+65 бонус

ИБУПРОФЕН-ТЕВА 400 мг №20 таблеток

1310 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Merckle GmbH
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат– ибупрофен 400 мг қосымша заттар: модификацияланған жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза, стеарин қышқылы, сусыз коллоидты кремний, таблетканың қабығы: гипромеллоза, Макрогол 8000, титанның қостотығы (Е 171)
Қолданылуы
- ауырсыну синдромын симптоматикалық емдеу: жеңіл және орташа ауырсыну, бас ауыруы, бас сақинасы, етеккір және етеккір алдындағы ауырсыну - ауырсынатын ісіну және бұлшықет және/немесе буын ауыруы кезінде, дегенеративті артриттерде (мысалы, остеоартрит) дене температурасының, ауырудың және қабынудың төмендеуі (мысалы, ревматоидты артрит).
Қарсы көрсетілімдер
- ибупрофенге немесе препараттың құрамына кіретін компоненттердің кез келгеніне жоғары сезімталдық - анамнезде ацетилсалицил қышқылын (салицилаттарды) немесе басқа да ҚҚСП қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакциялардың болуы (бронх демікпесі, бронхтың түйілуі, ринит, риносинусит, мұрынның немесе мұрын қойнауларының қайталанатын полипозы, Квинке ісінуі, есекжем) - АІЖ ағзаларының эрозиялық-ойық жаралы аурулары (соның ішінде асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, Крон ауруы, ойық жаралы колит) немесе ойық жарадан қан кетудің белсенді фазасы немесе оның анамнезде болуы (ойық жара ауруының немесе ойық жарадан қан кетудің екі немесе одан көбірек көріністері) - ҚҚСП қолдану әсерінен өршіген АІЖ жарасынан қан кетудің немесе тесілудің анамнезде болуы - бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі немесе белсенді сатыдағы бауыр ауруы - бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин), расталған гиперкалиемия - жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (Кардиологтардың Нью-Йорк Ассоциациясы жіктемесі бойынша IV класс), аортокоронарлы шунттау жүргізілгеннен кейінгі кезең - цереброваскулярлық немесе басқа да белсенді қан кету орын алған пациенттерге. - гемофилия және қан ұюының басқа бұзылулары (соның ішінде гипокоагуляциялар), геморрагиялық диатездер - қатты сусыздану (құсу, диарея немесе жеткіліксіз сұйықтық ішу салдарынан) - жүктілік (III триместр) - 6 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Жеңіл немесе орташа ауырсыну, температураның жоғарылауы. Препарат тек қысқа мерзімді қолдануға және салмағы ≥ 40 кг (12 жас және одан үлкен) ересектер мен балаларға қолдануға арналған. 200 – 400 мг бір рет немесе күніне 2-3 рет, таблеткаларды қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 6 сағатты құрауы тиіс. Ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг аспауы тиіс. Бас ауыруы, бас сақинасы: 400 мг бір рет, қажет болған жағдайда 400 мг таблеткаларды қабылдау аралығы 6 сағатқа дейін. Дене салмағы ≥ 20 кг ( 6-11 жас) балалар: 200 мг күніне 1-3 рет, қажет болған жағдайда таблеткаларды қабылдау аралығы 6 сағат. Ең жоғары тәуліктік доза 600 мг аспауы тиіс. Салмағы 30-90 кг (10-11 жас) балалар: 200 мг тәулігіне 1-4 рет, қажет болған жағдайда таблеткаларды қабылдау аралығы 6 сағат. Ең жоғары тәуліктік доза 800 мг аспауы тиіс. Ибупрофенді дене салмағы 20 кг аз немесе 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Етеккірлік және етеккір алдындағы ауырсыну Ересектер мен дене салмағы ≥40 кг жасөспірімдер (12 жас және одан үлкен): 200-400 мг тәулігіне 1-3 рет, қажет болған жағдайда 6 сағатқа дейінгі аралықта. Ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг аспауы тиіс. Бұлшықеттік және ревматизмдік ауырулар Ересектер: Ұсынылатын доза бірнеше қабылдауға тәулігіне 1200-1800 мг құрайды. Кейбір пациенттерде күніне 600-1200 мг демеуші дозалар тиімді болуы мүмкін. Жедел және ауыр жағдайларда дозаны 3 немесе 4 қабылдауға ең жоғары 2400 мг дейін (уақытша) арттыруға болады. 15-тен 17 жасқа дейінгі жасөспірім: Ұсынылатын доза салмаққа қарай түзетілуі тиіс: күніне 20 мг/кг бастап ең жоғары 40 мг/кг дене салмағына дейін (күніне ең жоғары 2400 мг) 3-4 қабылдауға. Егер препаратты 2-3 күн бойы қабылдаған кезде симптомдар сақталса немесе күшейсе, емдеуді тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет. Препаратты ұзақ қабылдау қажет болғанда (12- ден 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер үшін - 3 күннен астам, ал ересектер үшін - 10 күннен астам) дәрігерге қаралу қажет. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер ҚҚСП жағымсыз әсерлерге барынша бейім және өлімге әкелуі мүмкін асқазан-ішектен қан кету, ойық жара немесе тесілу қаупі жоғары егде жастағы пациенттерде аса сақтықпен қолданылуы керек. Егер емдеу қажет деп саналса, симптомдарды бақылауға қажетті ең қысқа уақыт ішінде ең төменгі дозаны пайдалану керек. Егер оң нәтижелер байқалмаса немесе жақпаушылық пайда болса, емдеуді үнемі қайта қарау және тоқтату керек. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының жеңіл және орташа төмендеуі бар пациенттерде симптомдарды бақылау және бүйрек функциясын бақылау үшін қажетті ең қысқа уақыт ішінде доза мүмкіндігінше төмен болуы керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының жеңіл және орташа төмендеуі бар пациенттерде симптомдарды бақылау және бауыр функциясын бақылау үшін қажетті ең қысқа уақыт ішінде доза мүмкіндігінше төмен болуы керек. Енгізу әдісі мен жолы Таблетка дұрысы тамақ ішуден кейін стақан сумен ішіп қабылданады. Асқазаны сезімтал пациенттерге ибупрофенді тамақ ішу кезінде қабылдау ұсынылады. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Жағымсыз реакциялардың даму қаупін барынша ең төменге азайту мақсатында ибупрофенді тиімді ең төмен дозада және клиникалық әсерге қол жеткізу үшін қажетті ең жоғары қысқа кезең ішінде қабылдау керек. Асқазаны сезімтал пациенттерге тамақ ішу кезінде Ибупрофен-Тева препаратының қабықпен қапталған 400 мг таблеткаларын қабылдау ұсынылады. Тамақ ішуден кейін бірден Ибупрофен-Тева препаратының қабықпен қапталған 400 мг таблеткаларын қабылдаған кезде препараттың әсерінің басталуы кешігуі мүмкін. Мұндай жағдайда препараттың дозасын ұсынылған дозадан жоғарыға арттырмау керек. Емдеу ұзақтығы Препарат тек қысқа мерзімдік қолдануға арналған. Ересектер осы дәрілік препаратты қызба жағдайында 3 күннен көбірек немесе ауыруын емдеу үшін 4 күннен көбірек қабылдауы қажет болса, сондай-ақ симптомдар өршісе, дәрігерден кеңес алу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.