+875 бонус

ИНСУЛИН НОВОРАПИД ФЛЕКСПЕН р-р д/иньекций 100 МЕ/мл 3 мл №5 шпр/ручек

17500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Инсулин аспарт
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Дания
  • Өндіруші: Ново Нордиск А/С
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препарат құрамында белсенді зат - инсулин аспарт*, 100 ӘБ (600 нмоль=3,5 мг), қосымша заттар - мырыш, глицерол, фенол, метакрезол, натрий гидрофосфатының дигидраты, натрий хлориді, 2 М хлорсутек қышқылы (рН үшін), 2 М натрий гидроксиді (рН үшін), инъекцияға арналған су. * Инсулин аспарт рекомбинантты ДНҚ технологиясы бойынша Saccharomyces cerevisiae жасушаларын қолдана отырып алынған. Бір алдын ала толтырылған шприц-қаламда инсулин аспарттың 300 ӘБ баламалы 3 мл ерітінді бар.
Қолданылуы
НовоРапид® ФлексПен® препараты ересек адамдардың, жасөспірімдердің және 1 жасқа толған және одан асқан балалардың қант диабетін емдеу үшін қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық гипогликемия (қандағы қанттың төмен деңгейі) 1 жасқа дейінгі жастағы балалар (пациенттердің бұл тобына клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ).
Дозасы
Дәрігеріңізден немесе медбикеден инсулин дозасы жайында кеңес алыңыз. Дәрігеріңізбен тағайындалғандай түрлі-түсті кодировкасы бар НовоРапид® ФлексПен® препаратын қолданатыныңызға көз жеткізіңіз. Егер дәрігеріңіз Сізді инсулиннің басқа типіне немесе басқа сауда таңбасының препаратына ауыстырса, дәрігеріңіздің дозаны өзгертуі қажет болуы мүмкін. Дәрігеріңізден кеңес алмай, өз бетіңізше инсулинді ауыстыруға болмайды. Гипогликемия қайталануының профилактикасы үшін инъекциядан кейін 10 минут ішінде көмірсуларға бай тамақ ішу ұсынылады. НовоРапид® ФлексПен® препаратын әдетте тікелей ас қабылдау алдында енгізу керек, қажет болғанда НовоРапид® ФлексПен® препаратын ас қабылдаудан кейін жуық арада енгізуге болады. Пациенттердің айрықша топтары Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттердің немесе 65 жастан асқан пациенттердің қанындағы қант деңгейін үнемі бақылап, инсулин аспарт дозасын дәрігеріңізбен жекеше түзету қажет. Балалар Балаларда препараттың тез әсер ете бастауы қажет болған жағдайда, ерігіш адам инсулинінің орнына НовоРапид® ФлексПен® препаратын қолданған дұрыс. Мысалы, балаға инъекция мен ас қабылдау арасындағы қажетті уақыт аралығын сақтау қиын болған жағдайда. Енгізу әдісі және жолы НовоРапид® ФлексПен® препараты тері астына (теріасты) инъекция жасауға немесе үздіксіз тері астына енгізуге арналған инсулиндік инфузиялар (ҮТИИ) жасауға арналған. Инсулиндік сорғымен енгізу медициналық қызметкерлердің толық нұсқау беруін талап етеді. Егер қажет болса, НовоРапид® ФлексПен® препараты дәрігердің немесе басқа медициналық қызметкердің қатаң бақылауымен венаға (вена ішіне) да енгізілуі мүмкін. Инсулинді ешқашан бұлшықетке (бұлшықет ішіне) енгізбеңіз. Терінің ісінуіне немесе домбығуына жол бермеу үшін инъекция енгізу орнын бір аймақ шегінде әрқашан ауыстырып отыру. Өз бетінше инъекция жасау үшін ұсынылатын жерлер мыналар болып табылады: алдыңғы құрсақ қабырғасы (іш); мықынның алдыңғы беті немесе иық. Инсулин алдыңғы құрсақ қабырғасы (іш) аймағына енгізілсе, ол тезірек әсер етеді. Пациентке қандағы қант деңгейін үнемі өлшеу қажет. НовоРапид® ФлексПен® препаратын қалай пайдалану керек НовоРапид® ФлексПен® шприц-қаламын пайдаланар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Шприц-қаламды нұсқаулықта сипатталғандай қолданған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.