+702 бонус

ИНТРАФЕН 400 мг/4 мл №10 фл

14050 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Ген Илач ве Саглык Урунлери Санаи ве Тиджарет
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат – 400 мг немесе 800 мг ибупрофен, қосымша заттар: аргинин, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- қарқындылығы жеңілден орташаға дейінгі ауыру синдромдарын емдеу үшін - қарқындылығы орташа және жоғары ауыру синдромдарын емдеу үшін қосымша ретінде вена ішіне енгізілетін апиындық анальгетиктермен бірге - қызуды түсіретін дәрі ретінде
Қарсы көрсетілімдер
- ибупрофенге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - демікпе, есекжем, аллергиялық реакциялар, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа ҚҚСП ауыр анафилаксиялық реакциялар - аорта-коронарлық шунттау операциясына дайындық кезеңінде және операциядан кейінгі кезеңде периоперациялық ауыруларды емдеу - жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA IV) - цереброваскулярлық қан кетулер немесе қан ұюының басқа бұзылулары - асқазанның, он екі елі ішектің жедел ауруы, асқазан-ішек жолының ойық жаралы ауруы, жедел асқазан-ішектен қан кету - ішектің қабыну аурулары - бауырдың созылмалы орташа айқын немесе ауыр жеткіліксіздігі, бауырдың жедел жеткіліксіздігі - бүйректің орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі, бүйрек ауруларының өршуі - гиперкалиемия - жүктіліктің үшінші триместрі (артериялық түтіктің мезгілінен ерте жабылуы және босанудың кідіруі қаупіне байланысты) - лактация кезеңі (нәрестеде ауыр жағымсыз реакциялардың дамуы мүмкін болғандықтан) - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге.
Дозасы
Жағымсыз реакциялардың даму қаупін барынша азайту мақсатында ибупрофенді тиімді ең төмен дозада және клиникалық әсерге қол жеткізу үшін қажетті тиімді ең қысқа кезең ішінде қабылдау керек. Интрафенді емдеудің жекелей жоспарына сәйкес ең аз уақыт кезеңі ішінде тиімді ең төмен дозаларда енгізу керек. Емдеудің бастапқы сатысы ішінде препаратқа оң реакциялар алу үшін препаратты қабылдау дозасы және жиілігі әрбір пациент үшін жеке түзетілуі тиіс. Жалпы тәуліктік доза 3200 мг-ден аспауы тиіс. Бүйрек тарапынан жағымсыз құбылыстарды төмендету мақсатында ибупрофенді енгізер алдында пациентке тиісінше гидратация жүргізу керек. Ауыру синдромын емдегенде: қажет болғанда, әрбір 6 сағат сайын 400-800 мг препарат енгізу керек. Вена ішіне енгізудің ұзақтығы кем дегенде 30 минут болуы тиіс. Қызбада: 400 мг препаратты енгізгеннен кейін әрбір 4-6 сағат сайын 400 мг-ден немесе әрбір 4 сағат сайын 100-200 мг-ден тағы қабылдануы мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Препарат вена ішіне қолдануға арналған. Қолданар алдында Интрафенді міндетті түрде тиісті ерітіндіде сұйылту керек. Ықтимал үйлесімсіздігін болдырмау үшін Интрафенді мына ерітінділерде: 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде, 5% глюкоза ерітіндісінде немесе Рингер лактат ерітіндісінде сұйылту керек. Сұйылтылған ерітіндінің соңғы концентрациясы 4 мг/мл немесе одан аз болуы тиіс. 4 мл ибупрофенді 100 мл ерітіндіде сұйылту қажет, 800 мг дозадағы 8 мл ибупрофенді 200 мл ерітіндіде еріту қажет. Инфузия ұзақтығы кем дегенде 30 минут болуы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.