+1175 бонус

ИНСУЛИН ХУМАЛОГ 100 МЕ/мл 3 мл №5 картриджей

23500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Инсулин Лизпро
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Элай Лилли Италия С.п.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында белсенді зат – инсулин лизпро, 100 ХБ (3.5 мг баламалы) қосымша заттар: метакрезол, глицерин, мырыш тотығы, натрий гидрофосфат гептагидраты, рН түзету үшін 10 % хлорсутегі қышқылы, рН түзету үшін 10 % натрий гидроксидінің ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
глюкозаның қалыпты гомеостазын ұстап тұру үшін инсулинмен ем жүргізу ұсынылған ересектер мен 2 жастан асқан балалардағы қант диабетінде; бастапқы сатыдағы қант диабетін тұрақтандыру үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - гипогликемия.
Дозасы
Хумалог® препаратының дозасын дәрігер пациенттің жағдайына байланысты белгілейді. Хумалог® препаратын тура ас ішудің алдында, қажет болса - ас ішкеннен кейін бірден енгізуге болады. Хумалог® препаратын тері астына енгізген кезде әсерінің жылдам басталғаны және еритін инсулинмен салыстырғанда, белсенділігінің қысқарақ (2-5 сағат) екендігі байқалады. Бұл ерекшелігі Хумалог® препаратын ас ішу уақытына жақындатып қолдануға мүмкіндік береді. Препараттың әсер ету уақыты әр түрлі адамдарда және бір адамда әр түрлі уақытта айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Еритін инсулинмен салыстырғанда, Хумалог® препараты әсерінің жылдамырақ басталуы инъекция орнына байланыссыз сақталады. Құрамында инсулин бар барлық басқа препараттардағы сияқты, Хумалог® препаратының әсер ету ұзақтығы дозасына, инъекция орнына, қанмен қамтылуына, температура мен дене белсенділігіне тәуелді болып табылады. Дәрігердің нұсқауы бойынша, Хумалог® препаратын ұзағырақ әсер ететін инсулинмен немесе сульфонилмочевинаның пероральді туындыларымен біріктіріп пайдалануға болады. Енгізу әдісі және жолы Хумалог® препаратын тері астына иыққа, жамбасқа, бөксе аймағына немесе құрсақ қуысының қабырғасына енгізеді. Липодистрофия мен тері амилоидозының даму қаупін азайту үшін инъекция орындарын әрдайым бір аймақ шегінде өзгертіп отыру керек, осылайша бір инъекция орны айына бір реттен артық пайдаланылмау керек. Хумалог® препаратын тері астына енгізгенде, инъекция кезінде қантамырға тиіп кетпеу үшін сақтық таныту керек. Иинъекциядан кейін енгізілген орынды уқаламау керек. Пациенттерді инъекция жүргізу техникасына үйрету керек. Картридждердегі Хумалог® препараты тек бірнеше рет пайдаланылатын Лилли шприц-қаламдарының, не болмаса картриджбен үйлесімді, инсулиннің теріастылық үздіксіз инфузиясына (ИТҮИ) арналған помпалардың көмегімен жасалатын теріастылық инъекциялар үшін жарамды. Хумалог® картридждерін басқа шприц-қаламдармен пайдаланбау керек, өйткені басқа шприц-қаламдармен дәл дозаланатындығы анықталмаған. Дозасын дайындау Картриджді толтыруды, инені бекітуді инсулин инъекциясын жүргізген кезде әрбір бөлек шприц-қаламға қатысты нұсқауларды басшылыққа алу қажет. Төменде жалпы сипаттамасы келтірілген. Дозасын енгізу Қолыңызды жуыңыз. Инъекцияға арналған орынды таңдаңыз. Инъекция орнындағы теріні нұсқауларға сәйкес дезинфекциялаңыз. Теріні тартып және үлкен етіп жиырып алып, қысып ұстаңыз. Инені енгізіңіз және инъекцияны орындаңыз Инені шығарып алыңыз және инъекция орнын бірнеше секунд бойы басып тұрыңыз. Инъекция орнын ысқыламаңыз. Иненің сыртқы қорғағыш қалпақшасын пайдалана отырып, инені кері бұрап шығарыңыз және оны қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жойыңыз. Препараттың инъекциясы орындарын, бір бөлік айына бір реттен жиі пайдаланылмайтындай етіп кезектестіру қажет. Пайдаланылмаған препаратты немесе шығын материалын жергілікті талаптарға сәйкес жою керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.