+107 бонус

КАРДУРА 2 мг №30 таб

2150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Доксазозин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Пфайзер Мануфактуринг Дойчланд ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында Кардура® 2 мг таблеткалар белсенді зат - 2,43 мг доксазозин мезилаты, 2,00 мг доксазозинге баламалы, Кардура® 4 мг таблеткалар белсенді зат - 4,85 мг доксазозин мезилаты, 4,00 мг доксазозинге баламалы, қосымша заттар: натрий крахмалы гликоляты, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты.
Қолданылуы
Кардура® препараты құрамында «альфа-блокатор» деп аталатын доксазозин мезилаты бар рецептуралық препарат болып табылады. Кардура® препараты емдеу үшін қолданылады: ағзалармен байланысты емес жоғары артериялық қысым (эссенциальді артериялық гипертензия).
Қарсы көрсетілімдер
Кардура® препаратын келесі жағдайларда қабылдамаңыз егер Сізде доксазозинге, хиназолиннің басқа туындыларына немесе Кардура® препаратының құрамына кіретін және «Қосымша мәліметтер» бөлімінде атап көрсетілген кез келген басқа қосымша компоненттерге аллергия болса; егер Сіз қазіргі уақытта немесе одан бұрын артериялық қысымның төмен болуына (ортостатикалық гипотензия) байланысты жатқанда немесе отырғанда бас айналу немесе естен айырылу сияқты проблемалар туындаса; егер Сізде қуық асты безінің қатерсіз ұлғаюы (простатикалық гиперплазия) болса, сонымен қатар жоғарғы несеп шығару жолдарының обструкциясы, созылмалы несеп шығару жолдарының инфекциясы немесе қуықта тастап болса.
Дозасы
Кардура® препаратын артериялық қысымды бақылау үшін монотерапия ретінде қолдануға болады. Кардура® сондай-ақ артериялық қысымды төмендететін басқа дәрілік препаратқа, мысалы, тиазидті диуретикке, бета-блокаторға, кальций антагонисіне немесе ангиотензин өзгертетін фермент тежегішіне қосымша, артериялық қысымы бір препараттың көмегімен талапқа сай бақылауға келмейтін пациенттерде қолданылуы мүмкін. Басқа тағайындаулар болмаған кезде ұсынылатын доза: емдеудің басында - күніне бір рет 1 мг доксазозин. Осы мақсатта 1 мг және 2 мг дозада доксазозин таблеткалары да шығарылады. 1-2 аптадан кейін әсеріне байланысты доза қажетіне қарай тәулігіне бір рет 2 мг доксазозинге (Кардура® 4 мг препаратының ½ таблеткасы), содан кейін тәулігіне бір рет 4 мг доксазозинге (Кардура ® 4 мг препаратының 1 таблеткасы), содан кейін тәулігіне бір рет 8 мг доксазозинге (Кардура ® 4 мг препаратының 2 таблеткасы) дейін (демеуші ем кезінде орташа тәуліктік доза: тәулігіне бір рет 2-4 мг доксазозин) дейін ұлғайтылуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза 16 мг доксазозинді құрайды. Кардура® препаратымен емді бастау үшін келесі дозалау режимі ұсынылады: 1 мг доксазозин таңертең 1-ден 8-ге дейін. 2 мг доксазозин таңертең 9-дан 14-ке дейін. Бұдан әрі қажетті демеуші дозаны жеке түзету керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер үшін ересек пациенттерде қолданылатын әдеттегі доза ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ересек пациенттерде қолданылатын әдеттегі доза ұсынылады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Доксазозинді бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге аса сақтықпен тағайындау керек. Тәжірибенің жеткіліксіздігіне байланысты бұл препаратты қолдану бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ұсынылмайды («Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз). Енгізу әдісі мен жолы Таблеткаларды ішке қабылдап, жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішіңіз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.