+108 бонус

Кардиоприл 10мг №20таб

2160 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фозиноприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 10.0 мг және 20.0 мг натрий фозиноприлі қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз лактоза, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, натрий стеарил фумараты
Қолданылуы
Артериялық гипертензия: Кардиоприл® артериялық гипертензияны емдеуге арналған. Кардиоприлдің® өзін бөлек те, гипертензияға қарсы басқа да дәрілермен біріктіріп те қолдануға болады. Кардиоприл® таблеткалары мен бір мезгілде қолданылатын диуретиктердің гипертензияға қарсы әсерлері шамамен аддитивті болып табылады. Жүрек жеткіліксіздігі: Кардиоприл® жүрек жеткіліксіздігін гипертензияға қарсы басқа агенттермен біріктіріп емдеуге арналған; әсіресе диуретикпен біріктіру орынды.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе АӨФ тежегіштеріне және препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық, соның ішінде, анамнездегі, басқа АӨФ тежегіштерін қабылдаудан кейінгі ангионевроздық ісіну кардиогендік шок бүйрек артериясының стенозы (бір бүйрегі бар пациенттерде, екі жақты немесе бір жақты) сакубитрил/валсартанмен бір мезгілде қабылдау қант диабеті және/немесе бүйрек функциясының бұзылуы (шумақтық сүзіліс жылдамдығы < 60 мл/мин/1,73 м2) пациенттерде алискиренмен және құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғарылығына байланысты, бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану анурия подагра электролиттер теңгерімінің айқын бұзылулары жүктілік, лактация кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Дозасы
Дозалану режимі Артериялық гипертензия Диуретиктерді қабылдамаған артериялық гипертензиясы бар пациенттер: Препараттың ұсынылатын бастапқы дозасы күніне бір рет 10 мг құрайды. Дозасын артериялық қысым төмендеуінің динамикасына байланысты жекелей таңдау қажет. Әдеттегі дозасы күніне бір рет 10-нан 40 мг дейінді құрайды. Жеткілікті гипотензиялық әсері болмаған жағдайда, қосымша диуретиктерді тағайындауға болады. Қазіргі уақытта диуретиктерді қабылдап жүрген, артериялық гипертензиясы бар (немесе айналымдағы сұйықтық көлемі төмендеген) пациенттер: Шамадан тыс гипотензиялық жауап қаупін азайту үшін диуретикті Кардиоприлмен® емдеу басталғанға дейін бірнеше күн бұрын тоқтату керек. Егер 4 апта емдеуден кейін артериялық қысым жеткіліксіз бақыланса, диуретиктерді қабылдау қайта басталуы мүмкін. Балама ретінде, егер диуретикалық емді тоқтату мүмкін болмаса, онда Кардиоприл® препаратының бастапқы дозасы бірнеше сағат бойы мұқият дәрігерлік бақылаумен және артериялық қысым тұрақтанғанға дейін 10 мг-ден аспауы тиіс. Кардиоприлді® құрамында калий бар препараттармен немесе калий жинақтаушы диуретиктермен бір мезгілде қабылдау сарысудағы калий деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Жүрек жеткіліксіздігі Ұсынылатын бастапқы дозасы күніне бір рет 10 мг құрайды. Егер препараттың бастапқы дозасы жақсы көтерімді болса, дозаны клиникалық жауабына байланысты күніне бір рет 40 мг дейінгі апталық аралықпен титрлеуге болады. Кардиоприлді® диуретикпен біріктіріп қолдану ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде организмнен фозиноприлаттың жалпы клиренсі бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге қарағанда шамамен 50% баяу жүреді. Өтпен шығарылуы, кем дегенде, бүйрекпен шығарылуының төмендеуін ішінара өтейтіндіктен, әртүрлі дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде организмнен натрий фозиноприлінің клиренсі айтарлықтай ерекшеленбейді. Емдеуді 5-10 мг дозада бастаған жөн, алайда бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ерекше сақ болу ұсынылады. Содан кейін емге жауабына қарай дозаны қажетті емдік әсерге жеткенше титрлеу керек. Жүректің іркілісті жеткіліксіздігі және бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде, бүйрек функциясын жиі анықтауды қоса, мұқият клиникалық бақылау кезінде пациенттің жүрек жеткіліксіздігін бақылау үшін дозасына кейіннен түзетулер жүргізілуі тиіс. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Емдеуді 10 мг дозадан бастау керек. Гидролиз жылдамдығы баяуласа да, гидролиздің айқындығы бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде елеулі азаймады. Бұл топтағы пациенттерде бүйрек арқылы шығарылуының компенсаторлық ұлғаюымен фозиноприлаттың бауырлық клиренсінің азайғанына дәлелдер анықталған жоқ. Енгізу әдісі және жолы Кардиоприл® препараты ішке қабылдауға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.