+307 бонус

КАМАГРА 100 мг №4 таб

6140 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Силденафил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Аджанта Фарма Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік заттың құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 100.000 мг силденафилге баламалы 140.500 мг силденафил цитраты қосымша заттар: натрий крахмалының гликоляты (А типі), повидон (P.V.P.K. 30), изоприл спирті1, микрокристалды целлюлоза, тальк, магний стеараты қабық құрамы: Instamoistshield Aqua II A22D20470 жасыл2, тазартылған су1 1 - Өндіріс процесінде жойылады 2 - Құрамына мыналар кіреді: полиэтиленгликоль, бриллиант көк бояғышы, хинолинді сары бояғышы, поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), тальк
Қолданылуы
еркектерде жыныс мүшесінің қанағаттандырарлықтай жыныстық қатынас үшін жеткілікті эрекцияға жету және оны сақтау қабілетсіздігімен байқалатын эректильді функцияның бұзылуын емдеу үшін Камагра 100 әсерінің дамуы үшін сексуалды стимуляция қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- силденафилге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - органикалық нитраттар азот тотығының донаторлары (амилнитрит сияқты) болып табылатын препараттарды немесе кез келген түрдегі нитраттарды бір мезгілде қабылдауға болмайды, өйткені силденафил NO/цГМФ метаболизмі жолына әсер етеді және нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтеді - силденафилді қоса, ФДЭ-5 тежегіштерін риоцигуат сияқты гуанилатциклазаның стимуляторларымен бірге енгізуге болмайды, себебі ол симптоматикалық гипотензияға әкелуі мүмкін - ауыр жүрек қантамырлық аурулар (тұрақты емес стенокардия, ауыр жүрек жеткіліксіздігі) - көру жүйкесінің артериялық емес генездегі (NAION) алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатиялары салдарынан бір көздің көрмей қалуы (ол ФДЭ5 тежегіштерін қабылдаумен байланысты болуы немесе болмауына байланыссыз) - бауырдың ауыр зақымдануы - артериялық гипотензия (артериялық қысым (АҚ) <90/50 мм с. б.) - жуырда өткерген миокард инфарктісі немесе инсульт - торқабықтың анықталған туа біткен дегенеративті аурулары (пигментті ретинит, ретинальді фосфодиэстеразалардың туа біткен ақаулары) - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Тіркелген көрсетілімдері бойынша препарат әйелдерде қолдануға арналмаған.
Дозасы
Асқынуларды болдырмас үшін, қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен қолдану керек! Ішке қабылдауға арналған. Ұсынылатын дозасы қажеттілігіне қарай, болжамданған жыныстық қатынастан шамамен 1 сағат бұрын қолданылатын 50 мг құрайды. Тиімділігіне және жағымдылығына қарай, дозаны 100 мг-ге дейін арттыруға немесе 25 мг-ге дейін төмендетуге болады. Камагра 100 тамақпен бірге қабылданған кезде, препараттың әсері ашқарынға қабылдағанға қарағанда кейінірек дамуы мүмкін. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозаны өзгерту қажет емес (≥ 65 жас). Балалар Камагра 100-ді балаларда қолдануға болмайды (<18 жас). Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің айқын зақымдануымен пациенттерде (креатинин клиренсі <30 мл/мин) силденафилдің клиренсі төмендейтін болғандықтан, ұсынылатын доза 25 мг құрайды. Препараттың тиімділігі мен көтерімділігіне байланысты дозаны 50 мг немесе 100 мг дейін жоғарылатуға болады. Бүйректің жеңіл және орташа дәрежесіндегі зақымдануында (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозаны түзету қажет етілмейді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың зақымдануымен пациенттерде (мысалы, цирроз) ұсынылатын доза 25 мг құрайды. Препараттың тиімділігі және көтерімділігіне байланысты дозаны 50 мг немесе 100 мг дейін арттыруға болады. Камагра 100-ді басқа дәрілік препараттарды қабылдау аясында қолдану Силденафилмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайтын ритонавирді қоспағанда, CYP3A4 тежегіштерін бір мезгілде қабылдайтын тұлғаларға Камагра 100-ді бастапқы 25 мг дозада қолдануға болады. Альфа-адреноблокаторлармен емдеуде постуральді артериялық гипотензияның даму мүмкіндігін азайту үшін, Камагра 100-ді қабылдауды бастар алдында тұрақты жағдайға қол жеткізу керек. Бастапқы доза 25 мг құрауы керек. Емдеу ұзақтығы Ең жоғары ұсынылатын доза – 100 мг құрайды. Қабылдаудың ең жоғары ұсынылатын жиілігі – тәулігіне 1 рет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.