+87 бонус

КАРЛОН 10мг N60 таб

1750 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эналаприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 5 мг, 10 мг эналаприл малеаты, қосымша заттар: сусыз лактоза, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза РН 102, аэросил 200, натрий гидрокарбонаты, магний стеараты.
Қолданылуы
- артериялық гипертензия кезіндегі емдеу - симптомдары болатын жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі емдеу - сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясымен (сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясы ≤ 35%) симптомдары болатын жүрек жеткіліксіздігінің профилактикасы
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - басқа АӨФ тежегіштеріне аса жоғары сезімталдық - анамнездегі ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерін қолданудан кейін туындайтын тұқым қуалайтын немесе ангионевроздық ісіну - ангионевроздық ісінудің жоғары даму қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану - бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйректің бүйректік артерия стенозы - жүктілік және бала емізу кезеңі - балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Артериялық гипертензия Бастапқы дoзa артериялық гипертензияның ауырлық дәрежесіне және пациенттің жай-күйіне қарай 5 мг-ден бастап ең жоғары 20 мг дейін құрайды. Жеңіл дәрежедегі артериялық гипeртензияда ұсынылатын бастапқы доза 5-10 мг құрайды. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің айқын белсенділенуі болатын пациенттерде (мысалы, реноваскулярлық артериялық гипертензия, oргaнизмдe тұздар және/немесе сұйықтық, жүрек қызметінің декомпенсацияcы немесе ауыр артериялық гипeртензия кезінде) емдеудің басында артериялық қысымның шамадан тыс түсіп кетуі орын алуы мүмкін. Осындай пациенттерді емдеуді 5 мг немесе одан төмен дозадан, сондай-ақ мұқият дәрігерлік қадағалаумен бастауға кеңес беріледі. Эналаприлмен емдеудің басында артериялық гипотония қауіптілігі болатын диуретиктермен жоғары дозаларда алдыңғы емдеу кезінде гиповолемия дамуы мүмкін. Осындай пациенттерді емдеуді 5 мг немесе одан төмен дозадан бастауға кеңес беріледі. Мүмкіндік болса, препаратпен емдеуді бастар алдында диуретиктерді 2-3 күн тоқтату керек. Бүйрек функциясын және сарысудағы калий деңгейін бақылау ұсынылады. Әдеттегі демеуші доза тәулігіне 20 мг құрайды. Ең жоғары демеуші дoза тәулігіне 40 мг құрайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы Креатинин клиренсі мл/мин Бастапқы доза мг/күн Қалыпты бүйрек функциясы 80 мл/мин 5мг БЖ жеңіл дәрежесі 80 30 мл/мин 5 мг – 10 мг Орташа және ауыр дәрежедегі БЖ 30 мл/мин 2.5 мг Диализдік ем ≤ 10 мл/мин Диализ жүргізілген күндері 2.5 мг Гемодиализ кезінде Диализдік емде жүрген пациенттерге диализ жүргізілген күндері 2.5 мг эналаприл ұсынылады, ал диализ жүргізуден бос күндері препаратты артериялық қысымды бақылай отырып, қабылдау керек. Жүрек жеткіліксіздігі / сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясы Симптомдық жүрек жеткіліксіздігін емдеу кезінде Карлон® диуретиктерге және, қажет болса, дигиталис немесе бета-адреноблокаторларға қосымша пайдаланылады. Карлон® бастапқы дозасы симптомдық жүрек жеткіліксіздігі немесе сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясы бар пациенттерде 2,5 мг құрайды, ал ол емдеудің басында препараттың артериялық қысымға ықпалын анықтау үшін мұқият дәрігерлік қадағалаумен басталу керек. Егер Карлон® препаратымен жүрек жеткіліксіздігін емдеу басталған соң симптомдық артериялық гипотония туындамаса немесе ол жоғалып кетсе, дозаны 20 мг құрайтын жалпы қабылданған демеуші дoзаға дейін біртіндеп арттыру керек. Демеуші дoзаны бір рет қабылдауға есептеуге немесе жағымдылығына қарай екі қабылдауға бөлуге болады. Дозаны осылай титрлеуді 2-4 апта ішінде жүргізу ұсынылады. Тәулігіне 40 мг құрайтын ең жоғары дoза екі қабылдауға бөлінеді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.