+150 бонус

КАНТАБ 16 мг №28 таб

3010 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кандесартан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - кандесартан цилексетилі, 4 мг, 8 мг, 16 мг; қосымша заттар - лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, полиэтиленгликоль 8000 Р, гидроксипропилцеллюлоза L, кальций карбоксиметилцеллюлозасы, темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), магний стеараты.
Қолданылуы
- ересектердегі бастапқы гипертензияны емдеу - 6 -дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердегі артериялық гипертензияны емдеу - ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері жақпайтын кезде жүрек жеткіліксіздігі және сол жақ қарыншаның систолалық функциясының бұзылуы (сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясы ≤ 40%) бар пациенттерді емдеуде немесе минералокортикоидты рецепторлардың антагонистері жақпайтын кезде жүрек жеткіліксіздігі симптомдары бар пациенттерде АӨФ тежегіштеріне қосымша ем ретінде
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және / немесе холестаз - қант диабеті (1 немесе 2 типті) бар немесе орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар ( шумақтық сүзіліс жылдамдығы < 60 мл/мин/1.73 м2) пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен кандесартанды қолдану - 6 жасқа дейінгі балалар - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП) ферментінің тапшылығы, лактаза, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге
Дозасы
Артериялық гипертензия Препараттың ұсынылатын бастапқы және демеуші дозасы тәулігіне бір рет 8 мг құрайды. Артериялық қысымды одан әрі төмендетуді қажет ететін пациенттерге дозаны тәулігіне бір рет32 мг дейін ең жоғары тәуліктік дозамен 16 мг дейін арттыру ұсынылады. Ең жоғары гипертензияға қарсы әсерге емдеу басталғаннан бастап 4 апта ішінде қол жеткізіледі. Егер препаратпен емдеу артериялық қысымды оңтайлы деңгейге дейін түсіруге әкелмеген жағдайда емге тиазидті диуретик қосу ұсынылады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер: Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне бір рет 4 мг құрайды. - дене салмағы <50 кг пациенттер үшін: егер артериялық гипертензияны талапқа сай бақылауға қол жеткізілмесе, доза тәулігіне 1 рет 8 мг дейін барынша ұлғайтылуы мүмкін (8 мг — пациенттердің осы тобы үшін ең жоғары тәуліктік доза); - дене салмағы ≥50 кг балалар мен жасөспірімдер үшін: егер артериялық гипертензияны талапқа сай бақылауға қол жеткізілмесе, доза тәулігіне 1 рет 8 мг дейін, содан кейін қажет болған жағдайда тәулігіне 1 рет 16 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Балалар популяциясында кандесартанды 32 мг астам дозада қолдану зерттелген жоқ. Барынша көп гипертензияға қарсы әсерге емдеу басталғаннан бастап 4 апта ішінде қол жеткізіледі. АҚК төмендеуі мүмкін балалар үшін (мысалы, диуретиктер қабылдайтын пациенттер, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер) кандесартанмен емдеуді мұқият медициналық қадағалаумен бастаған жөн және бас кезінде жоғарыдағыларға қарағанда анағұрлым төмен дозаны тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. Шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) 30 мл/мин/1,73 м2 балаларда кандесартанды қолдану зерттелмеген Қара нәсіл балалары Антигипертензивті әсер басқа нәсілдердің балаларына қарағанда аз дәрежеде байқалады. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге препараттың бастапқы дозасын өзгерту талап етілмейді. Айналымдағы тамырішілік қан көлемінің азаюы бар пациенттер Артериялық гипотензия қаупі бар пациенттер үшін, мысалы, егер айналымдағы қан көлемінің азаюы мүмкін болса, 4 мг бастапқы дозасын қарастыру керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежеде бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препараттың бастапқы тәуліктік дозасы 4 мг құрайды. Қажет болғанда дозаны арттыруға болады. Препаратты бауыр функциясы ауыр бұзылған және/немесе холестазы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге, оның ішінде гемодиализдегі пациенттер үшін кандесартан цилексетилінің бастапқы дозасы 4 мг құрайды. Доза емдеу жауабына байланысты түзетілуі тиіс. Кандесартанды қолдану тәжірибесі бүйрек функциясының өте ауыр бұзылуы бар және терминалдық сатысында бүйрек функциясының бұзылуы бар (креатинин клиренсі 15 мл/мин аз) пациенттерде шектеулі. Этникалық айырмашылықтар Кандесартанның гипертензияға қарсы әсері қара нәсілді емес пациенттерге қарағанда қара нәсілді адамдарда аз байқалады. Бұл пациенттердің осы санатында АҚ оңтайлы бақылауға қол жеткізу үшін дозаны түзету және басқа да қатар жүретін емдеу қажет болуы мүмкін дегенді білдіреді. Жүрек жеткіліксіздігі КАНТАБ® препаратының жүрек жеткіліксіздігінде әдеттегі ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 4 мг құрайды. Қажет болған кезде дозаны тәулігіне бір рет 32 мг нысаналы дозаға дейін (ең жоғары тәуліктік доза) немесе ең жоғары жағымды дозаға дейін арттыруды ағымдағы дозаны 2 аптада бір реттен жиі болмайтын екі еселеу жолымен жүргізу қажет. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің жай-күйін бағалау бүйрек функциясын, оның ішінде сарысулық креатинин мен калий деңгейін бағалауды қамтуы тиіс. КАНТАБ® АӨФ тежегіштерін, бета-блокаторларды, диуретиктерді және оймақгүл (дигиталис) препараттарын қоса, жүрек жеткіліксіздігін емдеуге арналған басқа дәрілік заттармен біріктірілімде, сондай-ақ осы дәрілік заттардың біріктірілімдерімен қолданылуы мүмкін. КАНТАБ® минералокортикоидты рецепторлар антагонистерінің жақпаушылығы кезінде оңтайлы стандартты ем жүргізілуіне қарамастан, жүрек жеткіліксіздігі симптомдары байқалатын пациенттерде АӨФ тежегіштері тобындағы дәрілік заттармен бірге қолданылуы мүмкін. АӨФ тежегіштері, калий сақтайтын диуретиктер (мысалы, спиронолактон) және кандесартан цилексетилі тобынан дәрілік заттардың үштік біріктірілімін қолдану ұсынылмайды және потенциалды пайдасы мен қаупін мұқият бағалағаннан кейін ғана қаралуы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттерде, гиповолемиясы бар пациенттерде, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде немесе жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде бастапқы дозаны түзетудің қажеті жоқ. Балалар Кандесартан цилексетилінің балалар мен жасөспірімдерде (18 жасқа толмаған) жүрек жеткіліксіздігін емдеудегі тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Қолжетімді деректер жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты тамақтануға қарамастан тәулігіне бір рет қабылдау керек. Кандесартанның биожетімділігі тамақтануға байланысты емес

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.