+18 бонус

ИБУПРОФЕН-АКОС 200 мг № 20 таб

370 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ПАО Синтез
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат: ибупрофен, 200 мг немесе 400 мг; қосымша заттар: коллидон 90 F, микрокристалды целлюлоза, тальк, кросповидон, кальций стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, жүгері крахмалы; қабықтың құрамы: гипромеллоза, тальк, титанның қостотығы Е 171, пропиленгликоль, макрогол-4000.
Қолданылуы
Ересектерде, 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылады. Келесі жағдайлардағы айқындығы жеңіл немесе орташа дәрежелі ауырудың қысқа мерзімді емі үшін қабынуға қарсы, ауырғанды басатын және ыстықты түсіретін дәрі ретінде қолдануға болады: бас ауыруы; бас сақинасы; тіс ауыруы; ауырcынатын етеккір; арқаның ауыруы; невралгия; ревматизмдік ауыру; бұлшықет ауыруы; ауыр емес артрит жағдайлары. ИБУПРОФЕН-АКОС ауыруды басады, қабыну мен температураны төмендетеді, бастың және басқа да ауыруларды жеңілдетеді. Ол суық тию және тұмау симптомдарын жеңілдетеді.
Қарсы көрсетілімдер
Ибупрофенге және препараттың компоненттерінің кез келгеніне, сондай-ақ басқа стероидты емес қабынуға қарсы препараттарға (ҚҚСП) жоғары сезімталдық. Ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП қабылдау түрткі болған анамнездегі аса жоғары сезімталдық реакциялары (атап айтқанда, бронх демікпесі, ринит, Квинке ісінуі немесе есекжем). Асқыну сатысындағы немесе анамнезіндегі ойық жара ауруы/ойық жарадан қан кету (ойық жара ауруының/ойық жарадан қан кетудің екі және одан да көп расталған көріністері және анамнезінде). Асқазан-ішек жолынан қан кету немесе ҚҚСП қолдану түрткі болған немесе анамнездегі перфорация. Айқын сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз тұтыну салдарынан). Гемофилия және қан ұюының басқа да бұзылулары (оның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатездер. Цереброваскулярлық және өзге де қан кетулер. Аортокоронарлық шунттау жүргізгеннен кейінгі кезең. Бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі немесе өршу кезеңіндегі бауыр ауруы. Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі. Гиперкалиемия. Жүрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі (NYHA – Нью-Йорк кардиологтар қауымдастығының жіктемесі бойынша IV класы). Жүктілік (III триместр). 12 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Ең төмен тиімді доза симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде қолданылуы тиіс («Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз); Қысқа мерзімді қолдану кезінде, егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, пациентке дәрігерге қаралуға кеңес беру керек. Бастапқы доза 400 мг құрайды, содан кейін қажет жағдайда төрт сағат сайын 200-ден 400 мг-ға дейін. ИБУПРОФЕН-АКОС, таблеткалар, 200 мг Ересектер 1 таблеткадан (200 мг) тәулігіне 3-4 рет. Ең жоғары тәуліктік доза – 1200 мг (6 таблетка). 24 сағат ішінде 1200 мг (6 таблетка) артық қабылдауға болмайды. 12 жастан асқан балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер 1 таблеткадан (200 мг) тәулігіне 3-4 рет Ең жоғары тәуліктік доза – 800 мг (4 таблетка). 24 сағат ішінде 800 мг (200 мг-ден 4 таблетка) артық қабылдауға болмайды. ИБУПРОФЕН-АКОС, таблеткалар, 400 мг Ересектер 1 таблеткадан (400 мг) тәулігіне 2-3 рет. Ең жоғары тәуліктік доза – 1200 мг (3 таблетка). 24 сағат ішінде 1200 мг (3 таблетка) артық қабылдауға болмайды. 12 жастан асқан балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер 1 таблеткадан (400 мг) тәулігіне 2 рет. Ең жоғары тәуліктік доза – 800 мг (2 таблетка). 24 сағат ішінде 800 мг (400 мг-ден 2 таблетка) артық қабылдауға болмайды. Көрсетілген дозадан асырмау керек! Пациенттердің ерекше топтары Балалар 12 жасқа дейінгі балаларға ИБУПРОФЕН-АКОС препаратын қабылдауға болмайды. Егде жастағы пациенттер Дозаны арнайы түзету қажет емес. Ықтимал жағымсыз құбылыстарға байланысты өте сақтықпен қолданыңыз. Асқазан-ішек жолынан қан кетуді емдеу кезінде мұқият бақылау жүргізу керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бұзылған пациенттер үшін препарат дозасын төмендету талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бұзылғанда дозаны төмендету талап етілмейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.