КАНДИФЛАН 150 мг №1 капс

9:00-ден кейін қолжетімді
1270 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: "Vista Pharma"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында: белсенді зат –150 мг флуконазол, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (РН-102), кросповидон (XL-10), лактоза моногидраты, магний стеараты, натрий крахмалы гликоляты (А түрі), натрий лаурилсульфаты, натрий кроскармеллозасы, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы Капсула қабығының құрамы Қақпақшасы: титанның қостотығы (Е171), бриллиантты көк (Е133), натрий лаурилсульфаты, тазартылған су, желатин Корпус: титанның қостотығы (Е171), натрий лаурилсульфаты, тазартылған су, желатин
Қолданылуы
Кандифлан келесі зеңдік инфекцияларда қолданылады. Кандифлан ересектердегі келесі ауруларды емдеу үшін арналған: - криптококкты менингит - кокцидиоидомикоз - инвазиялық кандидоз - шырышты қабықтар кандидозы, оның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты кандидоз - ауыз қуысының гигиенасын сақтау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болған кезде ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін қолданумен байланысты) - қынаптық кандидоз, жедел немесе қайталанатын (жергілікті ем қолданылмаған кезде) - кандидоздық баланит (жергілікті ем қолданылмаған кезде) - дерматомикоздар, оның ішінде табан дерматофитиясы, дене дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, түрлі-түсті теміреткі және терінің кандидозды инфекциялары (жүйелі емдеу көрсетілгенде) тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз) (басқа препараттармен емдеу қолайсыз болған кезде) Кандифлан ересектерде келесі аурулардың профилактикасы үшін көрсетілген: - қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингиттің қайталануы - қайталану қаупі жоғары АИТВ-жұқтырған пациенттерде орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозының қайталануы - қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін төмендету үшін (жылына 4 немесе одан да көп эпизодтар) - ұзақ нейтропениясы бар пациенттерде кандидозды инфекциялардың профилактикасы (мысалы, гемобластозы бар, химиотерапиядан өтіп жатқан пациенттер немесе гемопоэздік дің жасушалары трансплантацияланған пациенттер)
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, тектес азолды қосылыстарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - препаратты көп рет қолданған кезде дәріаралық өзара әрекеттесуді зерттеу нәтижелеріне сәйкес Кандифланды тәулігіне 400 мг немесе одан жоғары дозада көп рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау - QT аралығын ұзартатын және цизаприд, астемизол, пимозид және хинидин мен эритромицин сияқты P-450 CYP3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
Дозасы
Әр түрлі инфекцияларды емдеуге арналған осы препараттың ұсынылған дозалары төменде көрсетілген. Ересектер

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.