+134 бонус

ИНТАФЛЮ 0,2% 100 мл р-р

2690 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Аманта Хэлзкэа Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 100 мл препарат құрамында белсенді зат: флуконазол ........................ 200 мг, қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Интафлю келесі зеңді инфекцияларда көрсетілген. Ересектерде емдеу: - криптококкты менингит - кокцидиоидомикоз - инвазиялық кандидоз - шырышты қабықтар кандидозы, оның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты қабықтар кандидозы - ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін қолданумен байланысты), ауыз қуысы гигиенасын қадағалау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғанда Ересектердегі профилактика: - қайталанулар қаупі жоғары пациентерде криптококкты менингит қайталанулары - қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекциясын жұқтырған пациентерде орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозының қайталанулары - ұзаққа созылған нейтропения бар пациентерде (химиялық емнен өткен гемобластоздар бар пациенттер немесе гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялаудан өткен пациенттер) кандидозды инфекциялар профилактикасы Мерзіміне жетіп туған нәрестелерді, сәбилерді және мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерді емдеу. - шырышты қабықтар кандидозы (орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозы) - инвазиялық кандидоз - криптококкты менингит - иммунитеті әлсіреген пациентердегі кандидозды инфекциялар профилактикасы - қайталанулар қаупі жоғары балаларда криптококкты менингит қайталануларын болдырмау мақсатындағы демеуші ем. Емді өсірінділік және басқа зертханалық зерттеулер нәтижелерін алуға дейін бастауға болады, алайда осы нәтижелерді алудан кейін зеңге қарсы емдеуді тиісті үлгіде түзету керек.
Қарсы көрсетілімдер
- флуконазолға, препараттың басқа компоненттеріне немесе флуконазолға құрылымы ұқсас азол заттарына жоғары сезімталдық - Интафлюді тәулігіне 400 мг және одан көп дозада көп рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау - цизаприд, астемизол, эритромицин, пимозид және хинидин сияқты QT аралығын ұзартатын және CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденетін дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау
Дозасы
Доза зеңдік инфекцияның сипаты мен ауырлығына негізделуі керек.  Бірнеше реттік дозаларын қолдануды қажет ететін инфекциялардың кейбір түрлерін емдеуді, клиникалық көрсеткіштері немесе зертханалық тесттері, белсенді зең инфекциясынан толық емделгенін көрсеткенше жалғастыру керек. Емдеу кезеңінің жеткіліксіздігі белсенді инфекцияның қайталануына алып келуі мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.