+3053 бонус

ИММУНОГЛОБУЛИН ЧЕЛОВЕКА НОРМАЛЬНЫЙ 1,5 мл №10 амп

9:00-ден кейін қолжетімді
61060 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Иммуноглобулин нормальный человеческий для в/в введения
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: НПО МИКРОГЕН AO
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір дозаның (1,5 мл) құрамында белсенді зат– иммуноглобулин 142,5 мг-ден 157,5 мг дейін қосымша зат - глицин (аминсірке қышқылы) – тұрақтандырғыш ретінде.
Қолданылуы
- А гепатитінің, қызылшаның, көкжөтелдің, менингокктық жұқпаның, полиомиелиттің, тұмаудың алдын алу үшін, гипо-және агаммаглобулинемияны емдеу үшін - жұқпалы аурулардың реконвалесценция кезеңіңде организмнің резистенттілігін арттыру үшін
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық - сыртартқысында адам қаны препараттарын енгізуге ауыр аллергиялық реакциялар - гомологиялық иммуноглобулиндерге жоғары сезімталдық, әсіресе IgA тапшылығы және IgA-ға антиденелер болған жағдайларда - гиперпролинемия Сақтықпен - аллергиялық аурулар (бронх демікпесі, атопиялық дерматит, есекжем)
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Иммуноглобулинді сан бұлшықетінің жоғарғы сыртқы квадрантына немесе санның сыртқы беткейіне бұлшықет ішіне енгізеді. Препаратты көктамыр ішіне енгізуге болмайды! Инъекция жасардың алдында препаратпен ампуланы бөлме температурасында 2 сағат бойы ұстау керек. Иммуноглобулиннің дозасы және оны енгізу жиілігі қолданылуына көрсетіліміне байланысты. А гепатитінің алдын алу. Препаратты мынандай дозада бір рет енгізеді: 1- ден 6 жасқа дейінгі балаларға - 0,75 мл; 7-10 жастағыларға - 1,5 мл; 10 жастан асқандар және ересектерге - 3 мл. А гепатитінің алдын алу қажет болғанда иммуноглобулинді қайталап енгізуді кем дегенде 2 айдан ерте емес уақыт бұрын жүргізу керек. Қызылшаның алдын алу. Препаратты қызылшамен ауырмаған және осы жұқпаға қарсы егілмеген 3 айлық жастағы балаларға аурумен қатынаста болғаннан кейін 6 тәуліктен кешіктірмей бір рет енгізеді. Препараттың балаларға деген дозасын (1,5 немесе 3 мл) баланың денсаулығына, аурумен қатынаста болғаннан кейінгі өткен уақытқа қарап анықтайды. Ересектерге сондай-ақ балаларға егер олар аралас жұқпамен ауырғандармен қатынаста болса, препаратты 3 мл дозада енгізеді. Тұмаудың алдын алу және емдеу. Препаратты мынандай дозаларда бір рет енгізеді: жасы 2-ге дейінгі балаларға -1,5 мл, жасы 2-ден 7 жасқа дейінгілерге - 3 мл, жасы 7-ден асқандарға және ересектерге 4,5-6 мл. Тұмаудың ауыр түрін емдегенде иммуноглобулинді осы дозада қайталап ( 24-48 сағаттан соң) енгізуге болады. Көкжөтелдің алдын алу. Көкжөтелмен ауырмаған және оған қарсы егілмеген (толық егілмегендерге) балаларға аурумен қатынаста болғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек уақыт ішінде, бірақ 3 тәуліктен кейін емес аралықта препаратты 24 сағат аралықпен бір реттік 3 мл дозада екі рет енгізеді. Менингококтық жұқпаның алдын алу. Препаратты жасы 6 айдан 7 жасқа дейінгі балаларға менингококтық жұқпаның жайылған түрімен науқаспен қатынаста болғаннан кейін 7 күннен кешіктірмей 1,5 мл дозада (3 жасқа дейінгі балаларға) және 3 мл дозада (3 жастан асқан балаларға) бір рет енгізеді. Полиомиелиттің алдын алу. Препаратты полиомиелиттік вакцинамен егілмеген немесе толық егілмеген балаларға, полиомиелитпен науқаспен қатынаста болғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек уақыт ішінде 3-6 мл дозада бір рет енгізеді. Балаларда гипо-және агаммаглобулинемияны емдеу. Препаратты дене салмағының әр келісіне 1 мл дозада енгізеді: есептелген дозаны әр 24 сағат аралықпен 2-3 қабылдаумен енгізуге болады. Иммуноглобулинді келесі енгізуді көрсетілімдеріне қарай, кем дегенде 1 айдан ерте емес уақыт ішінде жүргізеді. Ұзаққа созылған жедел жұқпалы аурулардың реконвалесценция кезеңіңде және созылмалы пневмонияда организмнің резистенттілігін арттыру үшін Препаратты дене салмағының әр келісіне 0,15-0,2 мл бір реттік дозада тағайындайды. Егізу жиілігін (4 инъекцияға дейін) емдеуші дәрігер анықтайды, инъекциялар арасындағы үзіліс 2-3 күнді құрайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.