+80 бонус

КАПТОПРИЛ ШТАДА 25 мг №30 таб

1610 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Каптоприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Штада Арцнаймиттель АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 12,5 мг, 25 мг немесе 50 мг каптоприл, қосымша заттар: лактоза моногидраты, желатинделген жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы.
Қолданылуы
Каптоприл ШТАДА® препараты: артериялық гипертензия; жеңіл және орташа артериялық гипертензияны емдеу үшін қолданылады. Ауыр артериялық гипертензияда оны стандартты терапия тиімсіз немесе қолайсыз болған жағдайда қолдану керек. диуретиктермен және қажет болған жағдайда жүрек гликозидтерімен және бета-блокаторлармен біріктірілімдегі қарыншалардың систолалық функциясының төмендеуімен созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде; - Каптоприлдің тәулігіне 100 мг-ден жоғары дозасын қабылдап жүрген пациенттерде, сондай-ақ каптоприлді диуретиктермен біріктіріп немесе диуретиктерсіз қабылдап жүрген пациенттерде ауыр созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде каптоприлді қолдану маманның қатаң бақылауымен жүргізілуі керек. миокард инфарктісінде: - қысқа мерзімді (4 апта) емдеу: препарат миокард инфарктісінің жедел сатысының алғашқы 24 сағатында клиникалық тұрақты түрде көрсетілген; клиникалық айқын жүрек жеткіліксіздігінің ұзақ профилактикасы: препарат сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясы бар (лықсу фракциясы ≤ 40%) клиникалық тұрғыдан тұрақты пациенттерге қолдануға көрсетілген; Миокард инфарктісінен кейін каптоприл өмір сүруді жақсартуға, симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігінің басталуын кешіктіруге, жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызу жиілігін төмендетуге, сондай-ақ миокард инфарктісінің қайталану қаупін азайтуға және коронарлық реваскуляризация процедураларын жүргізу қажеттілігіне арналған. Терапияны бастамас бұрын жүрек қызметін радионуклидті вентрикулография немесе эхокардиография көмегімен бағалау керек. Каптоприл макропротеинуриямен көріністелетін диабеттік нефропатия дамыған I типті қант диабетімен ауыратын пациенттерге көрсетілген. Каптоприл инсулинге тәуелді диабетиктерге макропротеинуриялық диабеттік нефропатияны (микроальбуминурия тәулігіне 30 мг-ден астам) емдеу үшін ұсынылады. Каптоприлді қолдану бүйрек жеткіліксіздігі үдеуінің алдын алады және диализ, бүйрек трансплантациясы және өлім сияқты клиникалық оқиғалардың жиілігін азайтады. Каптоприлді монотерапия ретінде де, басқа гипертензияға қарсы препараттармен біріктірілімде де қолдануға болады.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа, анамнездегі басқа ангиотензин өзгертетін фермент тежегішіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық анамнездегі АӨФ тежегішімен жүргізілген алдыңғы еммен астасқан ангионевроздық ісіну тұқым қуалайтын / идиопатиялық ангионевроздық ісіну жүктіліктің екінші және үшінші триместрі бала емізу кезеңі қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (шумақтық сүзіліс жылдамдығы (ШСЖ) < 60 мл/мин/1,73 м2) Каптоприл ШТАДА® препаратын және құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілген ангионевроздық ісінудің жоғары даму қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил / валсартан бар препараттармен) бір мезгілде қолдану тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бүйрек артериясының стенозы (бір ғана бүйрегі бар пациентердегі екі жақты немесе біржақты) 6 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Дозасы
Каптоприл ШТАДА® препаратының дозасы пациенттің жай-күйіне және артериялық қысымның деңгейіне және емге жауабына қарай әркімге жеке таңдалады. Ұсынылатын ең жоғары доза 150 мг құрайды. Каптоприлді тамақтанар алдында, тамақтану кезінде және одан кейін қабылдауға болады. Артериялық гипертензия Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 2 рет 25-50 мг құрайды. Дозаны кем дегенде 2 апта аралықпен, көзделген артериялық қысымға жетуге қажетті екі дозаға бөлінген тәулігіне 100-150 мг дейін біртіндеп арттыруға болады. Каптоприлді монотерапия ретінде немесе гипертензияға қарсы басқа препараттармен, әсіресе, тиазидті диуретиктермен біріктірілімде пайдалануға болады. Тиазидті диуретиктер сияқты қатарлас гипертензияға қарсы препараттарды қосу кезінде күніне бір рет дозалау режимі жеткілікті болуы мүмкін. