+377 бонус

ИПИГРИКС 5 мг/мл 1 мл №10 амп

9:00-ден кейін қолжетімді
7540 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Антихолинэстеразные препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словакия
  • Өндіруші: Гриндекс
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді зат: ипидакрин гидрохлориді (сусыз затқа шаққанда) – 5 мг немесе 15 мг; қосымша заттар: хлорсутек қышқылы 1 М рН 2,8-4,0 дейін, инъекцияға арналған су 1 мл дейін.
Қолданылуы
Кешенді терапия құрамында - шеткергі жүйке жүйесінің аурулары: моно- және полинейропатия, полирадикулопатия, миастения және этиологиясы әртүрлі миастениялық синдром - орталық жүйке жүйесінің аурулары: бульбарлық салдану және парездер - қозғалыстың бұзылуларымен қатар жүретін орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы кезіндегі қалпына келтіру кезеңі.
Қарсы көрсетілімдер
- ипидакринге немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық - эпилепсия - гиперкинезбен бірге экстрапирамидалық аурулар - стенокардия - айқын брадикардия - бронх демікпесі - ішектің немесе несеп шығару жолдарының бітелуі - вестибулярлық бұзылыстарға бейімділік - асқазанның немесе он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойықжарасы - жүктілік және бала емізу кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (балалардағы дәрілік заттың қауіпсіздігін зерттеу бойынша талапқа сай зерттеулер жүргізілген жоқ)
Дозасы
Емдеудің дозасы мен ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты әр адамға жеке анықталады. Шеткергі жүйке жүйесінің аурулары - түрлі генезді моно- және полинейропатия: ішінде 5 мг / мл немесе 15 мг / мл (5 мг немесе 15 мг) бар, бұлшықет ішіне немесе тері астына инъекцияға арналған 1 мл ерітінді, күніне 1-2 рет. Емдеу курсы 10-15 күнді құрайды (ауыр жағдайларда - 30 күнге дейін). - миастения және миастениялық синдром: ішінде 5 мг/мл немесе 15 мг/мл (5 мг немесе 15 мг) бар, бұлшықет ішіне немесе тері астына инъекцияға арналған 1 мл ерітінді, күніне 1-3 рет. Емдеудің жалпы курсы-1-2 ай. Қажет болса, емдеуді 1-2 айлық курстар арасындағы үзіліспен бірнеше рет қайталауға болады. Орталық жүйке жүйесінің аурулары бульбарлық салдану және парездер: ішінде 5 мг/мл немесе 15 мг/мл (5 мг немесе 15 мг) бар, бұлшықет ішіне немесе тері астына инъекцияға арналған 1 мл ерітінді, күніне 1-2 рет, емдеу курсы 10-15 күнді құрайды. Орталық жүйке жүйесі органикалық зақымданған кезде қалпына келтіру кезеңі: ішінде 5 мг/мл немесе 15 мг/мл (5 мг немесе 15 мг) бар, бұлшықет ішіне инъекцияға арналған 1 мл ерітінді, күніне 1-2 рет 15 күнге дейін. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген, сондықтан қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы ИПИГРИКС 5 мг/мл және ИПИГРИКС 15 мг/мл инъекцияға арналған ерітінділер бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізіледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.