+106 бонус

КАПТОПРИЛ Н 50/25 мг №30 таб Вива Фарм

2130 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Каптоприл в комбинации с диуретиками
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО ВИВА ФАРМ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 50 мг каптоприл және 25 мг гидрохлоротиазид, қосымша заттар: желатинделген крахмал, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, стеарин қышқылы, магний стеараты.
Қолданылуы
Артериялық қысымы бір дозаларда енгізілетін жекелеген препараттармен тиісті түрде бақыланбайтын пациенттерде жеңіл және орташа дәрежедегі артериялық гипертензияны емдеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
каптоприлге немесе басқа АӨФ тежегіштеріне, сондай-ақ гидрохлоротиазидке немесе сульфонамид туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жүктілік кезеңі (II және III триместр) осының алдында АӨФ тежегішімен емдеуге байланысты ангионевроздық ісіну тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин <30 мл/мин) бауырдың ауыр жеткіліксіздігі қант диабеті немесе бүйректің орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар (ШСЖ <60 мл/мин/1.73 м2) пациенттерде каптоприлді құрамында алискирен бар препараттармен біріктірілімде қолдану сакубитрил/валсартанмен бір мезгілде қолдану. Каптоприл Н ВИВА ФАРМ сакубитрил/валсартанның соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 36 сағаттан ерте бастауға болмайды тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер Әдетте демеуші доза күніне бір рет 50 мг/25 мг құрайды. Артериялық қысымы тек каптоприлмен немесе тек гидрохлоротиазидпен талапқа сай бақыланбайтын пациенттерде препаратты ас ішумен немесе онсыз бір реттік тәуліктік доза ретінде қабылдауға немесе екі тәуліктік дозаға бөлуге болады. Ең жоғары тәуліктік доза 50 мг каптоприлден және 25 мг гидрохлоротиазидтен аспауы керек. Егер қан қысымының қанағаттанарлық төмендеуіне қол жеткізілмесе, қосымша гипертензияға қарсы препараттарды қосуға болады. Ересектер Каптоприл мен гидрохлоротиазидтің бекітілген біріктірілімін қолдану, әдетте, жекелеген компоненттердің көмегімен дозаны түзеткеннен кейін ұсынылады. Әдеттегі демеуші доза күніне бір рет таңертең 50 мг/25 мг құрайды. Клиникалық тұрғыдан мақсатқа сай болғанда, монотерапиядан бекітілген біріктірілімге тікелей ауысуды қарастыруға болады. Егде жастағылар Су-электролиттік алмасу бұзылған пациенттерде, егде жастағыларда, қант диабетімен ауыратын науқастарда бастапқы доза тәулігіне бір рет 25/12.5 мг құрайды. Педиатриялық популяция Қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Бүйрек жеткіліксіздігі Креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден 80 мл-ге дейін болғанда бастапқы доза әдетте тәулігіне бір рет таңертең 25/12.5 мг құрайды. Каптоприл/гидрохлоротиазид комбинациясы ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) бар пациенттерде қарсы көрсетілімде.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.