+149 бонус

КАНДЕКОР 16 мг №28 таб

2990 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кандесартан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: кандесартан цилексетилі 8 мг, 16 мг немесе 32 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, гидроксипропилцеллюлоза, макрогол 8000, кальций кармеллозасы, темірдің қызыл тотығы (Е172), магний стеараты
Қолданылуы
ересектердегі артериялық гипертензияда 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде гипертонияны емдеуде АӨФ тежегіштеріне қосымша ем ретінде немесе оларға көтере алмаушылық кезінде созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде және сол жақ қарыншаның систолалық функциясының бұзылуында (сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы ≤ 40%).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Артериялық гипертензия Ұсынылатын бастапқы доза және әдеттегі демеуші доза - тәулігіне бір рет 8 мг. Доза тәулігіне 16 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Егер артериялық қысым тәулігіне 16 мг қабылданған 4 апталық емдеуден кейін жеткіліксіз бақыланса, дозаны тәулігіне 32 мг ең жоғары дозаға дейін арттыруға болады. Егер осы дозаны қолдану кезінде артериялық қысымды бақылауға қол жеткізілмесе, баламалы әдістерді қарастыру керек. Ем артериялық қысымның реакциясына сәйкес таңдалуы керек. Гипертензияға қарсы әсерлердің көпшілігіне емдеу басталғаннан бастап 4 апта ішінде қол жеткізіледі. Егер Кандекормен емдеу артериялық қысымның оңтайлы қысымға дейін төмендеуіне әкелмесе, пациентті Кандекордың біріктірілген түрлеріне (кандесартан/гидрохлоротиазид) ауыстыру ұсынылады. Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Айналымдағы қан көлемі төмен пациенттерде ұсынылатын бастапқы дозасы 4 мг құрайды. Гемодиализдегі пациенттерді қоса, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде ұсынылатын бастапқы доза 4 мг құрайды. Доза жауап реакциясына сәйкес таңдалуы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігінің өте ауыр немесе терминальді сатысы бар пациенттерде (креатинин клиренсі <15 мл/мин) қолдану тәжірибесі шектеулі. Бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесі бар пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне бір рет 2 мг құрайды. Дозаны жауап реакциясына сәйкес таңдауға болады. Бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі бар пациенттерде қолдану тәжірибесі жоқ. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі Кандекордың әдеттегі ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 4 мг құрайды. Тәулігіне 32 мг жоспарланған дозаға дейін немесе дозаны екі еселеу жолымен ең жоғары дозаға дейін кемінде 2 апта аралықпен арттыруға жол беріледі. Егде жастағы пациенттер немесе айналымдағы қан көлемі төмен, бүйрек функциясының бұзылуы немесе бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл орташа дәрежесі бар пациенттер үшін бастапқы дозаны таңдау талап етілмейді. Кандекор® АӨФ тежегіштерін, бета-блокаторларды, диуретиктерді, оймақгүл препараттарын немесе осы дәрілік заттардың біріктірілімдерін қамтитын жүрек жеткіліксіздігінің кешенді емінде қолдануға болады. Пациенттердің ерекше топтары Артериялық гипертензия Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Айналымдағы қан көлемі азайған пациенттерде ұсынылатын бастапқы доза 4 мг құрайды. Гемодиализдегі пациенттерді қоса, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы доза 4 мг құрайды. Дозаны пациенттің емге деген реакциясына сәйкес түзету керек. Ауыр немесе терминальді бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин Cl <15 мл/мин) бар пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі. Жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы доза 2 мг құрайды. Дозаны пациенттің жүргізіліп жатқан емге деген реакциясына сәйкес түзету керек. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде емдік тәжірибе жоқ. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі Кандекордың әдеттегі ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 4 мг құрайды. Дозаны тәулігіне бір рет 32 мг нысаналы дозаға немесе ең жоғары көтерілетін дозаға дейін арттыру дозаны кемінде 2 апта аралықпен екі еселеу жолымен жүзеге асырылады. Егде жастағы пациенттер немесе айналымдағы қан көлемінің азаюы, бүйрек жеткіліксіздігі немесе жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін бастапқы дозаны түзету қажеттілігі жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Кандекор® тамақ ішуге қарамастан тәулігіне бір рет қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.