+71 бонус

ЙОДОМАРИН 100 мкг №100 таб

1425 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты йода
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Берлин-Хеми АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында әсер етуші зат – 0,131 мг калий йодиді (0,100 мг йодқа баламалы), қосымша заттар: лактоза моногидраты, негізгі жеңіл магний карбонаты, желатин, натрий крахмалы гликоляты тұзы (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Қолданылуы
Йод тапшылығынан болатын аурулар профилактикасы (мысалы, эндемиялық зоб профилактикасы үшін және йод тапшылығы себеп болатын зоб резекциясынан кейін) Жаңа туған нәрестелерде, емізулі жастағы сәбилерде, балаларда, жасөспірімдерде және жас кезеңдегі ересектерде диффузды эутиреоидты зоб кезіндегі емдеу. Препаратты қабылдау алдында қажетті ақпараттың тізбесі
Қарсы көрсетілімдер
- Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; - Манифестік гипертиреоз; - Жасырын гипертиреоз – тәулігіне 150 мкг асып кететін йод дозаларда; - Автономды аденома, сондай-ақ қалқанша безінің ошақтық және диффуздық автономиясы – тәулігіне 300-1000 мкг йод дозасында пайдаланғанда (Пламмер әдісі бойынша қалқанша безінің операция алдындағы блокадасын қоспағанда). - Қалқанша безі аденомасы - Герпес пішінді Дюринг дерматиті (кәрілік кезіндегі) - Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар. Пайдалану кезіндегі сақтық шаралары Йодомарин® 100 препараты құрамында лактоза бар. Галактоза жақпаушылығынан тұратын сирек тұқым қуалайтын патологиядан, лактазаның ауыр тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромынан зардап шегіп жүрген пациенттерге Йодомарин® 100 қабылдауға болмайды.
Дозасы
Дәрілік заттың қажетті дозасын анықтаған кезде йодты тамақпен бірге қабылдаудың аймақтық және жекелеген ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұл әсіресе жаңа туған нәрестелер мен 4 жасқа дейінгі балаларға дәрі тағайындау кезінде маңызды. Зоб профилактикасы Егер тәулігіне, кем дегенде, 150 мкг-ден 300 мкг дейін құрайтын йодтың тамақпен жеткілікті түсуі қамтамасыз етілмесе (ДДСҰ ересектерге қажетті йод қабылдау шегі ретінде қарастырады), төменде көрсетілген мөлшерде қосымша йод тағайындау керек: Жаңа туған нәрестелер, емізулі жастағы сәбилер және балалар: Йодомарин 100 препаратының тәулігіне ½-1 таблеткасы (50-100 мкг йодқа сәйкес келеді). Таблетканы ұнтақтап, аз мөлшердегі (1 шай қасық) бөлме температурасындағы қайнаған суда еріту және пипеткамен немесе өлшеуіш шприцпен беру ұсынылады. Жасөспірімдер және ересектер: Йодомарин 100 препаратының тәулігіне 1-2 таблеткасы (100-200 мкг йодқа сәйкес келеді).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.