+75 бонус

ИРИФРИН 2,5% 5 мл капли глазные

1500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фенилэфрин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: СЕНТИСС ФАРМА Пвт.Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді зат - 25 мг фенилэфрин гидрохлориді, қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, гидроксипропилметилцеллюлоза Е-15, натрий метабисульфиті, лимон қышқылы (сусыз), натрий цитраты дигидраты, иньекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ирифрин препараты жергілікті офтальмологиялық қолданылатын, тікелей әсер ететін симпатомиметикалық дәрі болып табылады: - диагностикалық немесе емдік емшаралар кезінде көз қарашығын кеңейту үшін - ересектерде және балаларда әдеттегі-шамадан тыс жүктемеде және үдемелі алыстан нашар көруді емдеуде (кешенді ем құрамында).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүрек аурулары, гипертониясы, аневризмасы, тиреотоксикоз, инсулинге тәуелді созылмалы қант диабеті және тахикардиясы бар пациенттер -моноаминоксидаза тежегіштерін, трициклді антидепрессанттарды және гипотензиялық дәрілерді (бета-адреноблокаторларды қоса алғанда) қабылдайтын пациенттер - жабық бұрышты глаукомасы бар пациенттер (егер бұрын иридэктомия жасалмаса) және мидриатиктерден туындаған глаукомаға бейім, тар бұрышты глаукомасы бар пациенттер - жанаспалы линза тағатын пациенттер - ауыр атеросклероздық, жүрек-қан тамырлары немесе цереброваскулярлық аурулары бар егде жастағы пациенттер - 8 жасқа дейінгі балаларда (құрамында бензалконий хлориді болуына байланысты)
Дозасы
Ересектер, оның ішінде егде жастағы пациенттер Жергілікті әр көзге бір тамшыдан қолданылады. Ұзақ уақыт бойы мидриазды демеп тұру қажет болған жағдайда, осы дозада әрбір 3-4 сағат сайын Ирифрин инстилляциясын қайталауға болады. Балалар 8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. 8 жастан асқан балаларға әр көзге 1 тамшыдан енгізіледі. Әдетте бұл дозадан асырудың қажеті болмайды. Мидриазда/циклоплегияда талапқа сай тиімділік алу үшін фенилэфриннің көзге тамызатын дәрісін басқа мидриатиктермен/циклоплегиктермен біріктіруге болады. Қатты пигменттелген нұрлы қабықтар үлкен дозаларды қажет етуі мүмкін, бірақ артық дозалануын болдырмау үшін сақ болу керек. Болуы мүмкін ең аз концентрация мен дозаны пайдалану керек, сондай-ақ емдік тұрғыдан көзге бір тамшыдан артық тамызудан аулақ болу керек. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бауыр/бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Жергілікті офтальмологиялық қолдану үшін. Көзді күйдіру болмас үшін фенилэфрин тамызардан бірнеше минут бұрын тамшыдағы анестетикті жергілікті қолдану ұсынылады. Балалар мен егде пациенттерде көз саңылауының медиальді бұрышындағы көз жасы қапшығын қысу немесе тамызғаннан кейін бірнеше минутқа көзді абайлап жабу арқылы жүйелік сіңуін және жүйелік жағымсыз реакциялар қаупін барынша азайту ұсынылады. Тері арқылы сіңуді өте аз ету үшін көзаймақтық артық сұйықтықты алып тастау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.