+106 бонус

ИНТАФЛЮ 150 мг №1 капсула Флюконазол

9:00-ден кейін қолжетімді
2130 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Линкольн Фармасеутикалс Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат – флуконазол - 150 мг қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты (150 мг доза үшін); желатин капсулаларының құрамы: тазартылған су, натрий лаурилсульфаты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, желатин, титанның қостотығы (Е171), понсо 4R (Е124);
Қолданылуы
Интафлю ересектерде келесі ауруларды емдеуге көрсетілген: - криптококкты менингит - кокцидиоидомикоз - инвазиялық кандидоз - шырышты қабықтар кандидозы, оның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты қабықтар кандидозы - ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін қолданумен байланысты), ауыз қуысы гигиенасын қадағалау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғанда - жедел немесе қайталамалы қынаптық кандидоз (жергілікті ем қолдану мүмкін болмаса) - кандидозды баланит (жергілікті ем қолдану мүмкін болмаса) - дерматомикоздар, оның ішінде табан дерматофитиялары, бүкіл дене дерматофитиялары, шап дерматофитиясы, түрлі-түсті теміреткі және терінің кандидозды инфекциялары (жүйелі емдеу көрсетілмегенде); тырнақ дерматофитиялары (онихомикоз) (басқа препараттармен емдеу мүмкін болмағанда) Интафлю ересектерде келесі аурулар профилактикасы үшін көрсетілген: - қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингит қайталанулары - қайталану қаупі жоғары АИТВ-инфекциясын жұқтырған пациенттерде орофарингеальді кандидоздың және өңеш кандидозының қайталанулары - қынаптық кандидоздың қайталанулар жиілігін төмендету үшін (жылына 4 немесе одан көп көрініс) - ұзаққа созылатын нейтропения бар пациенттердегі (химиялық емнен өтетін гемобластоздар бар пациенттер немесе гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясынан өтетін пациенттер) кандидозды инфекциялар профилактикасы Емді өсірінділік және басқа зертханалық зерттеулер нәтижелерін алуға дейін бастауға болады, алайда осы нәтижелерді алудан кейін зеңге қарсы емдеуді тиісті үлгіде түзету керек. Зеңге қарсы дәрілерді тиісті пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтар ескерілу керек.
Қарсы көрсетілімдер
- флуконазолға, құрылымы флуконазолға ұқсас азол заттарына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық - тәулігіне 400 мг және одан көп дозада флуконазолды көп рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау - цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин амиодарон және эритромицин сияқты QT аралығын ұзартатын және Р - 450 CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденетін дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау
Дозасы
Дозаны таңдау зеңді инфекцияның типі мен ауырлығына қарай жүзеге асырылады. Көп реттік дозаларын қолдану қажет болатын инфекция түрлерін емдеуді клиникалық көрсеткіштер немесе зертханалық тестілер белсенді зеңді инфекцияның басылғанын айғақтағанша жалғастырған жөн. Жеткіліксіз емдеу курсы белсенді инфекцияның қайталануына әкелуі мүмкін. Емді өсірінділік және басқа зертханалық зерттеулер нәтижелерін алуға дейін бастауға болады, алайда, осы нәтижелерді алудан кейін емдеуші дәрігер инфекцияға қарсы емдеуді түзетуі тиіс. Ересектерде қолдану Криптококкоз: Криптококкты менингитті емдеу: қанықтыру дозасы 6-дан  8 аптаға дейін тәулігіне бірінші күні 400 мг, келесі доза 200-400 мг құрайды. Өмірге қатерлі инфекцияларды емдеу жағдайларында тәуліктік дозаны 800 мг дейін арттыруға болады. Қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингит қайталануларын болдырмауға арналған демеуші ем: емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі бойына тәулігіне 200 мг. Кокцидиоидомикоз: пациенттің жай-күйіне қарай 11-24 ай бойы немесе одан ұзағырақ 200-400 мг. Кейбір, әсіресе, ми қабықтарының зақымдануымен болатын кейбір инфекциялар үшін тәулігіне 800 мг дозаны қарастыруға