+3 бонус

КАПТОПРИЛ-АКОС 25 мг №20 таб

75 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Каптоприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ПАО Синтез
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді заттар: каптоприл (құрғақ затқа шаққанда) 25 мг; қосымша заттар: магний стеараты, лактоза моногидраты, тальк, микрокристалды целлюлоза, коллоидты кремнийдің қостотығы, кросповидон.
Қолданылуы
– Артериялық гипертензия. – Iркілісті жүрек жеткіліксіздігі, диуретиктермен және қажет болғанда оймақгүл препараттарымен және бета-блокаторлармен біріктірілімде. – Миокард инфарктісі: қысқа мерзімді (4 апта) емдеу үшін тұрақты жағдайдағы пациенттерге миокард инфарктісінен кейін 24 сағат ішінде каптоприлді тағайындауға болады; симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігінің ұзақ мерзімді профилактикасы үшін препарат клиникалық айқын жүрек жеткіліксіздігінің пайда болу жиілігін төмендету, өміршеңдікті арттыру және жүректің созылмалы жеткіліксіздігі себебінен ауруханаға жатқызу жиілігін төмендету үшін сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясы (лықсу фракциясы ≤ 40%) бар клиникалық тұрақты жағдайдағы пациенттерге көрсетілді. I типті қант диабетіндегі диабеттік нефропатия: каптоприл инсулинге тәуелді қант диабетіндегі диабеттік нефропатияны емдеу үшін қолданылады (микроальбуминурия тәулігіне 30 мг-нан асады). Каптоприл бүйрек жеткіліксіздігінің үдеуін болдырмайды және диализ, бүйрек трансплантациясы және өлім сияқты қатар клиникалық құбылыстардың даму қаупін азайтады. Каптоприлді жеке немесе басқа гипертензияға қарсы дәрілермен бірге қолдануға болады.
Қарсы көрсетілімдер
Қолдануға болмайтын жағдайлар: – әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық; – басқа АӨФ тежегіштерін қабылдаумен байланысты анамнезіндегі ангионевроздық ісіну; – тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну; – жүктіліктің екінші және үшінші триместрі; – құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану қант диабеті немесе орташа/ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілген (ШСЖ <60 мл/мин/1.73 м2); – бала емізу кезеңі; – балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер; – тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар. Сакубитрилмен/валсартанмен бір мезгілде қолдану. Каптоприл қабылдау сакубитрил/валсартанның соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 36 сағаттан ерте бастауға болмайды.
Дозасы
КАПТОПРИЛ-АКОС препаратының дозалау режимі пациенттің ерекшеліктерін және артериялық қысым тарапынан реакцияны ескере отырып, әр адамға жекелей белгіленеді. Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік доза 150 мг. КАПТОПРИЛ-АКОС, 25 мг таблеткалар бөлінбейді. Егер КАПТОПРИЛ-АКОС дәрілік препаратын азырақ дозада тағайындау қажет болса, басқа өндірушінің дәрілік препаратын қолдану ұсынылады. Артериялық гипертензия Каптоприлмен емдеу пациенттің қажеттіліктеріне сәйкес титрленуі керек ең төменгі тиімді дозада жүргізілуі керек. Ұсынылатын бастапқы доза екі қабылдауға күніне 25-50 мг құрайды. Дозаны біртіндеп, кем дегенде 2 апта аралықпен, мақсатты артериялық қысымға жету үшін қажет болғанда екі бөлікке бөлінген дозада күніне 100-150 мг-ға дейін арттыруға болады. КАПТОПРИЛ-АКОС препаратын өз бетімен қолданады немесе басқа гипертензияға қарсы дәрілермен, көбінесе тиазидтік диуретиктермен біріктіреді. Тиазидтік диуретиктермен бірлескен гипертензияға қарсы терапия кезінде тәулігіне бір рет қабылдау жеткілікті. