+210 бонус

ИДРИНОЛ 100 мг/мл 5 мл №10 амп

4200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мельдоний
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: РОССИЯ
  • Өндіруші: Сотекс ЗАО ФармФирма
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде белсенді зат — ылғал сіңдірілмеген мельдоний дигидраты — 500 мг (сусыз мельдонийге шаққанда — 401.05 мг), қосымша зат — инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Мельдоний келесі жағдайларда кешенді ем құрамында қолданылады: жүрек және қантамырлар жүйесінің аурулары: тұрақты жүктемелік стенокардия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA I III функционалдық класы), кардиомиопатия, жүрек қызметінің және қантамырлар жүйесінің функционалдық бұзылулары; ми қанайналымының жедел және созылмалы ишемиялық бұзылулары; жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, дене және психоэмоционалдық жүктеме; цереброваскулярлық бұзылудан, бас жарақатынан және энцефалиттен кейінгі сауығу кезеңі.
Қарсы көрсетілімдер
мельдоний дигидратына жоғары сезімталдық қолданудың қауіпсіздігі туралы деректер болмауына байланысты бауырдың және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі жүктілік және лактация кезеңінде, осы кезеңде препаратты клиникалық қолдану туралы деректер болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар, осы кезеңде клиникалық қолдану туралы деректер болмауына байланысты
Дозасы
Қоздырғыш әсерінің даму мүмкіндігіне байланысты препаратты күннің бірінші жартысында қолдану ұсынылады. Жүрек-қантамыр аурулары Кешенді ем құрамында – барлық дозасын бірден қолдана отырып немесе оны 2 енгізуге бөле отырып, вена ішіне 500-1000 мг-ден (5-10 мл вена ішіне және парабульбарлы енгізуге арналған ерітінді 100 мг/мл) енгізеді. Емдеу курсы – 4-6 апта. Қайталанатын курстары (әдетте жылына 2-3 рет) – дәрігердің ұсынымы бойынша. Ми қанайналымының бұзылулары Ми қанайналымы бұзылуының жедел фазасында 10 күн бойы тәулігіне 1 рет 500 мг-ден (5 мл вена ішіне және парабульбарлы енгізуге арналған ерітінді 100 мг/мл) вена ішіне енгізеді. Еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, артық дене жүктемесі (соның ішінде спортшыларда) Ой еңбегі және дене жүктемелерінде (соның ішінде спортшыларда) вена ішіне тәулігіне 1 рет 500 мг-ден (5 мл вена ішіне және парабульбарлы енгізуге арналған ерітінді 100 мг/мл) тағайындайды. Емдеу курсы – 10-14 күн. Созылмалы алкоголизм кезіндегі абстиненция синдромы (спецификалық еммен біріктіріп) Абстиненция синдромы кезінде вена ішіне тәулігіне 2 рет 500 мг (5 мл вена ішіне және парабульбарлы енгізуге арналған ерітінді 100 мг/мл). Емдеу курсы – 10-14 күн. Офтальмопатология (шығу тегі әр түрлі гемофтальм және көздің тор қабығына қан құйылуы, тор қабықтың орталық вена мен оның тармақтарының тромбозы, шығу тегі әр түрлі ретинопатиялар (диабеттік, гипертониялық). Препаратты 10 күн бойы, соның ішінде біріктірілген ем құрамында 50 мг-ден (0,5 мл вена ішіне және парабульбарлы енгізуге арналған ерітінді 100 мг/мл) парабульбарлы енгізеді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.