+2250 бонус

ИЗОСОРБИДА ДИНИТРАТ р-р для инфузий 0,1% 10мл №10 амп

9:00-ден кейін қолжетімді
45000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Изосорбида динитрат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
10 мл препараттың құрамында белсенді зат - 40.0 мг сұйылтылған изосорбид динитраты (салмақтық арақатынасы 25/75% изосорбид динитраты/маннитол) қосымша заттар: натрий хлориді, 0.1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, 0.1 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Препарат келесілерді емдеуге арналған: Вена ішіне енгізу жолы емдеуге резистентті жедел миокард инфарктісі салдарынан туындаған сол жақ қарыншалық жеткіліксіздікті, емдеуге резистентті әртүрлі этиологиядағы сол жақ қарыншалық жеткіліксіздікті, ауыр немесе тұрақсыз стенокардияны Коронарішілік енгізу жолы тері арқылы транслюминальді коронарлық ангиопластика кезінде баллонды үрлеу уақытын ұзарту және коронарлық тамыр түйілуін болдырмау немесе азайту үшін
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе басқа нитраттарға/нитриттерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық қан тамырларының жедел жеткіліксіздігі (қан тамырлық коллапс, шок) айқын артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым 90 мм сын. бағ. төмен) аорта және/немесе митральді клапанның стенозы обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия (ГКМП) констриктивті перикардит жүрек тампонадасы кардиогендік шок (егер тиісті диастолалық қысымды ұстап тұру бойынша қажетті шаралар жүргізілмесе) бас жарақаты және миға қан құйылуы бассүйекішілік қысымның артуымен қатар жүретін жай-күйлер (оның ішінде геморрагиялық инсульт, бассүйек-ми жарақаты) айқын анемия гиповолемия жабық бұрышты глаукома нитраттармен емдеу кезінде фосфодиэстераза 5 тежегіштерін қолдануға болмайды (мысалы, силденафил, тадалафил, варденафил) нитраттармен емдеу кезінде гуанилатциклазаның еритін стимуляторы риоцигуатты қолдануға болмайды
Дозасы
Ересектер Вена ішіне енгізу жолы Әдетте сағатына 2 мг-ден 12 мг-ға дейінгі доза жеткілікті. Сонымен қатар, пациенттің реакциясына қарай, енгізілетін дозаларды сағатына 20 мг-ға дейін түзету керек. Коронарішілік енгізу жолы Әдеттегі доза баллонды үрлемес бұрын болюсті инъекция түрінде 1 мг құрайды. Кейінгі дозалар 30 минуттық кезең ішінде 5 мг аспауы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде изосорбид динитратын сақтықпен қолданған жөн. Балалар Балалардағы изосорбид динитратының тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Енгізу әдісі және жолы Вена ішіне немесе коронарішілік енгізу үшін. Бұл препарат концентрацияланған ерітінді болып табылады және оны қолданар алдында сұйылту керек. Сұйылтылған ерітіндіні баллонды үрлеудің алдындағы коронарішілік енгізу жолын қоспағанда, ешқашан болюстік инъекция арқылы тікелей енгізуге болмайды. Коронарішілік енгізу үшін 50% сұйылту ұсынылады. Инфузияға немесе инъекцияға арналған ерітінді түріндегі изосорбид динитратын қолайлы еріткіші бар қоспада вена ішіне енгізу үшін қолдануға болады. Дайындалған изосорбид ерітінділерін вена ішіне тамшылатып немесе шыныдан жасалған немесе қатты пластик шприці бар шприцті сорғының көмегімен енгізу керек. Енгізу кезінде пациенттің артериялық қысымы мен тамыр соғысын мұқият бақылау қажет. Изосорбид динитраты натрий хлоридінің физиологиялық 0,9% ерітіндісі, декстроза ерітіндісі, глюкозаның 5-30% ерітіндісі, Рингер ерітіндісі, құрамында альбумин бар ерітінділер сияқты емдеу мекемелерінде қолданылатын инфузиялық ерітінділермен үйлесімді. Басқа инфузиялық ерітінділермен біріктірген кезде тиісті өндірушілердің олардың ерітінділері туралы ақпаратына, сондай-ақ үйлесімділігіне, қолдануға болмайтын жағдайларына, жағымсыз әсеріне назар аудару керек. Изосорбид динитраты бар дайындалған қоспаны автоматты инфузиялық жүйелердің, шприцті инфузиялық сорғының немесе жүрек-қантамыр жүйесінің көрсеткіштерін тұрақты бақылай отырып, ауруханалық жағдайларда вена ішіне құюға арналған бір реттік жүйелердің көмегімен енгізу керек. Қоспаны дайындау үлгісі Асептикалық жағдайларда сағатына 6 мг дозаны алу үшін 450 мл қолайлы еріткішке инфузия немесе 1 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді түрінде 50 мл изосорбид динитратын қосыңыз. Алынған қоспаның (500 мл) құрамында 100 мкг/мл (1 мг/10 мл) изосорбид динитраты бар. Инфузия жылдамдығы сағатына 60 мл-ге тең (минутына 20 стандартты тамшы), сағатына 6 мг қажетті дозаны жеткізуді қамтамасыз етеді. Егер сұйықтық қабылдауды азайту қажет болса, 1 мг/мл инфузияға немесе инъекцияға арналған ерітінді түрінде 100 мл изосорбид динитратын тиісті еріткішті пайдаланып 500 мл-ге дейін сұйылтуға болады. Алынған ерітіндінің құрамында сонда 200 мкг/мл (2 мг/10 мл) изосорбид динитраты болады. Инфузия жылдамдығы сағатына 30 мл-ге тең (минутына 10 стандартты тамшы), сағатына 6 мг қажетті дозаны жеткізуді қамтамасыз етеді. Сұйылтылған ерітіндінің дозасын есептеу кестесі 100 мкг/мл 10 мл концентраттан 5 ампуланы 500 мл ерітіндіге дейін сұйылту Изосорбид динитратының дозасы 200 мкг/мл 10 мл концентраттан 10 ампуланы 500 мл ерітіндіге дейін сұйылту Инфузия жылдамдығы Инфузия жылдамдығы мл/сағ тамшы/мин мг/ сағ мл/ сағ тамшы/мин 10 3-4 1 5 1-2 20 7 2 10 3 30 10 3 15 5 40 13 4 20 7 50 17 5 25 8 60 20 6 30 10 70 23 7 35 12 80 27 8 40 13 90 30 9 45 15 100 33 10 50 17 1 мл 20 тамшыға сәйкес келеді. Сұйықтықты тұтынуды қатаң шектеу кезінде құрамында 0,5 мг/мл бар ерітіндіні алу үшін 50% сұйылту ұсынылады. Бұл препарат инфузиялық шыны құтылармен және полиэтиленнен жасалған инфузиялық пакеттермен үйлесімді. Үйлесімсіздігі Енгізу жиынтықтары мен ПВХ контейнерлерін пайдаланудан аулақ болу керек, өйткені адсорбцияға байланысты әсер етуші заттың айтарлықтай жоғалуы мүмкін. Бұл дәрілік препаратты, «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімінде көрсетілгендерді қоспағанда, басқа еріткіштермен араластыруға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.