+99 бонус

КАРДИЛОПИН 2, 5 мг №30 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
1980 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амлодипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: ЗАО "Фармацевтический завод ЭГИС"
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың/капсуланың/ампуланың құрамында белсенді зат - 2.5мг, 5мг, 10мг амлодипин (тиісінше 3.475мг, 6.95мг, 13.90мг амлодипин бесилатына баламалы), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмал гликоляты (А типі), магний стеараты, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы.
Қолданылуы
- артериялық гипертензияда - созылмалы тұрақты стенокардияда - вазоспазмдық стенокардияда (Принцметал стенокардиясы).
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа, дигидропиридиндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ауыр артериялық гипотензия - шок (кардиогендік шокты қоса) - миокард инфарктісінен кейін гемодинамикалық тұрақты емес жүрек жеткіліксіздігі - сол жақ қарыншаның шығу жолындағы обструкция (мысалы, аортаның клиникалық елеулі стенозы) - 6 жасқа дейінгі балалық жас (қолдану туралы деректер жоқ)
Дозасы
Ересектер Артериялық гипертензия мен стенокардияны емдеу кезінде ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне бір рет 5 мг құрайды. Пациенттің реакциясын ескере отырып, бастапқы доза тәулігіне бір рет ең жоғары 10 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде Кардилопин препаратын тиазидті диуретиктермен, альфа-адреноблокаторлармен, бета-адреноблокаторлармен немесе ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерімен (АӨФт) біріктіріп қолдануға болады. Стенокардия кезінде Кардилопин препараты монотерапия ретінде немесе нитраттармен және/немесе бета-блокаторлармен емдеуге жауап бермейтін пациенттерде стенокардияны емдеуге арналған басқа препараттармен біріктірілімде тағайындалуы мүмкін. Кардилопин препаратынің дозасын оны тиазидті диуретиктермен, бета-адреноблокаторлармен және АӨФт-мен бір мезгілде қолданған жағдайда өзгерту қажет емес. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттерде қолдану Егде жастағы пациенттер жас пациенттерге тағайындалған дозадағы Кардилопин препаратын жақсы қабылдады. Егде жастағы пациенттерге препаратты әдеттегі ұсынылған дозаларда тағайындайды, алайда дозаны арттырған кезде сақ болу керек. Балалар Артериялық гипертензиясы бар 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне бір рет 2.5 мг құрайды. Егер артериялық қысымның мақсатты мәніне 4 апта емдегеннен кейін қол жеткізілмесе, дозаны тәулігіне бір рет 5 мг дейін арттыруға болады. Балаларда күніне 5 мг асатын дозаларды қолдану туралы деректер жоқ. 6 жасқа дейінгі балалар Препаратты 6 жастан кіші балаларда қолдану туралы деректер жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылу дәрежесі бар пациенттерде дозалау бойынша ұсынымдар жоқ, сондықтан дозаны таңдау сақтықты талап етеді. Емдеудің басында ең төмен 2.5 мг дозаны тағайындау керек. Амлодипин фармакокинетикасы бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде зерттелмеген. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде амлодипинмен емдеуді ең төмен дозалардан бастап, кейіннен дозаны баяу титрлей отырған жөн. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану Плазмадағы амлодипин концентрациясының өзгеруі бүйрек функциясының бұзылу дәрежесімен байланысты емес, сондықтан әдеттегі дозалау режимі ұсынылады. Амлодипин гемодиализ кезінде шығарылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішуге арналған таблеткалар. Таблеткаларды тамақтануға қарамастан, стақан сумен іше отырып, тәуліктің белгілі бір уақытында қабылдау керек. Кардилопин препаратын грейпфрут шырынымен қабылдауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.