+112 бонус

КАПОКСИН 500мг №7 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
2240 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Рекордати Илач Сан. ве Тидж. A.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 512.30 мг левофлоксацин гемигидраты (500 мг левофлоксацинге баламалы), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН102, повидон К-30, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, гидроксипропилметилцеллюлоза 606, полиэтиленгликоль 4000, темірдің сары тотығы, тальк, титанның қостотығы.
Қолданылуы
Капоксин дәрілік препараты ересек пациенттерде келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады: - жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары - созылмалы бактериялық простатит - сібір ойық жарасының өкпедегі түрі: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу Төменде аталған инфекциялар үшін, әдетте, осы инфекциялардың старттық емі ретінде ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілер пайдаланудың мүмкін еместігі негізделген жағдайларда ғана Капоксин препаратын қолдану керек: - жедел бактериялық синусит - бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі - ауруханадан тыс пневмония - терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары - асқынбаған цистит. Сондай-ақ Капоксин препаратын вена ішіне левофлоксацин енгізумен старттық ем жүргізуден кейін жай-күйі жақсаруы байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін қолдануға болады. Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдануға қатысты ресми нұсқаулықтарды қадағалау қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға, сондай-ақ қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - эпилепсиясы бар пациенттер - анамнезінде бұрын фторхинолондар қолданумен байланысты сіңір аурулары бар пациенттер - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Таблеткаларды тәулігіне 1 немесе 2 рет ішке қабылдайды. Дозалау инфекцияның типі мен ауырлығына, сондай-ақ болжамды қоздырғыштың сезімталдығына байланысты. Капоксин препараты вена ішіне левофлоксацин енгізумен старттық ем жүргізуден кейін жақсаруы байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін де қолдануға болады; парентеральді және ішуге арналған түрлерінің биобаламалылығын ескеріп, сол дозаларда пайдалануға болады. Дозалануы Таблеткалардағы Капоксин препараты келесі дозаларда қолдануға ұсынылады: Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде дозалануы (креатинин клиренсі > 50 мл/мин)

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.