+665 бонус

ИНВОКАНА 100 мг №30 таб

13300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Канаглифлозин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ИТАЛИЯ
  • Өндіруші: Johnson & Johnson
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында Белсенді зат -  100 мг канаглифлозинге баламалы 102 мг канаглифлозин гемигидраты немесе 300 мг канаглифлозинге баламалы 306 мг канаглифлозин гемигидраты. Қосымша заттар (ядросы): микрокристалды целлюлоза, сусыз лактоза, натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты. Қосымша заттар (қабығы): Opadry II 85F92209 сары: ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол/полиэтиленгликоль 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е172)  (100 мг дозасы үшін). Opadry II 85F18422 ақ: ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол/полиэтиленгликоль 3350, тальк (300 мг дозасы үшін).
Қолданылуы
Инвокана препараты 2 типті қант диабеті диетамен немесе дене жүктемелерімен бірге жеткіліксіз бақыланатын ересек пациенттерді емдеу үшін: - метформинді қолдану талапқа сай келмеген немесе қолдануға болмайтын жағдайларда монотерапия ретінде - диабетті емдеуге арналған басқа дәрілік заттарға қосымша ретінде көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
Инвокана® препаратын қабылдамаңыз - егер канаглифлозинге немесе осы препараттың басқа компоненттерінің («Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде атап келтірілген) кез келгеніне аллергия болса
Дозасы
Дозалану режимі Бұл препаратты әрдайым дәрігер айтқандай дәлдікпен қабылдаңыз. Егер сіз сенімсіз болсаңыз, дәрігермен кеңесіңіз. Инвокана® препаратының бастапқы дозасы күніне 100 мг бір таблетканы құрайды. Сіздің дәрігеріңіз дозасын 300 мг дейін арттыру керек-керек еместігін шешеді. Егер бүйрек аурулары бар болса, дәрігер сіздегі дозаны 100 мг дейін шектеуі мүмкін. Дәрігер препараттың тек сізге қолайлы дозасын тағайындайды. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды жарты стақан сумен толықтай жұтып жіберу керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Сіздің таблетканы тамақпен бірге және онсыз да қабылдауыңызға болады. Таблетканы алғашқы ас ішкенге дейін қабылдаған дұрыс. Таблетканы күн сайын белгілі бір уақытта қабылдауға тырысыңыз. Бұл сізге таблетканы қабылдау керектігін еске түсіруге көмектеседі. Егер дәрігер канаглифлозинді холестирамин (холестерин деңгейін төмендетуге арналған препарат) сияқты өт қышқылдарының кез келген секвестрантымен бірге жазып берсе, онда канаглифлозинді өт қышқылдарының секвестранттарын қолданғанға дейін кемінде бір сағат бұрын немесе қолданғаннан кейін 4-6 сағаттан соң қабылдау керек. Дәрігер Инвокана® препаратын глюкоза деңгейін төмендететін басқа дәрілік затпен бірге тағайындауы мүмкін. Сіздің денсаулығыңыз үшін ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін, барлық препараттарды дәрігердің нұсқауларына сәйкес қабылдауды ұмытпаңыз. Диета және дене жаттығулары Өзіңіздегі диабетті бақылауда ұстау үшін, сізге дәрігердің диета және дене жаттығуларына қатысты кеңестерін басшылыққа алу керек. Атап айтқанда, егер диабет кезінде салмағыңызды бақылауда ұстау үшін диета сақтасаңыз, осы препаратты қабылдап жүрген кезіңіңізде диета ұстауды жалғастыра беріңіз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.