+825 бонус

ИНСУЛИН РИНГЛАР р-р д/инъекций 100 МЕ/мл 3 мл №5 шпр/ручка

9:00-ден кейін қолжетімді
16500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Инсулин гларгин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Карагандинский фармацевтический комплекс
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір миллилитр препараттың құрамында белсенді зат - инсулин гларгин 3.64 мг (100 ӘБ), қосымша заттар: глицерол – 17.00 мг (85% глицеролға шаққанда – 20.00 мг), метакрезол 2.70 мг, мырыш хлориді, мырышқа шаққанда (II-ион) – 0.0300 мг, сұйылтылған хлорсутек қышқылы және/немесе 10 % натрий гидроксиді ерітіндісі - рН 4.0 дейін, инъекцияға арналған су –1.0 мл дейін.
Қолданылуы
Ересектердегі, жасөспірімдердегі және 2 жас және одан үлкен балалардағы инсулинмен емдеуді қажет ететін қант диабеті
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың әсер етуші затына (инсулин гларгинге) немесе қосымша заттарының қандай да біріне аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
РинГлар® препаратының құрамында инсулин гларгин бар, ол адам инсулинінің аналогына жатады әрі әсер етуі ұзаққа созылады. РинГлар® препаратын тәулігіне 1 рет, күннің кез келген уақытында, бірақ күн сайын белгілі бір уақытта тек қана тері астына енгізген жөн. Қандағы глюкоза концентрациясының мақсатты мәндері, сондай-ақ дозалау режимі (дозасын және қолдану уақытын) әрбір пациент үшін жеке таңдалады әрі түзетіледі. Мысалы, пациенттің дене салмағы, өмір салты өзгергенде, инсулиннің дозасын енгізу уақыты өзгергенде немесе гипо- немесе гипергликемияның даму қаупін арттыруы мүмкін басқа да жағдайларда дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Инсулин дозасының кез келген өзгерістері сақтықпен және медициналық қадағалаумен жүргізілуі тиіс. 2-типті қант диабеті бар пациенттерде препарат монотерапия түрінде де, басқа пероральді гипогликемиялық препараттармен біріктіріп те қолданылуы мүмкін. Пероральді гипогликемиялық препараттарды қабылдайтын 2-типті қант диабеті бар пациенттерде, біріктірілген ем тәулігіне бір рет 10 ӘБ инсулин гларгин дозасымен басталады және әрі қарайғы емдеу сызбасы әркімге жеке түзетіледі. Базальді және прандиальді инсулинді инъекциялауды қамтитын емдеу сызбаларында, базальді инсулиннің қажеттілігін қанағаттандыру үшін әдетте инсулин гларгин инсулиннің тәуліктік дозасының 40-60% құрайтын дозада енгізіледі. РинГлар® препараты диабеттік кетоацидозды емдеу үшін таңдалатын инсулин емес. Мұндай жағдайларда қысқа әсер ететін инсулинді вена ішіне енгізу ұсынылады. Қант диабеті бар барлық пациенттерде қандағы глюкоза концентрациясына мониторинг ұсынылады. Басқа инсулиндермен емдеуден РинГлар® препаратына ауысу Пациентті әсер ету ұзақтығы орташа немесе ұзақ әсер ететін инсулинді қолданып емдеу сызбасынан РинГлар® препаратын қолданып емдеу сызбасына ауыстырған кезде, базальді инсулиннің дозасын өзгерту және диабетке қарсы бір мезгілде жүргізілетін емді түзету (қысқа әсерлі немесе ультрақысқа әсерлі қосымша инсулиндердің дозасы мен енгізу уақытын, немесе қант төмендететін пероральді дәрілік заттардың дозаларын өзгерту) қажет етілуі мүмкін. Пациенттерді базальді инсулин-Хагедорн бейтарап протаминді (ХБП-инсулин) тәулік бойы екі рет енгізуден РинГлар® препаратын тәулік бойы бір рет енгізуге ауыстырғанда, түнгі немесе таңғы уақыттағы гипогликемияның даму қаупін төмендету мақсатымен базальді инсулиннің тәуліктік дозасын емдеудің алғашқы апталарында 20-30%-ға төмендеткен жөн. Пациенттерді 300 ӘБ/мл инсулин гларгинді тәулік бойы бір рет енгізуден 100 ӘБ/мл РинГлар® препаратын тәулік бойы бір рет енгізуге ауыстырғанда гипогликемияның даму қаупін төмендету мақсатымен, қолданылуы тоқтатылатын 300 ӘБ/мл инсулин гларгин дозасының 80% құрайтын 100 ӘБ/мл РинГлар® препаратының бастапқы дозасы ұсынылады. Инсулинмен ем режимін өзгерткеннен кейінгі алғашқы апталарда дозаны азайту, ішінара болса да, прандиальді инсулиннің дозасын ұлғайту есебінен компенсациялануға тиіс, содан кейін инсулинмен ем режимі әркімге жеке тәртіппен түзетілуі қажет. РинГлар® препаратына ауысу кезінде және одан кейінгі алғашқы апталарда қатаң гликемиялық бақылау қажет. Метаболизмді бақылаудың жақсаруына және осының нәтижесінде тіндердің инсулинге сезімталдығының жоғарылауына қарай дозаны әрі қарай түзету қажет болуы мүмкін. Инсулиннің жоғары дозаларын қабылдап жүрген пациенттерде, адам инсулиніне антидененің болуына байланысты, РинГлар® препаратымен емдеген кезде инсулин енгізуге жауабы жақсаруы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер (≥65 жас) Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының үдемелі нашарлауы инсулинге қажеттіліктің тұрақты төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Қандағы глюкоза концентрациясына мұқият мониторинг жасау және дозаны жеке таңдау ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер РинГлар® препаратын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болады. Қандағы глюкоза концентрациясына мұқият мониторинг жасау ұсынылады. Шығарылуының баяулауына байланысты инсулин гларгиннің дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер РинГлар® препаратын бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болады. Қандағы глюкоза концентрациясына мұқият мониторинг жасау ұсынылады. Глюконеогенездің төмендеуі және бауырда инсулин гларгин метаболизмінің баяулауы салдарынан дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Балалар РинГлар® препаратын 2 жастағы және одан үлкен балаларға қолдануға болады. Дозалану режимі (дозасы және қолдану уақыты) әркімге жеке белгіленеді. 2 жасқа толмаған балаларда қолданылуы зерттелген жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.