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) айқын белсенділігі (реноваскулярлық гипертензия, гиповолемия, жүрек жеткіліксіздігі). Емдеуді дәрігердің қатаң бақылауымен 6.25 мг немесе 12.5 мг бір реттік дозадан бастау керек. Әрі қарай, бұл дозалар тәулігіне 2 қабылдауға тағайындалады. Дозаны бір немесе екі қабылдауға тәулігіне 50 мг-ға дейін, ал қажет болғанда бір немесе екі қабылдауға тәулігіне 100 мг-ға дейін арттыруға болады. Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі Емдеуді мұқият медициналық бақылаудан бастау керек. Бастапқы доза тәулігіне екі-үш рет 6.25-12.5 мг құрайды. Демеуші дозада титрлеу (күніне 75 - 150 мг) пациенттің емге реакциясына, клиникалық жағдайына және көтере алуына негізделуі тиіс. Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік доза бірнеше рет қабылданатын 150 мг құрайды. Пациенттің емге деген реакциясын бағалау үшін дозаны біртіндеп, кем дегенде 2 апта аралықпен арттыру керек. Миокард инфарктісі қысқа мерзімді емдеу: стационарда КАПТОПРИЛ-АКОС препаратымен емдеу тұрақты гемодинамикасы бар пациенттерде белгілер және/немесе симптомдар пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше тезірек басталуы тиіс. 6.25 мг сынама дозаны енгізу керек, содан кейін 2 сағаттан соң 12.5 мг дозаны, ал 12 сағаттан соң 25 мг дозаны енгізу керек. Жағымсыз гемодинамикалық реакциялар нақты болмаған жағдайда 4 апта ішінде күніне екі қабылдауға 100мг КАПТОПРИЛ-АКОС қабылдау қажет. Емдеудің 4 аптасынан кейін пациенттің жағдайы қайта бағаланып, инфаркттен кейінгі кезеңде ауруды жалғастыру және емдеу туралы шешім қабылдануы керек. ұзақ мерзімді емдеу: егер емдеу жедел миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде басталмаса, онда клиникалық тұрақты пациенттерді емдеу инфаркттен кейінгі 3-16 күн аралығында, емдеу үшін қажетті жағдайларға қол жеткізілгеннен кейін басталады деп болжанады (тұрақты гемодинамика және қалдық ишемияны басу). Емдеу артериялық қысымды мұқият мониторингтеумен 75 мг дозаға жеткенше стационарда басталуы тиіс. Бастапқы доза, әсіресе, егер пациентте артериялық қысымы қалыпты немесе төмен болса, төмен болуы тиіс. Емдеуді 6,25 мг дозадан бастау керек, одан кейін 2 күн бойы тәулігіне 12,5 мг, ал одан соң, егер бұл жағымсыз гемодинамикалық реакциялардың болмауын растаса, күніне 3 рет 25 мг. Ұзақ емдеу кезіндегі тиімді кардиопротекция үшін ұсынылатын доза тәулігіне екі-үш қабылдауға 75-150 мг құрайды. Симптоматикалық гипотензия жағдайында диуретиктер және/немесе бір мезгілде қолданылатын вазодилататорлар дозасын каптоприлдің тұрақты дозасына жету мақсатында азайтуға болады. Қажет болса, емдеу сызбасын пациенттің клиникалық реакциясына қарай түзетеді. Каптоприлді миокард инфарктісін емдеуге арналған басқа дәрілермен, атап айтқанда, тромболизистік дәрілермен, бета-блокаторлармен және ацетилсалицил қышқылымен бірге қолдануға болады. Диабеттік нефропатия I типті қант диабетімен науқастарда: диабеттік нефропатия кезінде I типті қант диабеті бар науқастарда ұсынылатын тәуліктік КАПТОПРИЛ-АКОС дозасы 2-3 қабылдауға бөлінген 75-100 мг. Егер артериялық қысымды қосымша төмендету қажет болып тұрса, гипертензияға қарсы қосымша препараттарды (диуретиктер, бета-блокаторлар, орталық әсер ететін гипертензияға қарсы препараттар, вазодилататорлар) қосуға болады. Бүйрек функциясының бұзылуы Каптоприл негізінен бүйрек арқылы шығарылады, дозаны азайту керек және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозалау аралығын ұзарту керек. Егер қатарлас диуретикалық терапия қажет болса, онда ілмектік диуретиктер (мысалы, фуросемид) дұрысырақ болады, тиазидтік диуретиктерден аулақ болу керек. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде КАПТОПРИЛ-АКОС препаратының дозаларын түзетудің ұсынылатын сызбасы

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.