+70 бонус

ИБУПРОФЕН-ТЕВА 200 мг №20 таб

1400 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Merckle GmbH
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат- ибупрофен 200 мг қосымша заттар: модификацияланған жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза, стеарин қышқылы, сусыз коллоидты кремний, таблетканың қабығы: гипромеллоза, Макрогол 8000, титанның қостотығы (Е 171)
Қолданылуы
4.1 Келесі жағдайларды симптоматикалық емдеу үшін: - бас ауыруы - бас сақинасы - тіс ауыруы - ауыртатын етеккірлер - невралгия - арқаның ауыруы - бұлшықеттік және ревматизмдік ауырулар - тұмауда және суық тию ауруларындағы қызба жағдайлары.
Қарсы көрсетілімдер
- ибупрофенге немесе препараттың құрамына кіретін компоненттердің кез келгеніне жоғары сезімталдық - анамнезде ацетилсалицил қышқылын (салицилаттарды) немесе басқа да ҚҚСП қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакциялардың болуы (бронх демікпесі, бронхтың түйілуі, ринит, риносинусит, мұрынның немесе мұрын қойнауларының қайталанатын полипозы, Квинке ісінуі, есекжем) - АІЖ ағзаларының эрозиялық-ойық жаралы аурулары (соның ішінде асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, Крон ауруы, ойық жаралы колит) немесе ойық жарадан қан кетудің белсенді фазасы немесе оның анамнезде болуы (ойық жара ауруының немесе ойық жарадан қан кетудің екі немесе одан көбірек көріністері) - ҚҚСП қолдану әсерінен өршіген АІЖ жарасынан қан кетудің немесе тесілудің анамнезде болуы - бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі немесе белсенді сатыдағы бауыр ауруы - бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин), расталған гиперкалиемия - жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (Кардиологтардың Нью-Йорк Ассоциациясы жіктемесі бойынша IV класс), аортокоронарлы шунттау жүргізілгеннен кейінгі кезең - цереброваскулярлық немесе басқа да белсенді қан кету орын алған пациенттерге. - жүктілік (III триместр) - 12 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Ибупрофен-Тева препараты ересектер мен дене салмағы кемінде 20 кг балаларда қысқа мерзімді қолдануға арналған. Ересектер және 12 жастан үлкен (дене салмағы ≥ 40 кг) балалар: Бастапқы доза 1-2 таблетканы (200-400 мг ибупрофен) құрайды. Қажет болған кезде препарат 1-2 таблетка дозада (200 - 400 мг ибупрофен) қайталап қабылдануы мүмкін. Дозалану аралығы симптомдардың айқындылығына және ұсынылатын ең жоғары тәуліктік дозаға байланысты. Қабылдау аралығы 400 мг дозада 6 сағаттан аз және 200 мг дозада 4 сағаттан кем болмауы керек. Ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг ибупрофеннен аспауы тиіс. Дене салмағы Таблеткамен бір реттік доза Таблеткамен ең жоғары тәуліктік доза ≥ 40 кг 12 жастан үлкен балалар, ересектер және егде жастағы пациенттер 1 немесе 2 таблетка (200 немесе 400 мг ибупрофен) 6 таблетка (1200 мг ибупрофен) Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балаларға қолдану жөніндегі қосымша ақпаратты жоғарыда берілген кестеден қараңыз. Егде жастағы пациенттер Дозаны қандай да болсын арнайы түзетудің қажеті болмайды. Жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкін екендігіне байланысты егде жастағы пациенттерді мұқият бақылау ұсынылады. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл немесе орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты қолдануға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді, ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Жағымсыз реакциялардың даму қаупін барынша ең төменге азайту мақсатында ибупрофенді тиімді ең төмен дозада және клиникалық әсерге қол жеткізу үшін қажетті ең жоғары қысқа кезең ішінде қабылдау керек. Асқазанның аурулары бар пациенттерге тамақ ішу кезінде Ибупрофен-Тева препаратының қабықпен қапталған 200 мг таблеткаларын қабылдау ұсынылады. Тамақ ішуден кейін бірден Ибупрофен-Тева препаратының қабықпен қапталған 200 мг таблеткаларын қабылдаған кезде препараттың әсерінің басталуы кешігуі мүмкін. Мұндай жағдайда препараттың дозасын ұсынылған дозадан жоғарыға арттырмау керек. Емдеу ұзақтығы Препарат тек қысқа мерзімдік қолдануға арналған. Егер балаларда симптомдар 3 күннен көбірекке сақталса немесе препартты қабылдағаннан кейін 3 күннен соң жағдайдың нашарлағаны байқалса, онда дәрігерден кеңес алу қажет. Егер ересектер осы дәрілік препаратты қызба жағдайында 3 күннен көбірек немесе ауыруын емдеу үшін 4 күннен көбірек қабылдауы қажет болса, сондай-ақ симптомдар өршісе, дәрігерден кеңес алу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.