+164 бонус

ЙОМОГИ 250мг №10 капс

3290 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Сахаромицеты Boulardii
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Ardeypharm GmbH
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - Saccharomyces boulardii лиофилизацияланған ашытқылар (Saccharomyces cerevisiae Hansen CBS 5926 синонимі) 250.00 мг, қосымша заттар: сусыз лактоза, магний стеараты, капсуланың құрамы: хлорофиллин мыс кешені (Е 141), титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) сары тотығы (Е 172), желатин.
Қолданылуы
- жедел және созылмалы бактериялық диареяда - антибиотик қабылдаудан туындаған колит және диареяның профилактикасында және емдеуде - жалған жарғақшалы колит және Clostridium difficile негізделген ауруларда - тітіркенген тоқ ішек синдромында - ұзақ энтеральді қоректенуден туындаған диареяда
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - орталық вена катетері бар пациенттер - қатер шегіндегі пациенттер немесе зеңдік инфекция қаупіне байланысты иммунитеті төмен пациенттер - галактозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - 6 жасқа дейінгі балаларға (дәрілік түрмен байланысты)
Дозасы
Дозалану режимі 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға: 1 капсуладан күніне 1-2 рет. Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға: 1-2 капсуладан күніне 2 рет. Ұсынылатын емдеу курсы - жедел диарея - 3-5 тәулік; - жедел және созылмалы бактериялық диареяны, тітіркенген тоқ ішек синдромы - 10-14 тәулік; - антибиотик-астасқан диарея және жалған жарғақшалы колиттің профилактикасы және емдеу - антибиотиктер қолданудың бүкіл курсына антибиотиктермен біріктіріп 2 капсула дозасын тәулігіне 2 рет. Ұзақ энтеральді қоректену кезінде диареяны емдеу үшін - қоректендіруші сұйықтықтың 1.5 литріне күніне 3 капсула. Диареяны емдеуді симптомдар жойылғаннан кейін де бірнеше күн бойы жалғастыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.