынылады. Жедел декомпенсация жағдайында препаратты тәулігіне 100 мг/кг дозада тағайындайды, тәуліктік дозаны 3-4 енгізуге бөледі. Қажет болғанда препаратты анағұрлым жоғары дозада қолдануға болады, алайда бұл қолайсыз жағымсыз реакциялар (әсіресе сұйық нәжіс) дамуының жоғары қаупімен байланысты. Гемодиализде жүрген пациенттердің салдарлы карнитин тапшылығы Байланысқан левокарнитиннің қан плазмасындағы 0,4 аспайтын бос левокарнитин деңгейіне арақатынасы кезінде болжамдалады, ал қан плазмасындағы бос левокарнитин деңгейі 20 мкмоль /л қарағанда төмен. Венаішілік сорғалатып диализдің әрбір емшарасының соңында (шамамен аптасына үш рет) енгізілуі қажет ұсынылатын доза 20 мг/кг. Венаішілік емдеудің ұзақтығы үш айдан аспауы тиіс (бұл әдетте бұлшықеттік бос карнитиннің қалыпты деңгейін қалпына келтіруге қажет болатын уақыт). Жалпы реакцияны байланысқан левокарнитиннің бос карнитинге және пациенттің симптоматикасы динамикасының арақатынасына бақылау жүргізу негізінде бағалау керек. Карнитинді тоқтату кезінде карнитин деңгейінің үдемелі төмендеуі байқалады. Емнің қайталау курсының қажеттілігін тұрақты уақыт аралығымен және пациенттің симптомдары динамикасын ескере отырып, қан плазмасында карнитин деңгейін өлшеу арқылы айқындауға болады. Гемодиализ кезіндегі демеуші ем Емдеуді Карнилев, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді препаратын көктамыр ішіне енгізуден бастаған дұрыс. Демеуші емді Карнилев, ішілетін ерітінді препаратымен күніне 1 г дозада жүргізу ұсынылады, оны диализдің әрбір сеансынан кейін қабылдау қажет. Енгізу әдісі мен жолы Карнилев, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді вена ішіне енгізуге арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.