+117 бонус

ИНЕСТОМ р-р д/ин 1мг/5мл №5 амп

2350 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левокарнитин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Греция
  • Өндіруші: Хелп С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат – 200.0 мг левокарнитин, қосымша заттар: 10% хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ересектер мен балаларда, соның ішінде нәрестелер мен сәбилерде карнитиннің бастапқы және қайталама жеткіліксіздігі. Гемодиализдегі пациенттерде карнитиннің қайталама жеткіліксіздігі. Ұзақ уақыт гемодиализдегі пациенттерде карнитиннің қайталама жеткіліксіздігіне күдік келесі жағдайларда туындайды: - диализді жүргізу кезінде бұлшықеттегі күшті персистирлеуші түйілулер және / немесе гипотензиялық эпизодтар; - өмір сапасына айтарлықтай теріс әсер ететін энергия тапшылығы; - бұлшықет әлсіздігі және / немесе миопатия; - кардиопатия; - эритропоэтинмен емдеуге жауап бермейтін немесе эритропоэтиннің жоғары дозаларын талап ететін анемия немесе уремия; - жеткіліксіз тамақтану салдарынан бұлшықет массасының төмендеуі.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық Инфузияға арналған ерітінді түрінде Инестом препараты гипернатриемиясы және гиперволемиясы бар пациенттерге қарсы көрсетілген. Глюкоза еріткіші бар инфузияға арналған ерітінді қант диабеті бар пациенттерге қарсы көрсетілген.
Дозасы
Инестом препаратын баяу (2-3 минут) венаішілік инъекция арқылы енгізеді. Ересектер, балалар, сәбилер және нәрестелер Қан плазмасындағы және несептегі бос және ацильді левокарнитин деңгейін өлшеу арқылы терапияны бақылау ұсынылады. Метаболизмнің туа біткен бұзылуында қолдану Терапия кезінде қан плазмасында да, несепте де карнитин мен ацил-карнитин деңгейін бақылау ұсынылады. Қажетті доза метаболизмнің туа біткен бұзылуының ерекшелігіне және ауру көріністерінің ауырлығына байланысты. Жедел декомпенсация жағдайында ұсынылатын доза 3-4 енгізуде тәулігіне 100 мг/кг дейін құрауы мүмкін. Қажет болса, жоғары дозаларды қолдануға болады, дегенмен жағымсыз әсерлер, атап айтқанда диарея жоғарылауы мүмкін. Гемодиализдегі пациенттерде левокарнитиннің қайталама тапшылығы Терапияны бастар алдында қан плазмасындағы карнитин деңгейін тексерген жөн. Карнитиннің қайталама тапшылығы ацил-карнитиннің қан плазмасындағы бос карнитинге қатынасы 0,4-тен жоғары және/немесе бос карнитиннің концентрациясы 20 мкмоль/л-ден аз болған кезде диагноз қойылады. 20 мг/кг дозасын диализдің әрбір сеансының соңында вена ішіне ағынмен енгізу керек. Жалпы реакцияны қан плазмасындағы ацил-карнитин мен бос карнитин деңгейін мониторингтеу және пациенттің жағдайын бағалау арқылы айқындаған жөн. Бұлшықет тіндері мен кардиомиоциттердегі карнитиннің қалыпқа келуі қан плазмасындағы карнитиннің қалыпты концентрациясына жеткеннен кейін шамамен 3 айдан кейін пайда болады. Егер карнитинді енгізу тоқтатылса, оның деңгейі қайтадан төмендей бастайды. Қайта қанықтыру курсының қажеттілігі қан плазмасындағы карнитинді сандық анықтау арқылы және пациенттің жағдайын бақылау арқылы анықталады. Гемодиализ-демеуші терапия Дәрілік затты енгізудің қаныққан курсынан кейін демеуші дозаны - тәулігіне 1000 мг левокарнитинді ауыз арқылы қолданады. Диализ күні келесі сеанс аяқталғаннан кейін бірден 1000 мг дозада вена ішіне қолданады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.