+216 бонус

ИНГАВИРИН 60 мг №7 капс Витаглутам

4320 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Имидазолил этанамид пентандиовой кислоты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Валента Фармацевтика ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – имидазолилэтанамид пентандион қышқылы (витаглутам) 100% затқа шаққанда, 60.0 мг, қосымша заттар – лактоза моногидраты, картоп крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), магний стеараты, капсула қабығының құрамы – титанның қостотығы Е171, темірдің сары тотығы бояғышы Е 172, желатин, логотипке арналған сиялар құрамы – шеллак, пропиленгликоль Е1520, титанның қостотығы Е171.
Қолданылуы
7-ден 17 жасқа дейінгі балаларда А және В тұмауы мен басқа жедел респираторлық вирустық инфекцияларды (аденовирустық инфекция, парагрипп, респираторлық-синцитиальді инфекция, риновирусты инфекция) емдеуде. 7-ден 17 жасқа дейінгі балаларда А және В тұмауы мен басқа жедел респираторлық вирустық инфекциялардың профилактикасы.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы жүктілік және бала емізу кезеңі 7 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
7-ден 17 жасқа дейінгі балаларда тұмауды және жедел респираторлық вирустық инфекцияны емдеу үшін 1 капсуладан (60 мг) күніне 1 рет тағайындайды. Препаратты қабылдауды аурудың бірінші симптомдары байқалғанда, ең дұрысы ауру басталғаннан кейін 2 тәуліктен кешіктірмей бастаған дұрыс. Айқын симптомдар кезінде, сондай-ақ қатарлас жүретін аурулар болған кезде (тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесі аурулары, қант диабеті, семіздік), аурудың алғашқы үш күнінде препараттың екі еселенген дозасын қабылдау керек, содан кейін әдеттегі дозада 2-4 күн бойы қабылдауды жалғастыру керек. Тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялар профилактикасы үшін сырқаттанған адамдармен қарым-қатынастан кейін 7-ден 17 жасқа дейінгі балаларға 7 күн бойы күніне 1 рет 1 капсуладан (60 мг) тағайындайды. Егер 5 күн емнен кейін жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет. Препаратты тек нұсқаулықтарда көрсетілген көрсетілімдерге, қолдану тәсіліне және дозаларға сәйкес қолданыңыз. Енгізу әдісі мен жолы Ішке, ас қабылдауға байланыссыз. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Күніне бір рет, бір уақытта қабылдаған дұрыс. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы 5-7 күн (жай-күйінің ауырлығына байланысты).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.