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі өте белсенді (гиповолемия, реноваскулярлы гипертензия, жүрек декомпенсациясы) пациенттерде 6,25 мг немесе 12,5 мг бір реттік дозадан бастаған дұрыс. Осындай емді мұқият дәрігердің қадағалаумен бастаған дұрыс. Бұл дозалар әрі қарай тәулігіне екі рет қабылданады. Дозаны тәулігіне бір немесе екі қабылданатын 50 мг дейін, ал қажет болса, бір немесе екі қабылдауға тәулігіне 100 мг дейін біртіндеп көбейтуге болады. Жүрек жеткіліксіздігі Каптоприлмен жүрек жеткіліксіздігін емдеуді мұқият дәрігердің қадағалаумен бастау керек. Әдеттегі старттық доза – тәулігіне екі немесе үш рет 6,25 мг немесе 12,5 мг. Демеуші дозаны титрлеу (тәулігіне 75-150 мг) емге жауабы, клиникалық статусы мен препараттың жағымдылығы негізінде екі қабылдауға бөлінген тәулігіне ең жоғары 150 мг дозаға дейін жүргізілуі тиіс. Емге жауабын бағалау үшін дозаны, кем дегенде, 2 апта аралықпен біртіндеп арттыру керек. Миокард инфарктісі: Қысқа мерзімді ем: каптоприлмен емді стационарда тұрақты гемодинамикасы бар пациенттерде белгілер және/немесе симптомдар пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ерте бастаған дұрыс. Препарат 6,25 мг тестілеу дозасында тағайындалады, 2 сағаттан кейін препаратты 12,5 мг дозада, содан кейін 12 сағаттан кейін − 25 мг дозада тағайындайды. Келесі күннен бастап каптоприлді жағымсыз гемодинамикалық реакциялар болмаған кезде 4 апта бойы 2 қабылдауда тәулігіне 100 мг дозада қабылдау керек. 4 аптадан кейін пациенттің жағдайын қайта бағалау керек және инфарктен кейінгі кезеңде тағайындалған емді жалғастыру туралы шешім қабылдау қажет. Ұзақ мерзімді ем: егер каптоприлмен емдеу миокард инфарктісінің жедел сатысының бастапқы 24 сағаты ішінде басталмаса, қажетті ем жағдайларына қол жеткізілген сәттен бастап (тұрақты гемодинамика және кез келген қалдық ишемияны емдеу) инфаркттан кейінгі 3-ші және 16-шы күндер аралығындағы кезеңде емдеуді бастау ұсынылады. Емді стационарда тәулігіне 75 мг дозаға жеткен сәтке дейін қатаң бақылаумен (әсіресе артериялық қысымды) бастау керек. Препараттың бастапқы дозасы, әсіресе емнің бас кезінде пациентте қалыпты немесе төмен артериялық қысым болса төмен болуы керек. Емді 6,25 мг дозадан бастаған дұрыс, осыдан кейін препаратты 2 күн ішінде тәулігіне 3 рет 12,5 мг дозада тағайындайды, кейін жағымсыз гемодинамикалық әсерлер болмаған кезде дозаны тәулігіне 3 рет 25 мг дейін арттырады. Ұзақ емдеу бойы тиімді кардиопротекция үшін ұсынылатын доза тәулігіне 75–150 мг, 2 немесе 3 қабылдауды құрайды. Жүрек жеткіліксіздігіндегідей симптоматикалық гипотензия дамыған жағдайда, каптоприлдің тұрақты дозасына қол жеткізу мақсатында диуретиктердің және/немесе басқа бір мезгілде қабылданатын тамыр кеңейтетін препараттардың дозасын азайтуға болады. Қажет болған жағдайда каптоприл дозасын пациенттің клиникалық реакцияларына сәйкес түзету керек. Каптоприлді миокард инфарктісін емдеу үшін қолданылатын басқа препараттармен, мысалы, тромболитикалық препараттармен, бета-блокаторлармен және ацетилсалицил қышқылымен біріктірілімде тағайындауға болады. I типті қант диабеті бар пациенттердегі диабеттік нефропатия Каптоприлдің ұсынылатын дозасы 2 немесе 3 қабылдауға бөлінген тәулігіне 75-100 мг құрайды. Артериялық қысымды қосымша төмендету қажет болған жағдайда каптоприлді басқа гипертензияға қарсы препараттармен, диуретиктермен, бета-блокаторлармен, орталық әсер ететін препараттармен немесе монотерапия жүргізгенде артериялық қысымды талапқа сай бақылау мүмкін болмаған жағдайда, вазодилататорлармен біріктіруге болады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Каптоприлдің тиімділігі мен қауіпсіздігі толық анықталмаған. Балалар мен жасөспірімдерде каптоприлді қолдануды дәрігердің қатаң бақылауымен бастау керек. Каптоприлдің бастапқы дозасы дене салмағының кг шамамен 0,3 мг құрайды. Арнайы сақтық шараларын қажет ететін пациенттер үшін (бүйрек функциясы жасы үлкенірек балалар мен ересектердегідей болмайтындығына байланысты бүйрек функциясының бұзылуы бар балалар, шала туылған нәрестелер, жаңа туған нәрестелер мен сәбилер) препараттың бастапқы дозасы дене салмағына 0,15 мг/кг болуы керек. Салмақ әдетте, балаларға каптоприл тәулігіне 3 рет беріледі, бірақ дозасы мен дозалау аралығы емге жауабына сәйкес жеке реттелуі керек. Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан) Ұсынылған бастапқы доза тәулігіне 2 рет 6,25 мг құрайды, өйткені осы топтағы пациенттерде бүйрек функциясының бұзылуы мүмкін және басқа ағзалық дисфункциялар болуы мүмкін. Жеткілікті бақылауға қол жеткізу үшін дозаны артериялық қысымның деңгейіне және емге жауабына байланысты титрлеу және мүмкіндігінше неғұрлым төменірек дозада демеу қажет. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен пациенттер Каптоприл негізінен бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде доза төмендетілуі немесе дозалау аралығы ұлғайтылуы тиіс. Диуретиктермен қатарлас ем қажет болған жағдайда, ауыр бүйрек бұзылуы бар пациенттерде тиазидті диуретиктерге қарағанда ілмектік диуретиктер (мысалы, фуросемид) қолайлы болып табылады. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде каптоприлдің жинақталуын болдырмау үшін келесі тәуліктік дозалар ұсынылады: Креатинин клиренсі (мл/мин/1,73 м2) Бастапқы тәуліктік доза (мг) Ең жоғары тәуліктік доза (мг) >40 21-40 10-20 <10 25-50 25 12,5 6,25 150 100 75 37,5 Енгізу әдісі және жолы Таблеткалар ішке қабылданады. Каптоприл ШТАДА® тамақтануға дейін, кезінде және тамақтанудан кейін қабылдануы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.