+142 бонус

ИТРАКОН 100 мг №6 капс

2855 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Итраконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Фармак ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың ішінде белсенді зат – итраконазол, итраконазолға шаққанда 100 мг пеллеттер, қосымша заттар: гипромеллоза, сфералық қант, полиэтиленгликоль, акрилат сополимері; желатинді капсуланың құрамында: азорубин (Е 122), индигокармин FD&C көгілдір 2 (Е 132), титанның қостотығы (Е 171), желатин.
Қолданылуы
Итракон® келесі зең аурулары кезінде қолдануға арналған: Беткейлік микоздар: вульвовагиналық кандидоз, кебек тәрізді теміреткі, дерматофитоз, ауыз қуысының шырышты қабығының кандидозы және зең кератиті. Дерматофиттерден және/немесе ашытқы тәрізді зеңдерден туындаған онихомикоздар. Жүйелі микоздар: аспергиллез және кандидоз, криптококкоз (криптококкты менингитті қоса): иммунтапшылығы бар пациенттерде және орталық жүйке жүйесінің криптококкозы бар барлық пациенттерде Итракон® емдеудің бірінші желісінің препараттары осы жағдайда қолданылмайтын немесе тиімді емес жағдайларда ғана тағайындалуы тиіс; гистоплазмоз, споротрихоз, паракоксидиоидомикоз, бластомикоз және басқа да сирек жүйелі микоздар.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық Итракон® препаратымен емдеу кезінде CYP3A4 субстраттарын қабылдауға болмайды. Итраконазолмен бірге қолдану салдарынан қан плазмасындағы жоғарыда аталған препараттардың жоғары концентрациясы өмірге қауіп төндіретін жағдайдың туындауына себеп болуы мүмкін осы дәрілік препараттардың емдік әсерін де, жанама әсерлерін де күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін. Мысалы, қан плазмасындағы жоғарыда аталған препараттардың жоғары концентрациясы QT аралығының ұлғаюына, сондай-ақ "пируэт" типті қарыншалық тахикардия немесе ықтимал өлімге әкелетін аритмия жағдайларын қоса қарыншалық тахиаритмияға алып келуі мүмкін Итракон® капсулалары өмірге қауіп төндіретін немесе басқа да ауыр инфекцияларды емдеу жағдайларын қоспағанда, қарыншалық дисфункция белгілері бар, мысалы, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі (ЖІЖ) немесе анамнезі ЖІЖ бар пациенттерге тағайындалмауы тиіс. балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер Итракон® капсулаларын өмірге қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қабылдауға болмайды Итракон® қабылдайтын бала туатын жастағы әйелдер контрацепцияның тиісті әдістерін пайдалануы тиіс. Тиімді контрацепция Итракон® препаратымен емдеу аяқталғаннан кейін алғашқы етеккір кезеңінде де жалғасуы тиіс.
Дозасы
Беткейлік зең инфекцияларын емдеу

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.