+1020 бонус

КАРБОПЛАТИН САНДОЗ Лиофилизат д/пригот. р-ра д/внутривенного введения 150 мг № 1

20400 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Карбоплатин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Австрия
  • Өндіруші: ФАРЕВА Унтерах ГмбХ
Нұсқаулық
Құрамы
1 құты препараттың құрамында белсенді зат – 150 мг карбоплатин, қосымша заттар: инъекцияға арналған су, азот1 1 Бос кеңістікті толтыру үшін қысым астындағы орта және инертті газ ретінде
Қолданылуы
Карбоплатин келесі қатерлі жаңа түзілімдерді жеке немесе біріктіріп емдеуге арналған: аналық без ісігі, өкпенің ұсақ жасушалы карциномасы, ЛОР- аумағының ісіктері, жатыр мойнының обыры. ЛОР-аумағы карциномасының монотерапиясы сәулелік терапиямен бірге жүргізілуі керек. Қуық обырында карбоплатин тек басқа цитостатиктермен біріктірілімде көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
- карбоплатинге немесе құрамында платина бар басқа қосындыларға жоғары сезімталдық - бүйрек функцияларының айқын бұзылулары (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) - айқын миелосупрессия - ауқымды қан кетулер - инфекциялық аурулар - жүктілік және бала емізу кезеңі - сары безгек вакцинасымен бір мезгілде қолдану
Дозасы
Карбоплатин Сандоз® препараты монотерапия түрінде де, сондай-ақ ісікке қарсы басқа препараттармен бірге де қолданылуы мүмкін. Препарат вена ішіне мынадай дозалау режимдерінде енгізіледі: - 15-60 минуттың ішінде вена ішіне тамшылатып 300-400 мг/м2; - 5 күн ішінде 15-60 минутта вена ішіне тамшылатып 100 мг/м2. Карбоплатин Сандоз® препаратын енгізуді қанның 100000 жасуша/мм3 кем емес тромбоциттер және қанның 2000 жасуша/мм3 кем емес нейтрофильдер көрсеткіштерінде 4 аптадан кем емес аралықпен қайталайды. Карбоплатин Сандоз® препаратын қолдануға дейін немесе кейін сұйықтық енгізу, сондай-ақ қарқынды диурез талап етілмейді. Сүйек кемігі немесе бүйрек функциясы жағдайына байланысты Карбоплатин Сандоз® препаратының емдік дозасы мынадай ретпен түзетілуі мүмкін: Қауіп факторлары бар науқастарға, мысалы, миелосупрессивтік ем жүргізілгеннен кейін немесе төмен функциональдық статуста (ECOG-Zubrod 2-4 немесе Карновский бойынша көрсеткіш 80 пайыздан кем) бастапқы доза 20-25 кемітілуі тиіс. - 65 жастан үлкен науқастарға бастапқы және кейінгі дозаны түзету талап етілуі мүмкін. - Орташа немесе ауыр гематологиялық улану симптомдары байқалатын пациенттер үшін (яғни, тромбоциттер мен нейтрофильдер саны 50000 және 500/мм3 кем тиісінше) дозаны төмендету мүмкіндігін - монотерапия кезіндегідей де, емдеудің араластырылған сызбалары түрінде де - 25 кеміту мүмкіндігін қарастыру керек. - Бүйрек функциясы бұзылған науқастарға (креатинин клиренсі 60 мл/мин кем) ауыр миелосупрессия өршуінің жоғары қаупіне байланысты Карбоплатин Сандоз® препаратының дозасын мынадай түрде төмендетеді: Креатининнің бастапқы клиренсі Карбоплатин Сандоз® препаратының ұсынылған дозасы 41-59 мл/мин 250 мг/м2 16-40 мл/мин 200 мг/м2 Дозалау жөніндегі жоғарыда келтірілген ұсынымдардың бәрі де емдеудің бастапқы курсына жатады. Кейінгі дозаны препаратты науқастың көтере алуына және миелосупрессияның өршуіне байланысты түзету керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.