+287 бонус

ИНГАВИРИН 30 мг/мл 90 мл сироп

5750 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Имидазолил этанамид пентандиовой кислоты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Валента Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында белсенді зат – имидазолилэтанамид пентандион қышқылы – 30 мг; қосымша заттар: мальтитол (сұйық мальтитол), глицерол, лимон қышқылы моногидраты, ксантан шайыры, натрий метилпарагидроксибензоаты, алмұрт хош иістендіргіші (дәмді хош иісті заттар, табиғи дәмді хош иісті заттар, пропиленгликоль Е1520, су), тазартылған су.
Қолданылуы
Ересектер мен 3 жастан асқан балаларда А және В тұмауы мен басқа жедел респираторлық вирустық инфекцияларды (аденовирустық инфекция, парагрипп, респираторлық-синцитиальді инфекция, риновирустық инфекция) емдеу және профилактика.
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші затқа немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық Сахараза/изомальтаза тапшылығы, фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы Жүктілік Бала емізу кезеңі 3 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекцияларды емдеу және профилактика үшін ересектерге 90 мг (15 мл) күніне 1 рет, 7 жастан асқан балаларға ‒ 60 мг (10 мл) күніне 1 рет, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ‒ 30 мг (5 мл) күніне 1 рет. Ересектер мен балалар айқын симптомдар кезінде, сондай-ақ қатарлас жүретін аурулар болған кезде (тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесі аурулары, қант диабеті, семіздік), аурудың алғашқы 3 күнінде препараттың екі еселенген дозасын қабылдау керек, содан кейін әдеттегі дозада 2-4 күн бойы қабылдауды жалғастыру керек. Енгізу әдісі мен жолы Ішке. Ас қабылдауға байланыссыз. Өлшеуіш шприцті құтының мойнына нықтап салыңыз. Құтының түбін жоғары қаратыңыз және шәрбатты қажетті белгіге дейін сорып алып, поршеньді төмен қарай баяу тартыңыз. Қолданғаннан кейін шприцті жылы сумен шайыңыз және оны құрғатыңыз. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Күніне бір рет, бір уақытта қабылдаған дұрыс. Ас қабылдауға байланыссыз. Препаратты қабылдауды аурудың бірінші симптомдары байқалғанда, ең дұрысы ауру басталғаннан кейін 2 тәуліктен кешіктірмей бастаған дұрыс. Емдеу ұзақтығы Ересектер мен 7 жастан асқан балаларда тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекцияларды емдеу ұзақтығы 5-7 күн (жай-күйдің ауырлығына байланысты). 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларда тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекцияларды емдеу ұзақтығы 5 күн. Тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялар профилактикасы үшін науқас адамдармен байланыстан кейін ересектер мен 7 жастан асқан балаларға препаратты 7 күн бойы, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 5 күн бойы тағайындайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.