+265 бонус

КАНДАЗОЛ 200 мг №10 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
5300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Глобал Фарм
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат: 200 мг кетоконазол, қосымша заттар: картоп крахмалы, лактоза моногидраты, гидроксипропилцеллюлоза, магний немесе кальций стеараты, кальций карбоксиметилцеллюлозасы.
Қолданылуы
Кетоконазол өмірге қауіп төндіретін жүйелі (терең) микоздарды емдеу үшін ғана қолданылады: – бластомикоз, кокцидиоидомикоз, гистоплазмоз, хромомикоз, паракокцидиомикоз Таблеткаларды гепатоуыттылық қаупіне байланысты тек потенциалды пайдасы ықтимал потенциалды зиянынан басым болған жағдайларда ғана, сондай-ақ кетоконазолдың жергілікті дәрілік түрлерінің және басқа да препараттардың бар екендігін ескере отырып, пайдаланған жөн. Кандазол® препаратын зеңдік менингитте қолдануға болмайды, себебі кетоконазол ми-жұлын сұйықтығына нашар өтеді.
Қарсы көрсетілімдер
- кетоконазолға және/немесе имидазолдың кез келген зеңге қарсы дәрілік затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - бауырдың жедел немесе созылмалы аурулары және/немесе егер бауыр ферменттерінің деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 2 есе жоғары болса - лактоза жақпаушылығы, туа біткен Lapp-лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза/галактоза сіңірілуінің бұзылуы
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Жүйелік микоздарда ересектерге күніне 1 рет 1 таблеткадан тағайындалады, тиімділігі болмаған жағдайда доза 10 күн бойына күніне 2 таблеткаға дейін арттырылуы мүмкін, 10 күннен асатын емдеу курсы емге жауап және бауыр функциясына бақылаудан кейін ғана жалғастырылуы мүмкін. Дозаны қабылдауды өткізіп алған жағдайда оны барынша тезірек қабылдау керек, себебі организмде дәрінің тұрақты мөлшерін ұстап тұру керек. Егер кесте бойынша келесі дозаны қабылдағанға дейін азғана уақыт қалса, екі еселемей тек осындай келесі дозаны қабылдау қажет. Өзге мүмкіндіктері бар ерекше пациенттер Педиатрия 12 жастан кіші балалар үшін кетоконазолдың қауіпсіздігі мен тиімлілігі анықталмаған. Сондықтан 12 жастан кіші балалар үшін дозалау бойынша қандай да бір ұсынымдар берілуі мүмкін емес. 12 жастан асқан жасөспірімдер үшін препарат дозасы ересектердегідей. Егде жастағы пациенттер 65 жастан асқан пациенттер үшін кетоконазолды қолдану бойынша деректер тым шектеулі, алайда, бұл пациенттерге дозаны түзету бойынша айрықша нұсқаулар талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер. Зерттеу деректерінің шектеулілігімен қатар Кетоконазол фармакокинетикасы дені сау пациенттермен салыстырғанда бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін аса ерекшеленбейді және ешқандай ерекше дозаны түзету керек емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер. Кетоконазол жедел немесе созылмалы бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілген.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.