+1245 бонус

ИНСУЛИН ЛЕВЕМИР ФлексПен 100 МЕ/мл 3 мл №5 шпр/ручек

9:00-ден кейін қолжетімді
24900 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Инсулин детемир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Дания
  • Өндіруші: Ново Нордиск А/С
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітінді құрамында белсенді зат - инсулин детемир, 100 ӘБ (2400 нмоль), қосымша заттар: мырыш, глицерол, фенол, метакрезол, натрий гидрофосфатының дигидраты, натрий хлориді, хлорсутек қышқылы (рН түзету үшін), натрий гидроксиді (рН түзету үшін), инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Левемир® препараты ересектерде, жасөспірімдерде және 1 жастан асқан және одан үлкен балаларда қант диабетін емдеу үшін қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық; гипогликемия (қандағы қанттың төмен деңгейі); инфузиялық инсулинді помпаларда қолдану.
Дозасы
Пациентке инсулинге деген қажеттілік туралы емдеуші дәрігерімен кеңесу керек. Емдеуші дәрігеріңіздің рұқсатынсыз инсулинді өзгертпеңіз. Емдеуші дәрігеріңіз ұйғарғандай түстік коды бар Левемир® ФлексПен®, пайдаланатыныңызға көз жеткізіңіз және шприц-қаламның жұмысы жөніндегі нұсқауларды мұқият орындаңыз. Дозаңызды емдеуші дәрігеріңіз түзетуі мүмкін, егер: емдеуші дәрігеріңіз Сізді инсулиннің бір түрінен екіншісіне ауыстырса, немесе емдеуші дәрігеріңіз Левемир® препаратымен емге қосымша диабетті емдеуге арналған басқа препаратты тағайындаса. Балалар Левемир® препараты 1 жастан асқан және одан үлкен балалар мен жасөспірімдерде қолданылады. 1 жасқа дейінгі балаларда Левемир® препаратымен емдеу тәжірибесі қазіргі уақытта анықталмаған. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде немесе 65 жастан асқан пациенттерде қандағы қант деңгейін аса мұқият бақылау және Өзіңіздің дәрігеріңіздің ұсыныстарына сәйкес инсулин детемир дозасын жеке түзету керек. Енгізу әдісі мен жолы Левемир® препараты теріасты (тері астына) инъекциясына арналған. Инсулинді ешқашан венаға (вена ішіне) немесе бұлшықетке (бұлшықет ішіне) тікелей енгізбеңіз. Терінің домбығуын немесе ісінуін болдырмау үшін инъекция орындарын бір аймақ шегінде әрқашан ауыстырып отыру керек. Инъекцияға арналған ұсынылатын орындар: жамбастың алдыңғы беті, іштің алдыңғы беті немесе иық. Үнемі қандағы қант деңгейін өлшеп отыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.