+205 бонус

ИРИФРИН БК 2,5 % 0,4 мл №15 капли глазные

4100 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фенилэфрин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Сентисс Фарма Пвт. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді зат: 25 мг фенилэфрин гидрохлориді, қосымша заттар: динатрий эдетаты, гидроксипропилметилцеллюлоза Е-15, натрий метабисульфиті, сусыз лимон қышқылы, натрий цитраты дигидраты, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Ирифрин БК препараты жергілікті офтальмологиялық мақсатта қолданылатын тікелей әсер ететін симпатомиметикалық дәрі болып табылады: - диагностикалық немесе емдік емшараларда көз қарашығын кеңейтуге - ересектерде және балаларда аккомодацияның әдеттегі-шамадан тыс жүктемесін және үдемелі алыстан нашар көруді емдеуге (кешенді ем құрамында).
Қарсы көрсетілімдер
- фенилэфринге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - жүрек аурулары, гипертониясы, аневризмасы, тиреотоксикоз, инсулинге тәуелді созылмалы қант диабеті және тахикардиясы бар пациенттер; - моноаминоксидаза тежегіштерін, трициклді антидепрессанттарды және гипертензияға қарсы дәрілерді (бета-блокаторларды қоса алғанда) қабылдайтын пациенттер; - жабық бұрышты глаукомасы бар пациенттер (егер бұрын иридэктомия жасалмаса) және мидриатиктерден туындаған глаукомаға бейім, тар бұрышты глаукомасы бар пациенттер; - жүрек-қан тамырлары және цереброваскулярлық аурулары бар жаңа туған нәрестелер мен сәбилер; - ауыр артериосклероздық, жүрек-қан тамырлары немесе цереброваскулярлық аурулары бар егде жастағы адамдар.
Дозасы
Ересектер, оның ішінде егде жастағы пациенттер Жергілікті әр көзге 1 тамшыдан қолданылады. Қажет болған жағдайда, бұл дозаны әр 3-4 сағат сайын қайталауға болады. Балаларға жергілікті әр көзге 1 тамшыдан енгізіледі. Әдетте бұл дозадан асырудың қажеті болмайды. Мидриазда/циклоплегияда талапқа сай тиімділік алу үшін фенилэфриннің көзге тамызатын дәрісін басқа мидриатиктермен/циклоплегиктермен біріктіруге болады. Қатты пигменттелген нұрлы қабықтар үлкен дозаларды қажет етуі мүмкін, бірақ артық дозалануын болдырмау үшін сақ болу керек. Балалар Артериялық қысымның өтпелі жоғарылауын қоса, жүйелі жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупіне байланысты, айқын қажеттілік жағдайлары болмаса және тек аса сақтықпен, шала туғандарда және жаңа туған нәрестелерде қолдану ұсынылмайды. Егер емдеу қажет болса, препараттың мүмкіндігінше ең аз концентрациясы мен дозасын пайдаланады, көзге 1 тамшыдан асырып қолданудан аулақ болу керек. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бауыр/бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Жергілікті офтальмологиялық қолдану үшін. Көзді күйдіру болмас үшін фенилэфрин тамызардан бірнеше минут бұрын тамшыдағы анестетикті жергілікті қолдану ұсынылады. Балалар мен егде пациенттерде көз саңылауының медиальді бұрышындағы көз жасы қапшығын қысу немесе тамызғаннан кейін бірнеше минутқа көзді абайлап жабу арқылы жүйелік сіңуін және жүйелік жағымсыз реакциялар қаупін барынша азайту ұсынылады. Тері арқылы сіңуді өте аз ету үшін көзаймақтық артық сұйықтықты алып тастау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.