+480 бонус

ИПИГРИКС 20мг №100 табл

9:00-ден кейін қолжетімді
9600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ипидакрин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Латвия
  • Өндіруші: АО Гриндекс
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - ипидакрин гидрохлориді (сусыз затқа шаққанда) – 20 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты; картоп крахмалы; картоп крахмалы, кептірілген; кальций стеараты.
Қолданылуы
шеткергі жүйке жүйесінің аурулары (неврит, полиневрит, полинейропатия, полирадикулонейропатия, миастения және этиологиясы әртүрлі миастения синдромы) бульбарлық салдану және парездер қимыл-қозғалыс бұзылыстарымен қатар жүретін ОЖЖ органикалық зақымдануынан кейінгі қалпына келу кезеңі демиелинді ауруларды кешенді емдеу еске сақтаудың шығу тегі әртүрлі бұзылуы (Альцгеймер ауруы және кәрілік деменцияның басқа түрлері) ішек атониясы
Қарсы көрсетілімдер
ипидакринге немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық эпилепсия гиперкинезбен экстрапирамидалық бұзылулар стенокардия айқын брадикардия бронх демікпесі ішектің немесе несеп шығару жолдарының бітелуі асқазанның немесе он екі елі ішектің ойықжарасының өршуі вестибулярлық бұзылулар
Дозасы
Ересектер Шеткергі жүйке жүйесінің аурулары, миастения және миастениялық синдром: 10-20 мг күніне 1-3 рет қабылдайды. Емдеу курсының ұзақтығы 1-2 ай. Қажет болса, емдеу курсын 12 айлық курстар арасындағы үзіліспен бірнеше рет қайталауға болады. 10 мг бір реттік дозаны алу үшін басқа дәрілік түр қолданылады (1 мл-де 5 мг ипидакрин бар инъекцияға арналған 2 мл ерітінді). Нейробұлшықеттік берілістің ауыр бұзылуында миастениялық криздің дамуының алдын алу үшін: қысқа уақыт ішінде парентеральді түрде 15-30 мг (1 мл-де 15 мг ипидакрин бар инъекцияға арналған 1-2 мл ерітінді) енгізіледі. Емдеуді дозасын күніне 5-6 рет 20-40 мг (1-2 таблетка) дейін ұлғайта отырып, таблеткалармен жалғастырады. Ең жоғары тәуліктік доза 240 мг-ға жетуі мүмкін (6 қабылдауға 12 таблетка). Еске сақтаудың шығу тегі әртүрлі бұзылуы (Альцгеймер ауруы және кәрілік деменцияның басқа түрлері): ең жоғары тәуліктік доза 200 мг-ға жетуі мүмкін (5 қабылдауға 10 таблетка). Емдеу курсының ұзақтығы 1-12 айды құрайды. Ішек атониясы: дозасы 12 апта бойы күніне 2-3 рет 20 мг құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер мен бауыр және/немесе бүйрек қызметі бұзылған пациенттер: дозаларды іріктеу талап етілмейді. Балалар Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген, сондықтан қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Таблеткалар ішке, сумен қабылданады. Дозаларды және емдеу ұзақтығын аурудың ауырлығына байланысты жеке анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.