+137 бонус

ИММАРД 200 мг №30 таб

2750 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гидроксихлорохин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Ипка Лабораториз Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - гидроксихлорохин сульфаты 200 мг қосымша заттар: жүгері крахмалы, кальций гидрофосфаты дигидраты, коллоидты кремнийдің қостотығы, полисорбат 80, тальк, магний стеараты үлбірлі қабық: гидроксипропилметилцеллюлоза, тальк, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 6000
Қолданылуы
Ересектер Ревматоидтық артритті, дискоидтық және жүйелі қызыл жегіні және күн сәулесінен болатын немесе өршитін дерматологиялық жай-күйлерді емдеу үшін. Балалар Ювенильді идиопатиялық артритті (емнің басқа түрлерімен біріктірілімде), дискоидтық және жүйелі қызыл жегіні емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- гидроксихлорохинге, 4-аминохинолин қосылыстарына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ретинопатия - қарыншалық аритмиялар, атап айтқанда, torsades de pointe қаупінің артуына байланысты циталопрам, эсциталопрам, гидроксизин, домперидон және пиперахинмен біріктірілімде - жүктілік және бала емізу кезеңі - 12 жасқа дейінгі балалар немесе дене салмағы 31 кг-ден аз балалар
Дозасы
Дозалану режимі Ересектер Ревматоидтық артритті емдеу: · ұстаманың емі ретінде 2-3 қабылдауға күніне 2-3 таблетка. · демеуші ем үшін 1 немесе 2 қабылдауға күніне 1-2 таблетка. Дискоидтық немесе жеделге жуық қызыл жегі: Бастапқыда зақымданулардың жоғалуына дейін күніне 1-2 таблетка (күніне 200-400 мг), олардың санын 1-2 ай өткен соң жақсару болмаған жағдайда күніне 3 таблеткаға (600 мг) дейін арттыруға болады. Ремиссияға жеткеннен кейін дозасы бірнеше ай ішінде күніне 100 мг дейін біртіндеп азайтылады немесе бірнеше жыл бойы аптасына 200-ден 300 мг дейін. Жүйелі жегі қайталануының профилактикасы: Гидроксихлорохин сульфатының таза дене салмағына 6,5 мг/кг-ден аспайтын тәуліктік дозасы, әдетте, жеткілікті болады. Люциттің профилактикасы: Күн көзіне шыққанға дейін 7 күн бұрын бастау, содан соң алғашқы 15 күн бойы жалғастыру үшін күніне 2-3 таблетка (400-600 мг гидроксихлорохин). Балалар Дене салмағына есептеудің негізінде тәулігіне 6,5 мг/кг аспайтын ең төмен тиімді дозасын қолдану керек. Сондықтан 200 мг таблетка дене салмағы 31 кг-ден аз балалар үшін қарсы көрсетілімді. Егде жастағы пациенттер Дозасын түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Ішке қолдануға арналған. Әрбір дозаны тамақтанудан кейін қабылдау немесе бір стақан сүтпен ішу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.