+15 бонус

ИНДОМЕТАЦИН 25 мг №30 таб

310 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Индометацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: Софарма АО
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетка құрамында белсенді зат: 25 мг индометацин, қосымша заттар: таблетка ядросының құрамы: лактоза моногидраты, бидай крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон К25, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, магний стеараты. ішекте еритін қабық құрамы: метакрил қышқылы – этилакрилат сополимері (1:1) 30% дисперсия (құрғақ түрде); метилакрилат сополимері: метил метакрилат: метакрил қышқылы 30% дисперсия (құрғақ түрде); натрий гидроксиді (құрғақ түрде); полисорбат 80; пигментті суспензия – қоңыр (тальк, триэтилцитрат, титанның қостотығы, темірдің сары тотығы, темірдің қызыл тотығы, пропан-1,2 диол-альгинат, калий сорбаты); триэтил цитраты.
Қолданылуы
Тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенерациялық ауруларындағы жедел және созылмалы ауыруларды қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу: - ревматоидты артрит - жедел және өршу сатысындағы созылмалы шорбуынданатын спондилоартрит (Бехтерев ауруы) - подагра ұстамасы және подагралық артрит Буын айналасы тіндерінің ауруларында: - тендиниттер - бурситтер - тендобурситтер - тендовагиниттер - спортшылардағы жарақаттар.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - демікпелік ұстаманың, есекжем немесе риниттің, мұрын шырышты қабығы полиптерінің клиникалық көрінісімен ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге аса жоғары сезімталдық - бұрын ҚҚСД қолданудан болған асқазан-ішек қан құйылулары немесе тесілулері туралы анамнездегі деректер - белсенді немесе қайталамалы пептидті ойық жара/асқазан мен он екі елі ішектен қан кету (дәлелденген ойық жаралардың немесе қан құйылудың екі немесе одан көп жағдайлары), ойық жаралы колит және/немесе энтероколит, Крон ауруы - жүректің ауыр жеткіліксіздігі, туа біткен жүрек ақаулары - артериялық гипертензия - панкреатит - бауыр және бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - коронарлық шунттау жасау (CABG) барысында операция кезіндегі ауырсынуды емдеу үшін - гемофилия, гипокоагуляция және басқа қан аурулары
Дозасы
Ересектер және 18 жастан асқан жасөспірімдер Бастапқы доза тәулігіне 2-3 рет 25 мг құрайды. Емдік әсері жеткіліксіз болғанда дозаны тәулігіне үш қабылдауға бөлінген 150 мг дейін арттырады. Ең жоғары тәуліктік дозасы 200 мг құрайды. Ұзақ уақыт емдегенде тәуліктік доза 75 мг-ден аспауы тиіс. Подагралық артрит Жедел подагралық ұстаманы басу үшін 100 мг құрайтын бастапқы доза тағайындалады, одан кейін емдеуді ауырсыну азайғанша тәулігіне 3 рет 50 мг дозада жалғастырады. Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттер Жағымсыз әсерлерінің жоғары қаупі бар. Ең төмен тиімді дозасы мүмкін болатын ең қысқа мерзімге ұсынылады. Асқазан-ішек жолынан қан кету мүмкіндігіне қатысты, пациенттерді қадағалау қажет. 18 жасқа толмаған балалар Препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде жеткілікті деректер жоқ екендіктен, индометацин 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға ұсынылмайды. Енгізу әдісі және жолы Tаблетканы тамақтанудан кейін ішке қолданады. Таблетканы жеткілікті су мөлшерімен іше отырып, тұтастай жұтады. Симптомдарды бақылау үшін мүмкін болатын ең төмен тиімді дозаны мүмкін болатын ең қысқа мерзімде қолдана отырып, жағымсыз әсерлер жиілігін азайтуға болады. Емдеу ұзақтығы Ең төмен тиімді доза мүмкін болатын ең қысқа мерзімге ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.