+289 бонус

ИНЕСТОМ ДЕТСКИЙ р-р д/приема внутрь 20 мл

5790 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левокарнитин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Греция
  • Өндіруші: HELP S.A.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында: белсенді зат - левокарнитин, 300 мг, қосымша заттар: 70% сорбитол ерітіндісі, сахароза, натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий метилпарагидроксибензоаты, концентрацияланған хлорсутек қышқылы, тазартылған су
Қолданылуы
Инестом Балаларға арналған, ішуге арналған ерітінді, 300 мг/мл 12 жасқа дейінгі балаларда, сәбилерде және жаңа туған нәрестелерде карнитиннің бастапқы және салдарлы тапшылығын емдеу үшін көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы бар адамдарға
Дозасы
12 жасқа дейінгі балалар, сәбилер және жаңа туған нәрестелер Емдеу барысында қан плазмасындағы және несептегі бос және ацилденген карнитин деңгейін бақылау ұсынылады. Метаболизмнің туа біткен бұзылуында қолдану Доза метаболизмдік бұзылулардың ауырлығына және емдеу кезеңіндегі препаратқа реакцияға байланысты. Көп жағдайда ішуге ұсынылатын доза 2-4 қабылдауға бөлінген тәулігіне 200 мг/кг құрайды. Егер клиникалық және биохимиялық көрсеткіштер жақсармаса, дозаны қысқа мерзімді негізде арттыруға болады, алайда бұл жағымсыз реакциялардың, әсіресе диареяның даму қаупін арттыруы мүмкін. Тәулігіне 400 мг/кг-ға дейінгі жоғары дозалар жедел метаболизмдік бұзылулардың орнын толтыру үшін ғана көрсетілуі мүмкін. Гемодиализ - демеуші ем Егер левокарнитинді вена ішіне енгізудің бірінші курсы елеулі клиникалық пайда әкелсе, демеуші емді Инестом Балаларға арналған препаратымен, оральді ерітінді, күніне 1 г дозада жүргізу ұсынылады, оны диализдің әрбір сеансынан кейін қабылдау қажет. Балаларға арналған ең жоғары доза диализ сеансынан кейін карнитиннің салдарлы тапшылығы кезінде демеуші ем ретінде пайдаланған кезде күніне 1 г құрайды. Енгізу әдісі мен жолы Тек пероральді қолдануға арналған. Препаратты ішу арқылы қабылдайды, ерітіндіні сұйылтуға немесе сумен немесе жеміс шырынымен сұйылту арқылы ішуге болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.