КАЛЬЦИЯ ХЛОРИД 10% 10 мл №10 амп

685 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кальция хлорид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Дальхимфарм ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 л препараттың құрамында белсенді зат - кальций хлориді гексагидраты 100 г қосымша заттар - инъекцияға арналған су - 1 л дейін.
Қолданылуы
- қан плазмасындағы кальций иондары концентрациясының жылдам жоғарылауын талап ететін гипокальциемия жағдайларында (қалқансерік бездерінің функционалдық жеткіліксіздігіндегі тетания, D дәрумені жеткіліксіздігіндегі тетания, қанды алмастырып құйғанда және цитратты қан құюда кездесетін гипокальциемиялар, алкалозда) - жедел қорғасынды шаншуда кешенді ем құрамында - магниймен артық дозаланудан болатын магниймен улану жағдайларында - ЭКГ-де жүрек функциясының бұзылуымен тіркелген гиперкалиемияда.
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық - гиперкальциемия, айқын гиперкальциурия - нефроуролитиаз (кальцийлік) - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - атеросклероз - саркоидоз - гиперкоагуляция, тромб түзілуіне бейімділік - артериялық окклюзиясы құбылысы бар айқын атеросклероз - қарыншалық фибрилляция - асистолия және электромеханикалық диссоциациялар - тері астына және бұлшықет ішіне енгізу - оймақгүл препараттарын қабылдау - цефтриаксонмен бір мезгілде қолдану - 1 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Ересектерге Вена ішіне сорғалатып енгізу: 5 мл 10% ерітіндіні 1 мл/мин жылдамдықпен енгізеді. Вена ішіне тамшылатып енгізу: 5-10 мл препараттың 10 % ерітіндісін 100-200 мл натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісінде немесе 5 % глюкоза ерітіндісінде сұйылтып, 6-8 тамшы/мин. жылдамдықпен енгізу керек. Қанды алмастырып құйғанда және цитратты қан құюда: ересектер мен балаларға әр 100 мл қанға 30 мг (0,3 мл). Ересектердегі тетания: 10 мл 10 % (1 г) ерітінді 10-30 минут бойы, қажет болғанда әрбір 6 күн сайын қайталайды. Гипокальциемия: 500 мг-ден 1 г-ге (5-10 мл) дейін 1-ден 3 күнге дейін аралықпен, пациенттің реакциясына немесе қан плазмасындағы кальций деңгейіне байланысты. Қажеттілігі болған жағдайда препараттың дозасын қайта енгізуге болады. Магний уыттануы: 500 мг (5 мл) жылдам енгізілсін. Енгізу келесі дозаларды енгізер алдында дәрігердің бақылауымен және пациенттің жай-күйінің мониторингімен жүргізіледі. Жүрек функциясының бұзылуы ретінде ЭКГ-да тіркелген гиперкалиемия: кардиограмма арқылы үнемі бақыланып отыру қажет пациенттің жағдайына байланысты дозаны жеке таңдау керек. Енгізу әдісі мен жолы Кальций хлориді вена ішіне сорғалатып (өте баяу) және вена ішіне тамшылатып (баяу) енгізумен тағайындайды. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттерге арналған дозалар ересектерге арналған дозалармен сәйкес келеді. Балалар Гипокальциемия: баяу енгізеді, 0,5 мл/мин дейінгі жылдамдықпен, 10-20 мг/кг (дене салмағына қарай 0,1-0,2 мл/кг) дозада, қажет болғанда әр 4- 6 сағатта қайталайды. Тетания: 10 мг/кг (дене салмағына 0,1 мл/кг) 5-10 минут бойы, қажет болғанда әр 6 сағатта қайталайды немесе инфузия түрінде жалғастырады. Балалар үшін тәуліктік ең жоғарғы доза (жасына тәуелсіз) – 10 мл (1000 мг).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.