болады. Инвазиялық кандидоз: қанықтыру дозасы бірінші күні 800 мг, келесі күнгі доза - тәулігіне 400 мг. Кандидемияны емдеу ұзақтығы бойынша жалпы ұсыным - пациент қанында кандидемияның бар-жоғына алғашқы теріс нәтижені алудан кейін және кандидемия симптомдары толық басылған соң 2 апта. Шырышты қабық кандидозын емдеу: Орофарингеальді кандидоз: қанықтыру дозасы 7-21 күн бойы тәулігіне бірінші күні 200-400 мг, келесі доза 100-200 мг (орофарингеальді кандидоз ремиссиясына жетуге дейін). Иммундық жүйе функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде өте ұзақ емдеу кезеңдерін пайдалануға болады. Өңеш кандидозы: қанықтыру дозасы 14-30 күн бойы тәулігіне бірінші күні 200-400 мг, келесі доза 150 мг (өңеш кандидозының ремиссиясына жетуге дейін). Иммундық жүйе функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде өте ұзақ емдеу кезеңдерін пайдалануға болады. Кандидурия: 7-21 күн бойы тәулігіне 200-400 мг. Иммундық жүйе функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде өте ұзақ емдеу кезеңдерін пайдалануға болады. Созылмалы атрофиялық кандидоз: 14 күн бойы тәулігіне 50 мг. Созылмалы тері-шырыш кандидозы: 28 күнге дейін жалғасатын тәулігіне 50-100 мг. Инфекцияның ауырлығына немесе иммундық функцияның қатарлас бұзылуына және инфекцияға қарай өте ұзақ емдеу кезеңдерін пайдалануға болады. Қайталану қаупі жоғары АИТВ-инфекциясын жұқтырған пациенттерде шырышты қабық кандидозының қайталануларын болдырмау Орофарингеальді кандидоз: төмендеп кеткен созылмалы иммунитеті бар пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі бойына тәулігіне 150 мг. Өңеш кандидозы: төмендеп кеткен созылмалы иммунитетпен пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі бойына 150 мг Генитальді кандидоз Жедел қынаптық кандидоз: бір рет 150 мг. Кандидозды баланит: бір рет 150 мг. Қынаптық кандидоз қайталануларын емдеу және профилактикасы (жылына 4 немесе одан көп көрініс): әр үш күн сайын 150 мг - жиынтығы 3 доза (1-ші, 4-ші және 7-ші күні), одан кейін демеуші доза - 6 ай бойы аптасына бір рет 150 мг. Дерматомикоз Табан дерматофитиясы, дене дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, кандидоздар: 2-4 апта бойы аптасына бір рет 150 мг немесе күніне бір рет 50 мг, бірақ табан дерматофитиясын емдеу үшін 6  аптаға дейін созылатын ем қажет болуы мүмкін. Түрлі-түсті теміреткі: 1-3 аптаға созылатын аптасына бір рет 300-400 мг немесе 2-4 апта бойы күніне бір рет 50 мг. Тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз): аптасына бір рет 150 мг. Емдеуді инфекция түскен тырнақ жаңасымен алмасқанша (инфекция түспеген тырнақ өсіп шыққанша) жалғастырған жөн. Қол мен аяқ тырнақтарын қалпына келтіру үшін, әдетте, тиісінше 3-тен 6 айға дейін және 6-дан 12 айға дейін қажет болады. Дегенмен де, өсу жылдамдығы әртүрлі тұлғаларда және жас шамасына қарай едәуір ерекшеленуі мүмкін. Кейбір жағдайларда ұзаққа созылатын тырнақ инфекциясын емдеу сәтті аяқталған соң тырнақтар деформацияланған күйі қалады. Ұзаққа созылатын нейтропения бар пациенттердегі кандидозды инфекциялар профилактикасы: 200-400 мг. Емдеуді күтілетін нейтропенияның туындауына дейін бірнеше күн бұрын бастау және нейтрофилдер саны мм3 аумағына 1000 жасушадан артық көбейген соң 7 күн бойы жалғастыру керек. Егде жастағы пациенттер Бүйрек функциясының бұзылу белгілері болмағанда препарат әдеттегі дозада тағайындалады. Бүйрек функциясының бұзылуы Флуконазол өзгермеген әсер етуші зат түрінде көбінесе несеппен шығарылады. Бір рет қабылдағанда дозаны өзгерту қажет емес. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге (балалар жасындағы пациенттерді қоса) препаратты көп рет қолдану кезінде 50 мг-ден 400 мг дейінгі бастапқы дозаны (көрсетілімге сай ұсынылатын тәуліктік доза негізінде) енгізген жөн, одан кейін бастапқы жүктеме дозадан кейін қабылданатын тәуліктік доза (көрсетілімге қарай) келесі кестеге сәйкес белгіленеді:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.