КАНДИФИКС 150 мг №1 капс

2640 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Arafarma Group, S.A.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсула құрамында белсенді зат - 150 мг флуконазол, қосымша заттар: лактоза моногидраты, желатинделген крахмал, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий лаурилсульфаты қабықтың құрамы: титанның қостотығы (Е171), желатин.
Қолданылуы
Кандификс препараты ересектердегі келесі ауруларды емдеу үшін қолданылады: – жергілікті емдеу қолайсыз болғанда жедел қынаптық кандидозды; – жергілікті емдеу қолайсыз болғанда кандидозды баланитті. Емдеу өсірінді және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін басталуы мүмкін. Нәтижелерді алғаннан кейін зеңге қарсы емді сәйкесінше түзету керек. Зеңге қарсы дәрілерді тиісті қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтардың ақпаратын ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық флуконазолды күніне 400 мг және одан да көп дозада көп рет қолданғанда терфенадинді бір мезгілде қолдану QT аралығын ұзартатын және цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин және эритромицин сияқты цитохром P450 (CYP) 3A4 ферменті арқылы метаболизденетін басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану.
Дозасы
Ересектер Бір рет 150 мг. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі болмаған кезде әдеттегі ұсынылған дозаларды пайдалану керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Флуконазол негізінен несеппен өзгермеген түрінде шығарылады. Бір рет қолданған кезде дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер туралы деректер шектеулі, сондықтан бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде флуконазолды сақтықпен қолдану керек. Балалар Балалардағы генитальді кандидозды емдеу үшін флуконазолды қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Қазіргі уақытта басқа педиатриялық көрсетілімдер үшін қолжетімді деректер «Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар» бөлімінде сипатталған. Жасөспірімдерде (12 жастан 17 жасқа дейін) генитальді кандидозды емдеу үшін препаратты қолдану қажет болған жағдайда ересектерге арналған дозаны қолдану керек. Енгізу әдісі және жолы Капсулаларды тамақ ішуге қарамастан, тұтастай жұтып, ішке қабылдайды. Дәрігер пациенттің жасына, дене салмағына және дозаға сәйкес ең қолайлы дәрілік түрін және дозалауды тағайындауы керек. Капсулалар сәбилер мен жас балаларға қолдануға арналмаған. Флуконазолдың сұйық пероральді түрлері бар, олар пациенттердің осы тобында қолдануға анағұрлым қолайлы болып келеді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.