+7 бонус

КАПТОПРИЛ 25 мг №40 таб БЗМП

150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Каптоприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: ОАО БЗМП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Қолданылуы
Каптоприл-Боримед препараты 18 жастан бастап ересектерде қолдануға арналған: - артериялық гипертензия, оның ішінде реноваскулярлық (асқынбаған гипертонустық кризді қоса); - созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (біріктіріп емдеу құрамында); - жедел миокард инфарктісі: клиникалық тұрақты жағдайда инфаркт болған сәттен бастап алғашқы 24 сағат ішінде; - клиникалық тұрақты жағдайда миокард инфарктісінен кейін сол жақ қарыншаның дисфункциясы (сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы ≤ 40 %) клиникалық айқын жүрек жеткіліксіздігінің туындау жиілігін төмендетуге, өміршеңдікті арттыруға және созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызу жиілігін төмендетуге арналған; - 1 типті қант диабеті аясында диабеттік нефропатия (альбуминурияда тәулігіне 30 мг-ден астам).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа және басқа да АӨФ тежегіштеріне немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық; - АӨФ тежегіштерін қабылдауға байланысты анамнездегі ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі) және тұқым қуалайтын/идиопатиялық ангионевроздық ісіну; - бауыр және/немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары; - рефрактерлік гиперкалиемия; - бүйрек артериясының екі жақты стенозы, үдемелі азотемиясы бар жалғыз бүйрек артериясының стенозы; - бүйрек трансплантациясынан кейінгі жағдай; - аорта сағасының стенозы және сол жақ қарыншадан қан ағымын қиындататын ұқсас өзгерістер; - қант диабеті және/немесе бүйрек функциясының орташа немесе ауыр бұзылулары бар пациенттерде алискиренмен және құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану (шумақтық сүзу жылдамдығы (ШСЖ) 60 мл/мин/1,73 м2-ден аз дене беткейінің ауданы); - диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен (АРА II) бір мезгілде қолдану; - ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғары болуына байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану; - жүктілік және бала емізу кезеңі; - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (тиімділік пен қауіпсіздік анықталмаған); -тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар.
Дозасы
Артериялық гипертензия, оның ішінде реноваскулярлық Каптоприл-Боримед тәулігіне 2 рет 12,5 мг бастапқы дозада тағайындалады. Қажет болған кезде дозаны біртіндеп (2-4 апта аралықпен) оңтайлы әсерге жеткенге дейін арттырады. Артериялық гипертензияның жеңіл және орташа дәрежесі кезінде каптоприлдің әдеттегі демеуші дозасы тәулігіне 2 рет 25 мг құрайды; ең жоғары дозасы тәулігіне 2 рет 50 мг құрайды. Ауыр артериялық гипертензия кезінде бастапқы доза тәулігіне 2 рет 12,5 мг құрайды. Доза біртіндеп ең жоғары тәуліктік 150 мг дозаға (тәулігіне 3 рет 50 мг) дейін арттады. Каптоприл-Боримедті монотерапияда немесе басқа гипотензивті дәрілік препараттармен (мысалы, тиазидті диуретиктермен) бірге қолдануға болады. Диуретиктерді қабылдайтын пациенттерге каптоприлді дәрігердің бақылауымен аса сақтықпен тағайындау керек. Асқынбаған гипертонустық криз кезінде, Каптоприл-Боримед препараты сублингвальды тағайындалуы мүмкін. Каптоприлдің бастапқы дозасы-25 мг (1 таблетка) құрайды. Таблетканы тілдің астына қойып, оны толығымен ерігенге дейін, жұтпай немесе сумен ішпей ұстау керек. Препаратты қабылдағаннан кейін артериялық қысым мен жүректің жиырылу жиілігінің көрсеткіштерін мұқият бақылау қажет. Препаратты қабылдағаннан кейін 30 минут ішінде артериялық қысым көрсеткіштерінің төмендеуі болмаған жағдайда 25 мг (1 таблетка) Каптоприл-Боримедті сублингвальды түрде қайта қабылдауға болады. Ең жоғары доза - 50 мг (2 таблетка) құрайды. