+80 бонус

Кальция глюконат-Здоровье (стабилизированный) раствор д/ин. 100 мг/мл по 10 мл №10

1600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кальция глюконат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Фармак ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында: белсенді зат - кальций глюконаты – 95,5 мг; қосымша заттар: кальций сахараты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
қалқанша маңы бездері функциясының жеткіліксіздігінде организмнен кальцийдің көп мөлшерде шығарылуында аллергиялық аурулар (сарысу құю ауруы, есекжем, ангионевроздық ісіну) мен дәрі-дәрмектік емнің аллергиялық асқынулары кезінде қосымша дәрі ретінде тамыр өткізгіштігін азайту үшін шығу тегі әртүрлі патологиялық үдерістер кезінде (қабыну үдерісінің экссудатты сатысы, геморрагиялық васкулит, сәулелену ауруы) гиперкалиемия, пароксизмальді миоплегияның гиперкалиемиялық түрінде тері ауруларында (терінің қышынуы, экзема, псориаз) қан тоқтататын дәрі ретінде магний тұздарымен, қымыздық қышқылымен немесе оның еритін тұздарымен, фтор қышқылының еритін тұздарымен уланған кезде антидот ретінде
Қарсы көрсетілімдер
алюминий тотығы ампула шыныларынан кальций глюконатымен шайылып кетуі мүмкін, сондықтан пациенттерге алюминийдің әсерін шектеу мақсатында, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге және балаларға, толық парентеральді қорек дайындау үшін кальций глюконатын пайдаланудың қажеті жоқ балалар мен бүйрек функциясы бұзылған адамдарды қайтадан және ұзақ емдеу (организмге алюминий әсерінің қаупіне байланысты) препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық тромбозға бейімділік гиперкальциемия (мысалы, гиперпаратиреоз, D гипервитаминозы, сүйектердің кальцийсізденуімен ісік аурулары, бүйрек жеткіліксіздігі, иммобилизациялық остеопороз, саркоидоз, сүтті-сілтілік синдром) ауыр гиперкальциурия айқын атеросклероз қан ұюының артуы жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолдану бүйректің ауыр жеткіліксіздігі мынадай жағдайларда цефтриаксонмен бір мезгілде енгізу: шала туған нәрестелерге түзетілген жасы 41 аптаға дейін (жүктілік апталары + өмір сүру апталары); мерзіміне жетіп туған нәрестелерде (28 күнге дейінгі жаста) цефтриаксон-кальцийдің ерімейтін кешенінің түзілу қаупіне байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға препаратты бұлшықет ішіне енгізу
Дозасы
Ересектерге және 14 жастан асқан балаларға 5-10 мл 10 % ерітіндіден тәулігіне 1 рет, ауру сипатына және науқастың жағдайына қарай - күнделікті, күнара немесе 2 күннен кейін енгізеді. Балаларға жас ерекшелігіне қарай 10 % кальций глюконат ерітіндісін мынадай дозада тек қана вена ішіне енгізеді: 6 айға дейінгі жаста – 0,1-1 мл, 7–12 айға дейінгі жаста – 1-1,5 мл, 1–3 жаста – 1,5-2 мл, 4–6 жаста – 2-2, 5 мл, 7 – 14 жаста – 3-5 мл. Енгізу әдісі және жолы Вена ішіне және бұлшықет ішіне қолданады. Препаратты енгізер алдында дене температурасына дейін жылытады. Ересектер мен балаларға ерітіндіні баяу 2-3 минут бойы енгізеді. Ерітіндінің 1 мл аздау мөлшерін енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын 0,9 % натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісімен немесе 5 % глюкоза ерітіндісімен сұйылту арқылы тиісті көлеміне дейін (шприцтің көлеміне) жеткізеді. Тіндердің некрозы даму қаупіне байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға препаратты бұлшықет ішіне енгізу ұсынылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.