+650 бонус

ИНСУЛИН ХУМАЛОГ МИКС 25 100 МЕ/мл 3 мл №5 картриджи

13000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Инсулин Лизпро
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: ООО «Свикс Хэлскеа»
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында белсенді зат – инсулин лизпро, 100 ХБ (3.5 мг баламалы). Хумалог® Микс 25 препаратының құрамында 25% инсулин лизпро ерітіндісі (100 ХБ/мл) және 75 % бейтарап протамин лизпро суспензиясы бар. қосымша заттар – натрий гидрофосфат гептагидраты, глицерин, сұйық фенол, метакрезол, протамин сульфаты, мырыш тотығы, натрий гидроксидінің рН түзетуге арналған 10% ерітіндісі, рН түзетуге арналған 10% хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
глюкозаның қалыпты гомеостазын демеп отыру үшін инсулинмен ем жүргізуді қажет ететін қант диабетінде
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде атап келтірілген қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - гипогликемия.
Дозасы
Хумалог® Микс 25 препаратының дозасын дәрігер пациенттің қажеттіліктеріне сәйкес жекелей белгілейді. Хумалог® Микс 25 препаратын тері астына енгізген кезде әсерінің жылдам басталғаны және препараттың ең жоғарғы белсенділігіне ертерек жеткені байқалады, бұл инъекцияны тура ас ішер алдында жасауға мүмкіндік береді. Хумалог® Микс 25 препаратының компоненті ретіндегі протаминдік инсулин лизпро суспензиясы әсерінің ұзақтығы базальді инсулин НПХ әсерінің ұзақтығына ұқсас. Пациенттердің ерекше топтары - бүйрек жеткіліксіздігі кезінде инсулин қажеттілігі төмендеуі мүмкін; - глюконеогенездің және инсулин тұтынылуының төмендейтіндігіне байланысты, бауыр жеткіліксіздігі кезінде инсулин қажеттілігі төмендеуі мүмкін. Алайда, бауырдың созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде инсулинге резистентіліктің жоғарылауы оның қажеттілігінің артуына алып келуі мүмкін. Кез келген инсулиннің әсер ету уақыты әр түрлі адамдарда және бір адамда әр түрлі уақытта айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Барлық инсулиндер үшін жағдайдағы сияқты, Хумалог® Микс 25 препараты әсерінің ұзақтығы, дозасына, инъекция орнына, қанмен қамтылуына, температура мен дене белсенділігіне тәуелді. Енгізу әдісі және жолы Хумалог® Микс 25 препаратын тура ас ішудің алдында, қажет болса – ас ішкеннен кейін бірден енгізуге болады. Хумалог® Микс 25 препаратын тері астына иыққа, жамбасқа, бөксе аймағына немесе құрсақ қуысының қабырғасына енгізеді. Липодистрофия мен тері амилоидозының даму қаупін азайту үшін инъекция орындарын әрдайым бір аймақ шегінде өзгертіп отыру керек, осылайша бір инъекция орны айына бір реттен артық пайдаланылмау керек. Хумалог® Микс 25 препаратын вена ішіне енгізуге болмайды. Хумалог® Микс 25 препаратын тері астына енгізгенде, инъекция кезінде қантамырға тиіп кетпеу үшін сақтық таныту керек. Иинъекциядан кейін енгізілген орынды уқаламау керек. Пациенттер инъекция жүргізу техникасын үйренуі тиіс. Дозасын дайындау Хумалог® Микс 25 картридждерін тура қолданар алдында екі алақанның арасында оншақты рет домалату және, 180 бұрып оншақты рет, ерітінді біртекті бұлыңғыр сұйықтық немесе сүт түстес түрге енгенге дейін шайқау керек. Аталған шараны ішіндегісі толық араласқанға дейін қайталаңыз. Картридждердің ішінде араластырылуын жеңілдетуге арналған шағын шыны шарик болады. Картридждерді қатты сілкімеу керек, өйткені ол көбік пайда болуына алып келуі, ол дозасының дұрыс алынуына кедергі келтіруі мүмкін. Хумалог® Микс 25 картридждерін бірнеше реттік Лилли шприц-қаламдарымен пайдалану керек. Хумалог® Микс 25 картридждерін басқа шприц-қаламдармен пайдаланбау керек, өйткені басқа шприц-қаламдармен дәл дозаланатындығы анықталмаған. Картриджді толтыруды, инені бекітуді инсулин инъекциясын жүргізген кезде әрбір бөлек шприц-қаламға қатысты нұсқауларды басшылыққа алу қажет. Дозасын енгізу Инъекцияға дайындалу және жүргізу жөніндегі толығырақ ақпаратты шприц-қаламды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан табуға болады. Төменде жалпы сипаттамасы келтірілген. Қолыңызды жуыңыз. Инъекцияға арналған орынды таңдаңыз. Инъекция орнындағы теріні нұсқауларға сәйкес дезинфекциялаңыз. Теріні тартып немесе үлкен етіп жиырып алып, қысып ұстаңыз. Инені енгізіңіз және инъекцияны орындаңыз Инені шығарып алыңыз және инъекция орнын бірнеше секунд бойы басып тұрыңыз. Инъекция орнын ысқыламаңыз. Иненің сыртқы қорғағыш қалпақшасын пайдалана отырып, инені кері бұрап шығарыңыз және оны қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жойыңыз. Препараттың инъекциясы орындарын, бір бөлік айына бір реттен жиі пайдаланылмайтындай етіп кезектестіру қажет. Пайдаланылмаған препаратты немесе шығын материалын жергілікті талаптарға сәйкес жою керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.