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (біріктірілген емдеудің бөлігі ретінде) Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде каптоприлмен емдеуді мұқият медициналық бақылаудан бастау керек. Көп жағдайда каптоприл диуретиктермен және (егер көрсетілсе) жүрек гликозидтерімен бірге қолданылуы тиіс. Егер каптоприлді тағайындау алдында диуретикалық емдеу жүргізілген болса, онда қандағы натрий мөлшерінің және/немесе айналымдағы қан көлемінің (АҚК) айқын төмендеуін болдырмау қажет. Каптоприлдің бастапқы тәуліктік дозасы тәулігіне 3 рет 6,25 мг (верификацияланған немесе ықтимал гипонатриемиясы және/немесе гиповолемиясы бар пациенттер үшін) немесе тәулігіне 3 рет 12,5 мг құрайды. Одан әрі қарай дозаны жеке жағымдылыққа қарай біртіндеп арттырады (қол жеткізілген клиникалық әсерді бағалау үшін кемінде 2 апта аралықпен). Каптоприлдің орташа демеуші дозасы тәулігіне 2-3 рет 25 мг құрайды. Каптоприлдің ең жоғары дозасы-тәулігіне 150 мг (2-3 дозада). Жедел миокард инфарктісі: клиникалық тұрақты жағдайда инфаркттан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде Жедел миокард инфарктісінде Каптоприл-Боримед препаратымен емдеуді пациенттің клиникалық тұрақты жағдайында мүмкіндігінше тез бастау керек. Препарат 6,25 мг тесттік дозада тағайындалады, 2 сағаттан кейін гемодинамиканың бұзылулары болмаған кезде препарат 12,5 мг дозада, 12 сағаттан кейін препарат 25 мг дозада тағайындалады. Келесі күннен бастап Каптоприл-Боримед препараты 4 апта мерзімге 2 дозада тәулігіне 100 мг дозада тағайындалады. 4 аптадан кейін пациенттің жағдайын және тағайындалған емді қайта бағалау керек. Клиникалық тұрақты жағдайда миокард инфарктісінен кейін сол жақ қарыншаның дисфункциясы (сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы ≤ 40%) Клиникалық тұрақты жағдайдағы пациенттерде каптоприлді қолдану миокард инфарктісінен 3 күн өткен соң басталуы мүмкін. Каптоприлдің бірінші дозасы тәулігіне 1 рет 6,25 мг құрайды. Содан кейін каптоприлдің дозасы тәулігіне 3 рет 12,5 мг-ге дейін артады. Одан әрі қарай каптоприлдің дозасы біртіндеп, бірнеше күн - бірнеше апта ішінде (жағымдылығына байланысты) тәулігіне 75 мг-ге дейін (2-3 дозада), ең жоғары тәуліктік доза 150 мг-ге дейін (тәулігіне 3 рет 50 мг) артады. Каптоприлдің дозасын тәулігіне 75 мг дейін ұлғайтуды стационар жағдайында дәрігерлік бақылаумен жүргізу ұсынылады. I типті қант диабеті аясында диабеттік нефропатия (альбуминурияда тәулігіне 30 мг-ден астам) Каптоприл-Боримед 2-3 қабылдауға бөлумен тәуліктік доза 75-100 мг тағайындалады. I типті қант диабеті, қалыпты АҚ және микроальбуминуриясы бар пациенттерде (альбуминнің шығарылуы тәулігіне 30-300 мг) каптоприлдің тиімді дозасы тәулігіне 2 рет 50 мг құрайды. I типті қант диабеті, қалыпты АҚ және айқын протеинуриясы бар пациенттерде (тәулігіне 500 мг-ден астам несеппен ақуыздың шығарылуы) каптоприлдің тиімді дозасы тәулігіне 3 рет 25 мг құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Диабеттік нефропатияға байланысты емес бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер Каптоприл негізінен бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, бүйрек жеткіліксіздігі кезінде оның шығарылуы бұзылады. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге аз дозаларды қолдану және/немесе дозаны ұлғайту арасындағы ұзағырақ (кемінде 1-2 апта) аралықтарды сақтау арқылы препараттың дозасын аса сақтықпен арттыру қажет. Қажетті емдік әсерге қол жеткізгеннен кейін каптоприлдің демеуші дозасын азайту және/немесе препаратты қабылдау арасындағы аралықты ұлғайту қажет. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде диуретиктермен қосымша ем қажет болған жағдайда тиазидті диуретиктерді емес, «ілмекті» диуретиктерді (мысалы, фуросемид) қолданған жөн. Жеңіл және орташа ауырлық дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуы кезінде (ШСЖ 40 мл/мин/1,73 м2 астам) Каптоприл-Боримедті тәулігіне 75 - 150 мг дозада тағайындауға болады (дозаны түзету қажет емес). Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі кезінде каптоприлдің жинақталуын болдырмау үшін келесі дозалау режимі ұсынылады:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.