+46 бонус

КАПТОПРИЛ 25 мг №30 таб Вива Фарм

930 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Каптоприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО ВИВА ФАРМ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – каптоприл, 25 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы.
Қолданылуы
Артериялық гипертензия: каптоприл жеңіл және орташа дәрежедегі артериялық гипертензияны емдеу үшін көрсетілген. Гипертензияның ауыр дәрежесі кезінде дәрілік затты стандартты терапия тиімсіз немесе орынсыз болған жағдайда қолдану керек. Жүрек жеткіліксіздігі: каптоприл сол жақ қарыншаның систолалық функциясының төмендеуімен созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін көрсетілген. Оны диуретиктермен және қажет болған жағдайда оймақгүл препараттарымен және бета-блокаторлармен бірге қолдануға болады. Күніне 100 мг-нан астам дозаны диуретикпен бірге немесе онсыз қабылдайтын пациенттер, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер немесе жүректің ауыр созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттер маманның бақылауында болуы тиіс. Миокард инфарктісі: - қысқа мерзімді (4 апта) қолдану: каптоприл инфаркттан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде клиникалық тұрақты пациенттер үшін қолданылады; - клиникалық көріністері бар жүрек жеткіліксіздігінің ұзақ мерзімді профилактикасы: өміршеңдікті жақсарту, симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігінің басталуын кешіктіру, жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызу санын азайту және қайталанатын миокард инфарктісін азайту үшін миокард инфарктісінен кейін симптомсыз сол жақ қарыншалық дисфункциясы (лықсыту фракциясы ≤40%) бар клиникалық тұрақты пациенттерге қолданылады. Терапия басталғанға дейін жүрек функциясы радионуклидті вентрикулография немесе эхокардиография арқылы анықталуы тиіс. I типті диабеттік нефропатия: каптоприл диабеттік нефропатияны емдеу үшін көрсетілген (микроальбуминурия тәулігіне 30 мг-нан жоғары). Каптоприл бүйрек жеткіліксіздігі үдеуінің алдын-ала алады және онымен байланысты клиникалық көріністерді, яғни диализді, бүйрек трансплантациясы мен өлімді азайта алады. Каптоприлді жеке немесе басқа гипертензияға қарсы дәрілермен біріктірілімде қолдануға болады.
Қарсы көрсетілімдер
каптоприлге, АӨФ басқа тежегіштеріне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық АӨФ тежегішімен алдында жүргізілген емге байланысты ангионевроздық ісіну тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну қант диабетіне шалдыққан немесе орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде каптоприлді құрамында алискирен бар препараттармен біріктірілімде қолдану (ШСЖ<60 мл/мин /1.73 м2) ангионевроздық ісінудің жоғары даму қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил / валсартан бар препараттармен) бір мезгілде қолдану тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар жүктіліктің екінші және үшінші триместрі лактация кезеңі балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Каптоприл Вива Фарм препаратының дозасын пациенттің жағдайына және артериялық қысым тарапынан реакцияға қарай жеке белгілейді. Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік доза 150 мг құрайды. Артериялық гипертензия Каптоприлмен емдеуді пациенттің қажеттіліктеріне сәйкес титрленуі керек ең аз тиімді дозада жүргізу керек. Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне екі рет 25-50 мг құрайды. Қажет болған жағдайда, артериялық қысымның қажетті деңгейіне қол жеткізу үшін дозаны біртіндеп, кемінде 2 апта аралықпен, тәулігіне 100-150 мг дейін екі қабылдаумен ұлғайтады. Каптоприл өздігінен қолданылады немесе басқа гипертензияға қарсы препараттармен, көбінесе тиазидті диуретиктермен біріктіріледі. Тиазидті диуретиктермен бірлескен гипертензияға қарсы ем кезінде бір реттік тәуліктік қабылдау жеткілікті. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) белсенділігі айқын пациенттер үшін (гиповолемия, реноваскулярлық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі) бір реттік қабылдаудың ұсынылатын дозасы 6,25 мг немесе 12,5 мг құрайды. Емді дәрігердің қатаң бақылауымен бастау керек. Біртіндеп, кем дегенде 2 апта аралықпен доза тәулігіне 50 мг-ға дейін бір немесе екі қабылдауға, ал қажет болған жағдайда, тәулігіне 100 мг-ға дейін бір немесе екі қабылдауға ұлғайтылуы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігі Жүрек жеткіліксіздігін каптоприлмен емдеуді мұқият медициналық бақылаудан бастау керек. Бастапқы доза тәулігіне екі - үш рет 6,25 мг немесе 12,5 мг құрайды. Демеуші дозаға (тәулігіне 75-150 мг) дейін титрлеу пациенттің емге реакциясына, клиникалық жай-күйіне және жағымдылығына негізделуі тиіс. Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік доза бірнеше қабылдауларда 150 мг құрайды. Пациенттің емге реакциясын бағалау мүмкіндігін алу үшін дозаны біртіндеп, кем дегенде 2 апта аралықпен арттыру керек. Миокард инфарктісі қысқа мерзімді емдеу: стационарда Каптоприл Вива Фарм препаратымен емдеу тұрақты гемодинамикасы бар пациенттерде белгілер және/немесе симптомдар пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше тез басталуы тиіс. Сынама дозаны келесідегідей етіп қабылдау қажет - 6,25 мг, содан кейін 2 сағаттан кейін - 12,5 мг және 12 сағаттан кейін - 25 мг. Келесі күннен бастап жағымсыз гемодинамикалық реакциялардың кепілді болмауы кезінде 4 апта ішінде күніне екі рет 100 мг препаратты қабылдау қажет. Емдеудің 4 аптасының соңында пациенттің жағдайы қайтадан бағаланып, инфаркттан кейінгі кезеңде ауруды емдеуді жалғастыру туралы шешім қабылдануы керек. ұзақ мерзімді емдеу: егер каптоприлмен емдеу жедел миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде басталмаса, клиникалық тұрақты пациенттерді емдеу инфаркттан кейінгі 3-тен 16 күнге дейін басталады деп болжанады. Емдеу ауруханада 75 мг дозаға жеткенге дейін артериялық қысымды мұқият бақылау арқылы басталуы керек. Әсіресе пациентте артериялық қысым қалыпты немесе төмен болғанда, бастапқы доза төмен болуы керек. Емдеуді 6,25 мг дозадан, содан кейін 2 күн ішінде тәулігіне үш рет 12,5 мг-ден, ал егер бұл қолайсыз гемодинамикалық реакциялардың болмауымен негізделген болса, тәулігіне үш рет 25 мг-ден бастаған жөн. Ұзақ емдеу кезінде тиімді кардиопротекция үшін ұсынылатын доза екі-үш дозада тәулігіне 75-150 мг құрайды. Симптоматикалық гипотензия жағдайында диуретиктердің және/немесе бір мезгілде қолданылатын вазодилататорлардың дозасы каптоприлдің тұрақты дозасына қол жеткізу мақсатында азайтылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда, емдеу сызбасы пациенттің клиникалық реакцияларына қарай түзетіледі. Каптоприлді миокард инфарктісін емдеу үшін басқа дәрілермен, атап айтқанда тромболитикалық дәрілермен, бета-блокаторлармен және ацетилсалицил қышқылымен бірге қолдануға болады. I типті диабеттік нефропатия I типті диабеттік нефропатияда ұсынылатын тәуліктік доза бірнеше қабылдауларда 75-100 мг құрайды. Каптоприлді басқа гипертензияға қарсы дәрілермен, яғни диуретиктермен, бета-блокаторлармен, орталық әсер ететін препараттармен немесе егер қан қысымын төмендету каптоприл монотерапиясы кезінде талапқа сай болмағанда қан тамырларын кеңейтетін дәрілермен бірге қолдануға болады. Бүйрек функциясының бұзылуы Каптоприл негізінен бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін доза азайтылған, ал дозалау аралығы ұлғайтылған болуы керек. Диуретиктермен қатар емдеу қажет болған кезде, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде тиазидті диуретикті емес, ілмектік диуретикті (мысалы, фуросемид) қолданған жөн. Каптоприлдің жинақталуын болдырмау үшін бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге келесі тәуліктік доза ұсынылуы мүмкін (Кестені қараңыз). Креатинин клиренсі (мл/мин/1,73 м2) Бастапқы тәуліктік доза (мг) Ең жоғары тәуліктік доза (мг) >40 21-40 10-20 <10 25-50 25 12,5 6,25 150 100 75 37,5 Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер үшін, басқа гипертензияға қарсы дәрілерді қабылдаған жағдайдағыдай, пациенттердің осы санатында бүйрек функциясы төмендеуі мүмкін немесе басқа да қатарлас аурулар байқалуы мүмкін болғандықтан, каптоприлмен емдеуді ең аз дозадан (тәулігіне екі рет 6,25 мг) бастау ұсынылады. Дозаны пациенттің реакциясына қарай таңдап алу керек және талапқа сай бақылауға қол жеткізу үшін барынша төмен дозаны ұстау керек. Балалар мен жасөспірімдер Балалар мен жасөспірімдерде каптоприлдің тиімділігі мен қауіпсіздігі толығымен анықталған жоқ. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Каптоприл Вива Фарм препаратын тамақ ішер алдында, кезінде және одан кейін қолдануға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.