+783 бонус

Калия Магния Аспарагинат 500 мл фл

9:00-ден кейін қолжетімді
15660 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Берлин-Хеми АГ
Нұсқаулық
Құрамы
1 л ерітіндінің құрамында белсенді заттар - калий гидроксиді1 3, 854 г, жеңіл магний тотығы 1,116 г, DL-аспарагин қышқылы 15,160 г қосымша заттар: ксилитол 16,700 г, инъекцияға арналған су 1 - 85 % құрамына сәйкес мөлшері Электролиттер: калий - 58.4 ммоль, магний - 27.7 ммоль
Қолданылуы
төмендегі ауруларда біріктірілген емдеу құрамында калий мен магний тапшылығын жою үшін: - жүректің ишемиялық ауруында, соның ішінде жедел миокард инфарктісінде - жүрек жеткіліксіздігінде - жүрек ырғағының бұзылуында, соның ішінде жүрек гликозидтерімен артық дозаланудан туындаған аритмияларда
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бүйрек функциясының ауыр бұзылулары - гиперкалиемия - гипермагниемия - гемолиз - олигурия-анурия - бүйрекүсті безі қыртыстарының жеткіліксіздігі - шығу тегі кез келген шок - жедел метаболизмдік ацидоз - дегидратация - нормокалиемиядағы жоғары дәрежедегі АВ-блокада - Myasthenia gravis (магний препараттарын қабылдағанда сақ болу) - калийдің тежелуімен қатар жүретін ем - артериялық гипотензия - Аддисон ауруы
Дозасы
Дозаны жекелей және көрсетілімдері бойынша таңдау керек. Егер басқаша тағайындалмаса, онда мыналар ұсынылады: Тәулігіне 500 мл инфузиялық ерітіндіден 1-2 инфузия. Ең жоғары енгізу жылдамдығы: сағатына дене салмағының 5 мл/кг (минутына 15-45 тамшыға баламалы). Берлин-Хеми Калий және магний аспарагинатын вена ішіне енгізу баяу жүзеге асырылуы тиіс, себебі олай болмағанда баста ысыну сезімі және вена жақтауларының тітіркенуі орын алуы мүмкін. Егер тағайындалса, онда жүрекке операциялық араласу алдында бір апта бұрын және одан кейін бір апта бойы тәулігіне бір рет Берлин-Хеми Калий және магний аспарагинатын вена ішіне енгізеді. Енгізу әдісі және жолы Тек вена ішіне енгізуге арналған. Инфузияны симптомдар, мысалы, жүрек ырғағының бұзылуы клиникалық қажеттілікке сәйкес жоғалғанша немесе азайғанша бірнеше күн бойы жүргізуге болады. Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар Уыттану симптомдары Гиперкалиемия симптомдары: жалпы әлсіздік, брадикардия, аритмия, қан қысымының түсуі, ықтималды естен танумен және қарыншалар фибрилляциясы және диастолада жүректің тоқтап қалуымен тамыр коллапсы. Нейротоксикоз симптомдары: проприоцептивтік сезімталдықтың бұзылуы, аяқтағы парестезиялар және сананың шатасуы. Гипермагниемия симптомдары: жүрек айнуы, құсу, летаргия, қуықтың атониясы, іш қату, атриовентрикулярлық өткізгіштіктің және қарыншалардағы қозудың таралуы нашарлауы. Аса жоғары концентрацияларда (5 ммоль/л жоғары) терең сіңір рефлекстері басылады, артериялық қысым күрт төмендейді, тыныс алу жолдарының салдануы және «магнийлік наркоз» дамиды. Магнийдің экстремальді жоғары концентрациялары диастолада жүректің тоқтап қалуына әкеледі. Емі: препаратты енгізуді дереу тоқтату, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі симптомдарын басу үшін 20% натрий хлориді ерітіндісін немесе 10% кальций глюконаты ерітіндісін енгізу қажет, қажет болғанда – гемодиализ немесе перитонеальді диализ. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болса) қабылдау керек шаралар Инфузиялау жылдамдығы жоғарылағанда мыналар пайда болуы мүмкін: - жүректің айнуы, құсу, бұлшықет әлсіздігі симптомдарымен гиперкалиемия және гипермагниемия - орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар (шаршау, парездер, кома, рефлекстердің нашарлауы) - жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын бұзылу симптомдары (брадикардия, аритмия, артериялық гипотензия, экстрасистола түріндегі парадоксальді реакция, атриовентрикулярлық блокада) - ксилитол есебінен орташа іш жүргізетін әсер. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек электронды пошта: Kazakhstan@berlin-chemie.com; және телефон: +7 727 2446183, 2446184, 2446185 Жағымсыз реакциялар туралы хабарлай отырып, сіз ДП қауіпсіздігі жөнінде үлкен мәлімет алуға көмектесесіз. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.